Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Ата жолынан ғылым-білім үйреніп жатырмын.


Мен көп балалы отбасында шүпірлеген он баланың төртіншісі болып дүниеге келіппін. Əкем мені жақсы көріп, мейіріммен өсірді. Жора-жолдастары да еркелететін.

Бала кезден бойымда бір қасиет барын сезетін едім. Басымнан түрлі оқиғалар өтіп жатты. Өмірдің бейнеті болмай қалған жоқ, өзімнен кейінгі бауырларыма қамқор болдым.

Қазіргі таңда отбасылымын, төрт перзентім бар.

Бір күні марқұм енем: «Ауылға емші қыз келіпті»,- деді.

Емші Гүлжанар Алматы қаласында тұратын өз аулымыздың қызы еді. Енем мені сол қыздың үйіне ертіп апарды.

Барған соң  жанағы қыз тақпақтатып біраз нəрселер айтты. Сөздері көңілімнен шығып, Гүлжанарды Алматыға жол түскен кезде іздеп бардым.

Ордасына кірдім, шыраққа қатыстым, бата алдым. Түркістанға ұлыммен бірге зияратқа да бардым. Ұлымның  ауыратыны бар еді. Түркістанға зиярат етуге екінші рет тағы да жол түсті. Бұл жолы жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрген қызымды апардым. Куйеуім кішкене қарсылық білдірсе де, қаражат тауып берді. Ол кезде мен көп нәрсені түсінбейтінмін. Ауылдан ұзап шықпаған  соң аздап қорқыныш та болды.

Толық оқу…


Ата жолынан іздегенімді таптым


Мен Түркменстанның ауылдық жерінде туып өстім.  Ата-анам төрт түлік мал баққан.  Ауылда аттың, есектің құлағында ойнап өстік. Ауыл нағыз қазақ салтын ұстанатын. Əкем ауылда шебер , өнерлі болған. Жүйрік аттарды баптап бəйгеге қосатын. Əжемнің түс көру жəне жору қасиеті бар еді. Ауыл адамдары келіп, көрген түстерін жорытатын. Сонымен бірге өзінің де көрген түстерін айтып отыратын. Бəріміздің атымызды да түс арқылы, аян алып қойған екен. Əжем бізге батырлар, хандар, əулиелер жайлы түрлі дастан, қисса, ертегілер айтып беретін.

Мен Қазақстанға 2007 жылы келдім.  Жұмысқа тұру өте қиын кезең, үлкен парамен алатын. Жұмысқа кіре алмай жүргенде, Бекет атаға зиярат етіп барып, келсем, келе жұмысқа қабылданғанымды білдім. Еш шығынсыз жұмысқа кіргенім  бір хикметтің бірі шығар деп ойладым.

Өмірде кітапты көп оқыдым, ізденімпаз адаммын.

Ата жолы жайлы, аққу-сұңқар, Орда, шырақ, керуен жайлы мүлдем хабарым болған жоқ. Арыстан баб, Бекет ата, Айша бибі ана зираттарына тəу етіп өз бетімше барғанмын. Ақұл аға жайлы еш жерден естімегенмін.

2017 жылы ютубтан Тоқберген ағаны көрдім. Сол  кезде ғаламтордың поштасымен сөйлесетін едік. 2018 жылы ватсапта Сұқбаттасу тобы ашылып, маған шақыру келді. Сол топта отырып, өте көп мағлұмат алдым, көп нəрсені түсіндім. Ал 2019 жылдың жаз айында Астана қаласына барып, Ордада бірінші рет қамшы алдым.

Намазды 2009 жылдан бастап оқимын. Ал мешіттерге барсам, имамдар арабтың қағидаларын айтып отыратын. Неге бұлар қазақтың салт- дəстүрін, əулиелер , қазақтың жақсыларын əңгіме етіп айтпайды деген іштей қарсылықтар болатын. Бала кезден ата-əжелерімізден əулиелердің кереметтері жайлы қисса, ертегілер тыңдап өстік. Ата жолына келіп, іздегенімді таптым. Игі жақсылар жайлы өте көп мəлімет алудамын.

