Жетімді жылатпағын…


27.10.2019ж. Таңғы зікір.

Ақ ұлдан мөр алған жыл еді,

Хикметке толы кез еді.

Алланың нұрына бөленгенді,

Батамыз сол кезде нық еді.

Бір мысал үйге кірсем,

Күтіп бір қыз отыр екен.

Мені көріп көзінен жас парлады,

Жан ашырын тапқандай менен мына,

Өксігін баса алмай жылағанды.

Япырмау деп ойладым ит қапты ма?

Байлаулы тұрған еді ол орнында.

Соңымнан ере кірді бірнеше адам,

Сөз бастады бір әйел ашулана;

«Ел айналып, моладан да басқадан да,

Келдік енді аруақтан сұрануға»

Айша ана қаталдықпен бата салды,

Тебірентіп ақ қараны ажыратқанды,

Өткен өмір тағдырынан хабар беріп,

Тәубесіне пенделерді шақырғанды.

Ізедеп келген қыз жетім екен,

Нағашы апасы соңынан еріп жүрген.

Ақиреттен анасынан хабар келіп,

Көкейге салды атын үніменен.

Бойыма әруағы келіп еніп кетті.

Өксік болып анасының сөзі шықты.

Құдай ісі хикметінен дерек беріп,

Ақиқатпен айтылған, сөзі мықты.

Мен кеттім, байым басқа қатын алды,

Ошағым оты өшіп сөніп қалды.

Шыққан жерім төркініме аманат боп,

Қос бөбегім өздеріңе қарап қалды.

Жетімдіктің осылай зарын татты,

Қос бөбегім мейрімнен ажырады.

Ұялас бір жатырдан шыққанменен,

Қамқоршы арқа сүйер көрмедім бауырларды.

Жетімдерге бауырлардың тілі тиді.

Ашуменен талай рет қолы тиді.

Сүйреп сабап соншама не болғаны,

Жасқантып, жекіріп беріп зарды.

Қара жерде тып тыныш жатқызбады,

Күйінумен болды шаштың ағарғаны.

Шыдамым бітті таусылды жалбарындым,

Тәубесін келтірші, деп Құдай бауырларды.

Өз балаңдай көрмедіңдер шынарымды,

Бетке басу жетімдігін жаза болды.

Ақ қараны ажыратуға Құдай өзі,

Жеткізген сендерді ертіп шырағымды.

Өлі менен тірінің арасы жалғанғанда,

Құдайдан келген аруақ хабарына.

Мойсұнбай қарсы шықса сыны түсер,

Екі апта уақты берем бауырларға.

Екі апта мезгіл берді өзі Алла,

Кешірімін сұрап мойынсұн аруағына.

Қара жерде жатсамда, көрсететін,

Құдайдың бұл хикметі қазағымда.

Көріп, біліп естимін істің бәрін,

Тәубесізді сұрап қасыма алдырамын.

Кеш болады ажалды оғы атса,

Аманатым сендер осы айтарым.

Қиянатты балаларыма доғарасың,

Қос шынарды от басыңа алдырасың.

Өз балаңдай мейріммен қарап, бағып,

Қамқоршы боп анасын жоқтатпассың.

Ақ батамен ескертуі аруақтың,

Көңілдерін босатты бауырлардың.

Мен де құлап, әл дәрмен кетіп қапты,

Су бүркіп есімді әзер жиып алдым.

Бұндай мысал Құдай көп хикметінен,

Жолында Ата ол кезде өтті бізден.

Жақсылықты серік қосу, деп атаумен,

Надандар Құдай ісін терістеген.

Алланың аяты бар түр, түсіңмен,

Қарсылықпен жараттым елді деген.

Жақсылыққа жарысыңдар өзіңдегі,

Ата бабаң қалдырған діл үнімен.

Жадыра.Т.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *