Зікірден хабар


04.03.2020 Ақшам намазы Т. Б.

Астан улану жөнінде, қазір әйелдеріміздің алақаны уланып кеткен деген уәж айтылды. Соған байланысты сұрақ болды тылсымға: — Ол қалай — деп. Ол қазақ халқының тектілік жүйесімен байланысты, егер қыз бала кезінен етегі жабық, сұқтан қорғанарлық киімі толық болмаса, теріс ақпараттан өрісі, ой-санасы қорғалмаса, бойындағы ата тектен берілген жақсы қасиеттер қарсылыққа түсіп бойына у болып жинала береді де, жатырға, алақанға жиналады. Жатыры қараланған қыздан қағынан жеріген, үлкеннің бетінен алатын тексіз ұрпақ дүниеге келеді. Алақаны у-ға айналған қыз бала кейін тұрмысқа шыққан соң, бойында теріс ақпараттың көбеюінен міндетті түрде ерімен қарсылық көп болады. Және қарсылығы көбейген сайын уы да қарқынданады. Мұндай жағдайда ажырасудың көбеюі болып жатыр. Алақанның уын өлшеуге бола ма? — деген сұраққа улы сәулені рентгенмен өлшеуге болатыны, оның шекті көрсеткіші 9 саны екені, 6-7 қызыл белгі, яғни өте қауіпті, алақан уы бұл көрсеткіште болса, бұндай қолдан ұзақ уақыт ас ішкен адам санасы жабылып ауыр науқасқа ұшырайды, түрлі рак, обыр аурулары болып көрініс береді. Не болмаса ішкіштік түрлі жағдайдағы қараңғылық жамандыққа түсуге себеп болады. Жас балалардың жетесі жоғалып жамандыққа үйір болады. Терісті тез қабылдағыш келеді. Сондықтан қазіргі уақытта жалаңаштыққа үйреніп алған әйел-еркек тарапынан қарсылық болып, неге қыздарымыздың басын жауып, етегін жауып тұмшалау керекпіз деп жатқаны өздеріне қастық, қызының болашағына балта шабу екенін түсінсе. Сұқ көзден қорғану арқылы қыздарымыз өз болашағын сақтай алады, берік отбасын құрып дені сау иманды ұрпақ әкелуіне жасаған амалы болмақ.

8.5.2021.Таңғы зікір. Алған Сарқытжан апа.

Ордаға Асан қайғы ата келді. Батасын берді. Аса таяғымен күллі қазақ елін аластады. «Алланың қазаққа берген жерін мен тірі кезімде уайымдап, армандап кетіп едім. Ұлан байтақ жерді Ұлық Алла қазаққа сыйлық етіп берді. Алланың сыйлығын күшпен ешкім тартып ала алмайды. Бақылап тұрған Иесі бар. Бірақ сол жердің қадірін сол қазақтың өзі білмейді ғой. Әкесінен қалғандай меншіктеп, шешім шығармақшы. Шешім шығарғандар құриды, құрып та жатыр. Ата жолдықтар, сен жерді уайымдама! Сен дұғада бол! Әр қазақ мынау менің жерім деп жүрегімен тебіренсе, арғы жағын Алла өзі реттейді. Дұрыс жүріп, анасындай әлпештесе, қалғаны жүзеге аса жатар. Ең бастысы әр қазақ — «жер менікі» деп тұр, осының өзі керемет. Бұл дегенің — Отанды сүю, Елін сүю. Халық толқыса, хан тағында тұра алмайды. Бұны жоғары жақ қазір өте жақсы түсінді. Халық — орасан күш, халық — қайрат, халық — жігер. Енді бұйдасын ақырын тартады. Алла халықтың тілеуін тілейді. Сен құр айғайламай, еңбек ет. Жерге теріңді сіңір, сонда сенде бәрі болады, менің қара қазағым!», — деп кетті Абыз ата.

9.5.2021. Таңғы зікір. Алған Сарқытжан апа.