 

Жолдас Есқуатов Балмұханұлы, Ақтау қаласы.


Ата жолының алғашқы кездерінде


Ата жолы аталған рухани, тылсыммен байланыс орнататын, ата-баба аруақтарының үнін, аманатын естіртетін құбылысты 2006 жылдың жаз айында күйеуімнің  құрдасының  Айкүміс деген келіншегі айтып келді. Өздерінің Түркістан өңіріне зияраттап, көп әулие-әмбиелерді тәу етіп, көптеген ғажап оқиғалардың куәсі болғанын, алған әсерімен бөлісті. Оның сөздері маған таныс көрінді. Өйткені соның алдында осы әулиелер туралы Жас алаш газетінен оқып еліміз қандай керемет киелі деген мақтаныш сезімі болған. Айкүміс Ақұл, мөр ашу, аққу-сұңқар, Орда деген сияқты көп әңгіме айтты.

Бұл құбылыстарды болуға тиісті дүниедей қабылдадым. Өйткені жаратушы тарапынан сондай бір рухани құдайлық жоба түсу тиіс болатын. Сонымен ол құрдасымыз келесі бейсенбіде тағы келіп бізді  шыраққа ордаға алып баратын болып кетті. Солай Ордаға барып, бата тыңдап жүрдік. Батадан керемет әсер алатынбыз. Ол жердің қуатының өзі өзгеше. Адамдар арасында мейірбандық бар. Бата шығарып жүрген аққу-сұңқар болып жүргендерде неше түрлі хикметтер болып жатты. Олардың бір-біріне деген ілтипаттары керемет еді. Өзара ыммен түсінісіп отыратындай. Келген адамдарға да жақсы түсіндіретін. Сол жайлылықтың өзі келушілерге жақсы әсер беретін.

Ордабасы Оралдан келген Гүлмира деген жап-жас қыз екен. Сол кезде жасы 21-22-де болу керек. Бәрі ол қызды қатты сыйлайтын. Гүлмира да ерекше ақылды, байсалды қыз еді.

Орда ұнағасын шырақтан қалмауға тырысатынбыз. Мен бара алмай қалсам да күйеуім қалмайтын.  Тіптен бірде шырақтан шыққан соң ауылға қайтатын көлік болмапты. Әшейінде шұбырып жататын көліктің бірде біреуі тоқтамаған. Сөйтіп 17 шақырым жаяу жүріп үйге жеткені бар.

Кейін аққудың айтуынша  Аталар ниетін сынаған екен. Күйеуім сол сынақтан жақсы өтіпті. Бес атаға да барып келді. Бес атаның ішінде қыз әулие,  бала әулие деген әулиелер бар екен. Сол қыз әулиеден «қызым болса» деп тіледім, батада әулие «тілегімді қабыл қылдым» деп айтты деп келді.

«Осы да қызық, қызы болмай қалады деп қорықты ма екен, одан да басқа зат сұрамай ма? «,- деп іштей ойланып қалдым.

Толық оқу…


Қасиет қысқан күндерде


Жеті жасымда ойнап жүріп құлап, содан қызуым қатты көтеріліп, есімді жимай жан сақтау бөліміне түскенмін. Екі күн өткен соң анамның әпкесі: «Осы қызға, көз тиген шығар емші алып келеміз бе?»- деп ақыл айтып, татар апаны алып келіпті.

Сонымен ол кісі келіп дем салып: «Бұл қызға аруақ қоныпты, мен үйге жеткенше оянса маған алып келіңдер, бір Аллаға мәлім», — деп шығып кетіпті. Содан жарты сағатқа жетпей мен, «мамааа» деп айқай салып оянған екенмін. Сонымен татар апаға апарып дем салдырыпты.

Сөйтіп ол кісі: «Құс келіп, құс қайтқанда дем салдырып тұрыңдар. Қожа Ахмет Яссауи атаның кесенесін жеті рет айналып, жеті метр ақтық жапсын», — деп шығарып салған екен.

