Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Құран жайлы ой толғау…


Бисмилла деп қолға алып,

Қасиетті Құран Кәрімді.

Оң жақтан бастап аударып,

Оқуға бекітіп зейінді.

Назар сал жоғарғы жағына

Белгісі Сүре санына

Әрбір бетте белгі бар

Бекіген аят соңында.

Толық оқу…


Жетімді жылатпағын…


27.10.2019ж. Таңғы зікір.

Ақ ұлдан мөр алған жыл еді,

Хикметке толы кез еді.

Алланың нұрына бөленгенді,

Батамыз сол кезде нық еді.

Бір мысал үйге кірсем,

Күтіп бір қыз отыр екен.

Толық оқу…


Зікірден кейінгі аян-ақпараттар. 21-10-2019ж.


✍️Баспен аяқты тең жылы ұстау бойдағы суықтықпен қаралықтан тазартады. Жүрекке қуат жетеді.

Күміс білезік туйілген тамырларды жазады. Күміс сырға тағылар болса қан басымына оң əсерін береді жіңішкерген мидағы тамырларға қуат беріп дем туседі ойлау қабілеті реттеледі.

Əрқазақтың отбасында ата-бабадан мирас қастерлеп сақтайтын киелі бұйымдар:

Қамшы

Домбыра

Қобыз

Қанжар

Самаурын

Келі

Күбі

Толық оқу…


Алладан келген бұйрығы орындалмай қалмайды.


Алладан келген бұйрығы,

Орындалмай қалмайды.

Қол бастаушы болмаса,

Жол сілтеуші болмайды.

Таңдауын Алла қаласа,

Аруақтар қарап тұрмайды.

Қамыста бұққан жасырын,

Жатқан Сұңқар–Аққуың,

Мойындамас қиянатын қалмайды.

Толық оқу…


Қиямет сыны-зікірден хабарлар. 15-17.07.2019ж.


15.07.2019 жыл. Қыспаққа түсіп адасқан халық безірейді, арты рухани төңкереске соқтырады. Аруақтар сапқа тұрды, ел билігінің шығарған заңдары халық наразылығын туғызып, ел басы пендешілікке салынып, өзін хан тағайындағысы келеді.

Ауыз су тапшылығы болады. Күн қаты ысиды. Елден береке кетеді. Дертіне шипа таба алмай халық дағдарысқа түседі. Ел билік ауыл аймаққа көңіл бөліп, бірақ бірлік жоқ жерде тірлік жоқ. Иманы әлсірген халықтан қайырымы жоқ, бергенің берекеті жоғалады. Ел биліктің шығарған үкімдерінде қайырым болмайды.

Бөлінген ақша қаражаттар құмға сіңген судай қайтарымы да болмайды. Халық ұйқысынан мастықтан ояна алмай, тәубеге келмей, арасына шыққан біліктісінің ісі оңға баспайды. Құдайсыз қурай сынбайды, деген қазақ даналығы осылай көрнісін табады.

Толық оқу…


Тылсымнан хабар. 17.06.2019ж.


Ақшам зікірі

18 мың ғаламды жаратушы бір Алла, қаһарланса тарының қауызына сыйғызар бүтін ғаламды. Бүтін әлем, тау-тас, теңіз-мұхиттар да теңселісте. Адамзатқа олар да қарайлайды. Екі аяқтының күнәсінен су түбіндегі тілсіз балық шошынады. Неге Алла жазасын жібермейді деген сауал бар кей пенде көкіректерінде. Рақым иесі Алла, Алла жолында үн қосқан жер бетінде бір пендесі тұрғанда от апатын жіберуші емес. Күтеді. Болмаса, шыбын жаныңды шырқыратып, уысыңа ұстата салу Раббыңа түк емес. Қу сүйектерді қуартып, оған қайта ет пен тері бітіріп, оны қайта қуартатын күннен сақтаныңдар. Жекелеген қауымдарға әртүрлі ескертулер жіберудеміз.

Жақсылықтың дәнегін көбейтуге ниеттілер тұрғанда, бұл әлемді сақтап қалуға күллі әулие-әмбиелер үн қосты. Бүтін пайғамбарлар қазақ даласына аса таяқтарын тікті. Ол таяқтар қуатты сәулелермен жалғанды.

Толық оқу…


Зікірден хабар. 11 шілде, таң намазы.


Сапқа тұрды аруақтар. Ұрпағы үшін тылсымнан әулие-аналар Аллаға дұға жасауда.
Жарқ-жұрқ еткен қылыштардан от шығады. Темір дулыға, сауыт киген, арқыраған асау ат мінген батыр аталар қара күштермен соғысып жатыр.

Қорқыт ата қолдайды. Зарлаған қобыз үнінен құлақ тұнады. Қорқыт ата қобызымен тылсымнан туған жерімізді аластауда. Қобыз үні арқылы да құдайшылыққа бет бұратындар көбейеді. Бұл үнді кейбір адамдар ести алады.

Құмырсқадай қаптаған қытайдан қорықпаңдар.

Айгүл. Т.


Сүйінші!!!

Ақ сарбас, Ақ сарбас,
Жақсылық болсын тоқталмас.
Бақ құсы қонып қазаққа,
Күш-қуат бітті қанатқа.

Шуақ нұр таң атқанда,
Аруақ үнін қатқанда.
Тылсымнан есік ашқанда,
Бөрікті атқын аспанға.

Әрі қарай