Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Зікірден хабар. 11 шілде, таң намазы.


Сапқа тұрды аруақтар. Ұрпағы үшін тылсымнан әулие-аналар Аллаға дұға жасауда.
Жарқ-жұрқ еткен қылыштардан от шығады. Темір дулыға, сауыт киген, арқыраған асау ат мінген батыр аталар қара күштермен соғысып жатыр.

Қорқыт ата қолдайды. Зарлаған қобыз үнінен құлақ тұнады. Қорқыт ата қобызымен тылсымнан туған жерімізді аластауда. Қобыз үні арқылы да құдайшылыққа бет бұратындар көбейеді. Бұл үнді кейбір адамдар ести алады.

Құмырсқадай қаптаған қытайдан қорықпаңдар.

Айгүл. Т.