Сонымен 2006 жылы мен жолдасыммен Арыстанбабқа, Қарабураға, Укаша атаға ұрпақ тілеп бардым. 2007 жылы 29 сәуірде ұл бала өмірге келді, есімін Ерқанат деп қойдық. Жолдасымның Еркінбек атынан Ер дегенді алып, менің Қарлығаш атымның қанаты болсын деп қойдық. Бірнеше күннен кейін балам таң бозарып атқанша жылайды. Күнде 10-15 минуттан басын шалқайтып жылайтын болды. Мен түсінбеймін.

Ол кезде анам үйдің төртінші қабатында, ал мен үшінші қабатында тұратын едік. Анам да не істерін білмей: «Қой, қызым, үйді тазалап, балаға дем салдырайық. Менің бір таныс адамым бар соны шақырайын»,- деді.

Келесі күні емшіні үйге шақырдық. Менен ши сұрап, мақтамен орап, май жағып ұнның үстіне жеті шиді жақты. Сосын күлін алып, ұнды илеп шелпек пісіріп тарқатып,» әр бейсенбі сайын осылай жағып тұр»,- деді. Үйге зікір салып тазалады. Ол кісінің маған айтқаны: «Сен аянмен жүреді екенсің. Аяның өзіңе жол сілтейді. Балаңның қасиеті бар»,- деді Содан жолдасым үш күн ауырып қалды, ал балам болса жылауын қойды. Сол ауырғаннан жолдасым темекісін қойып кетті.

Толық оқу…


ІІ. Ата жолына қалай келдім.


Менің атым- Гүлмира. Əкемнің аты Қожакелді. 1975 жылдың 10-шы желтоқсанында өмір есігін ашыппын. Анамның  аты — Закира. Мен үйдің ең кішісімін.

Құдай мені намысшыл, ұялшақ етіп жаратқан екен. Ішкі дүниемде кіммен сөйлесемін білмеймін, əйтеуір сөйлесіп жүретінмін.

Менен 6 жас үлкен əпкем бар. 21-жасында қатты ауырып қалды. Үлкен қалада дəрігердің оқуында оқып жүретін. Қалада ит тістеп алыпты, есінен айрылып қалды. Əке-шешем емші-домшы, молдаларға қарата беріп, 6 ай дегенде емдеп , сауықтырып алды. Қырғызстанда 40 жаста Қадіржан деген тəуіпке емделді. Ол кісі əпкеме батасын беріп, емші етіп шығарып салыпты. Қасына серік етіп анамды қосыпты. Əпкем есін жиған соң, емшілік жасамаймын деп, анам ісін жалғастыра берді. Анам ешбір діни қағиданы ұстанған жоқ. Екі туысымның істеп жүрген ісіне ішкі дүнием қарсы болды. Түсінбейтінмін. Жасым 25-ке келе мені аруақ қыса бастады. Мен де де емшілік қабілеттерді сезе бастадым. Түс көрсем, бəрі оңынан келетін болды. Енді өзім қайтсем қабылетімді ашам деп іздене бастадым. Анам мен əпкем сияқты осы дүниенің қызығын таңдамаймын деп шешім қабылдағаныммен, қанша керекті қасиет иесін іздесем де, мүлдем таппадым. Емші, тəуіп, молда, магистр, эзотерик дегендермен оңаша кездесіп, сөйлесе келе олардың істері ұнамайтын.

Тағдырдың айдауымен солтүстікке де қоныс теуіп келдік.

32-33 жасыма қарай, керекті адамды таптым ғой деймін.

Астана қаласы, 2008- дің ақпан айында, жұмыс жайым базарда менің қасыма Бақытжан деген келіншек келіп маған: » Саған айтар сөзім бар», — деді. Сол   Бақытжанның ерекше қасиет иесі екенін жүрегіммен сезіп білдім. Мен оған: » Сен арқалысын ба, неге үндемей жүрсін?»- деп сұрақтың астына алдым. Оның мінезі ауыр еді, жəй ғана «кешке үйге кел, бір жерге апарамын», деді.

Бақытжанның  сенде сөзім бар деген сөзін басқаша түсінсем болады ғой, жоқ маған ғайыптан тура сол қасиет жайлы іс болатынын сездірді.