Ордаға М.Әуезов келді. Батасын берді. Қаламымен орданы аластады. Қаралықты қаламымен сылып түсірді. Құранда «Қалам» сүресі бар. Алла маған жалған өмірде қолыма қалам ұстатып, сөз зергері етті. Мен сөзбен кестелеп, «Абай жолын» жазып шақтым. Халықтан Аруақ болып кешірім сұраймын. Абайды әлемге ақын, азамат, жомарт, әділ, мұсылман, хаким, аудармашы ғылып танытсам да, шындықты шырылдатып айта алмадым. Кеңестің сол кездегі цензурасынан ондай кітап шықпаушы еді. Ең бастысы-дана Абайды әлемге таныттым. Негізгі мақсат та-осы болатын. Бірақ Абайды таныту арқылы Құнанбай мен оның айналасындағыларды «жауыз» қылдым. Жүрегім қан жыласа да, өтірікті шындай ғылып жазып шықтым. Соның өзінде басым кете жаздап, Алла оңдап, Аруақ Абай қолдап, аман қалдым. Құнанбайлар Аруақ болып, маған дем берді. Халық мұны әлі толық түсінген жоқ. Ата жолдықтар, сендер қазір түсініп жатырсыңдар. Еңбегім еш кетпеді. Аруақ Абай мені қолдады, Алла мені қорғады.-» деп кетті сөз зергері Мұхтар ата.

27.3.2021. Таңғы зікір.

Қара молда Баянбай ата ордасы. Алған Сарқытжан апа.

Ордаға Ванга әжей келді. Батасын берді. Ордадағыларды емдеді. «Сендер қандай бақытты елсіңдер. Мен сендерді аздап қызғанып та қаламын, бірақ жақсылық та, жамандық та Алланың қолында. Біз, Аруақтар, Раббының бұйрығын ғана орындаймыз, жеке уәкілдігіміз де бар. Мен қазір рахаттанып жүрмін, бірақ сендерді ойлап уайымдаймын. Аруақтар сендерді жіті бақылауда. Сендер, Ата жолдықтар, өздеріңді соғыстамыз деп есептеңдер. Соғыстағы адам екі қарап бір шоқиды ғой. Сөз майданында соғысып жатырсыңдар. Іс-әрекетпен соғысып жатырсыңдар. Құр, қияли сөз болмасын. Аруақтан алатын хабар арқылы соғысыңдар. Тоқтамаңдар! Т. Байтасов жынды емес, алжыған да жоқ, тек өте қатты шаршайды. Ол Алланың тапсырмасымен жұмыс істеп жатыр. Сендер оның ауыр жүгін бөлісіңдер. Ол үшін еңбек, тағы да еңбек керек. Мен кейбіреуге көріпкелдік жағынан көмектесемін. Келешекте бүкіл әлем қазақ тілінде сөйлейтін болады. Бұл Аллаға оңай. Қазір бүкіл әлем ағылшын тілінде сөйлесе, келешекте оның орнын қазақ тілі басып алады. Әлем халқы екінші тіл ретінде қазақ тілін оқитын болады. Қазақтың киіз үйінде бұрын құлып салынбаған. Келешекте әлем халқының үйлерінде құлып деген болмайды. Әркім тақуалы, ибалы, шынайы мұсылман болады. Ата жолдықтар, сендер қазір қиыншылықта жүрсіңдер. Бірақ сендер бастаушы болып мәңгі қаласыңдар. Сендердің аттарыңды бүкіл әлем құрметтейтін болады. Ендеше ойлан, тағы да ойлан. Мен тірі кезімде өтірік айтқан жоқпын, ал мен қазір аруақпын, ал олар өтірік айтпайды. Өйткені мен Алланың жанындамын. Мына Сарқытжан басында менен қорқып сенбеген. Ал қазір бірге жұмыс істейміз,» —деп кетті Ванга әжей.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + 2 =