Толық оқу…


І. Мен Ата жолына қалай келдім?


Бұл жолдың шет жағасын шамамен 2003 жылдарда естідім. Қызылордада ата-енеммен бірге тұратын кезім еді. Бір күні енем екеуміз менің төркініме қонаққа бардық. Сол жақта өзімнен үлкен апам Алматыда аруақтармен сөйлесетін адамдар шығыпты деп айтып отырды. Мен оған онша мән бермедім.

— Екі ортаға телефон орнатып қойған шығар, — дедім әзілдеп. Негізі қазақы ем, құмалақшы дегенге онша қызыға қоймайтын едім.

«Атаң құсап сөйлейсің ау, жынды»,-деп енем күлді. Атам қалжыңдап, күлдіріп сөйлейтін адам еді. Ата жолы туралы бар білгенім осы еді.  Бірақ, бұның Ата жолы деп аталатынын, бабалардың салып өткен даңғыл да қасиетті жол екенін қайдан білейін.

2005 жылы жұмыс барысымен Астанаға көшіп келдік. Бастапқы кезде күйеуімнің нағашыларымен саяжайда үй жалдап тұрдық. Бір күні бірге тұратын абысыным былай деп әңгіме айтты.» Ағам бір жерге барған екен, сол жақтан  Түркістанға барыпты. Арақ ішуге, темекі шегуге болмайды депті. Содан бәрін қойып жақсы болып кетті»,-деді.

— Жақсы болған екен,-дедім де онда да мән бермедім.

2007 жылы астаналық ұлымды босандым. Маған көмектеспекке Қызылордадан артынып-тартынып, қыстың көзі қырауда туған апам мен сіңлім келді. Сол кезде апамның үйден қиналып жүрген кезі еді. Аудан орталығынан қалаға көшіп, қаланың шет жағынан екі бөлмелі үй салып алған. Бірақ, суы өте алыста, баласына мектебі алыс, әрі әні міне бұзылуға (сносқа) кететен жер болды. Қаланың ортасынан сатып алуға қаражат жетпейді. Бірақ, күйеуі, балалары бар, асып таспаса да өзіне шақ дәулеті де бар еді. Маған аруақтармен сөйлесетін адамдар бар екен деп айтқан апам сол еді. Қай жерде құмалақшы, емші бар қалдырмай барып жүретін.

Бір күні: «Осы жақта жақсы білетін құмалақшы бар ма, ана үйіміз қиын болып тұр ғой бізге»,-деді. Сол кезде абысынымның айтқан әңгімесі есіме түсіп кетті.  Абысыныммен хабарласып  менімен бірге тұратын інім екеуін сол жаққа жібердім. Толық дәрет алып қайтадан келіңдер деп айтты деп екінші рет тағы барды. Содан келгесін: «Құмалақшың не деді?,»-деп сұрадам.

«Олар құмалақшы емес екен, тақпақтап, өлеңдетіп түсініксіз тілде сөйлейді, аруақтардың батасын жеткізіп береді екен. Сол жақтағы әйел білмеген ғой деп біреумен өзімен-өзі сөйлесіп тұрды, сосын бізге толық дәреттеріңді алып тағы келіңдер деп жіберді. Екі бөлмелі, бірақ үш бөлме есебі үй аласыңдар деп айтты»,-деді. Расында, Қызылордаға барған соң көп ұзамай апам қайынапасы көмектесіп үй сатып алды. Үйі о бастағы жоба бойынша үш бөлмелі екен, бірақ бір бөлмесінің арасын ашып ас үйге қосып жіберіпті. Міне, Ордадан бата алып кеткен апамның басында осындай хикмет болған.

Толық оқу…


Сүйінші!!!

Ақ сарбас, Ақ сарбас,
Жақсылық болсын тоқталмас.
Бақ құсы қонып қазаққа,
Күш-қуат бітті қанатқа.

Шуақ нұр таң атқанда,
Аруақ үнін қатқанда.
Тылсымнан есік ашқанда,
Бөрікті атқын аспанға.

Әрі қарай