Ақиқат әлемі


Ата жолына 2006 жылдың күзінде қиындық қысып, қыспақтан қажыған, мына өмірден күдер үзе бастаған шақта келдім. Оралман ретінде Ташкенттен көшіп келгенбіз.

Тірліктен мəн кеткен кез. Аянды ерекше көретінмін. Түсініксіз болса да қуанышты еді.

Ауылдағы мешітке барып, құран бағыштатып, садақа салып жүрдім. Бір күні жаны жəннатта болғыр мешіт имамы: «Сен енді мешітке келмей-ақ қой, Сенің орның жоғарыда, дем салдырмай тұр»,- деді. Солай Ордаға жол сілтеді. Ордаға шырақ күні бардым, бірақ түк түсінбедім. Қорқыныш, үрей отырғызбады. Бата шығарды. «Бұхар баба күтіп жатыр» дегені ғана есімде қалды.

Жылды артқа тастап ұмытылған Орданы тағы іздеп бардым. Сөйтіп жүріп үй жанындағы Қаныш атаны таптым! Өмір бойы жүректің іздеген қуатын осы бата арқылы алдым, Күн құрғатпай алты ай бойы шырақтардан қалмадым, аязға қарамай түн демей күн демей Ордаға барып жүрдім. Аруақтар аян арқылы жол көрсетіп жетелей берді.

Әкем 1997 жылы дүние салды. Көзінің тірісінде осы жолдың əліппесін түсіндіріп кеткен екен. Өзі де түсінбеген болса керек, бірақ сөзі де, əңгімесі де əруақ туралы болатын. Бір сөзінде: «Жердің беті əруаққа толады», -дегені бар-ды.

1996 жылы тұрмыстан қиналып жүрген кездері аян көрдім. Абай ата, Ыбырай ата кесенесі қатар тұр. Қара бұлт төбеме тиердей боп үрейден жылап тұрмын. Ақ сұлбада ірі денелі кісі: «Тұр орныңнан! Əне, сенің жолың»,- деп жарықты көрсетті. Ол жарық ұмытылмайтын жарық еді! Таңда тұрып қолға қалай қалам ұстап, қалай жазғаным əлі де жұмбақ секілді.

Түсімде ылғи пайғамбарды көріп жүрдім. Ол көкте, мен жерде тілдестім. Бұл үзілмес түстер болатын. Алла деп айғай салып бірдеңе сұраймын. Арада он жыл өткенде аруақтар мәжбүрлі түрде ақиқат жолына салды. Керуенге барам деймін. Бірақ, ойланып қорқынышқа түсемін. Тағы да сол бабалар белгісін түсінбей қиналамын. Сүйінбай баба жүректен қысқанда найзағай ұрғандай бүрісіп, дем жетпей Аллаға жалынып оянамын. Осылайша не болса да көнем деген ой жеңді.

Кіші керуеннен өттік. Үлкен керуенге тағы «сый» дайындап қойыпты. Келесі аянымда, жар жағасында өзенге түсе жаздап, ағаш тамырына жармаса жылап, еңіреп тұр екенмін. «Иә, Алла! Я пайғамбар! Мұхаммед!» -деп жалына, жалбарына таңды атқыздым. Айтқаныңа көнем, кім бол десең болам деп еңіреп тұрмын. Бұл — адам сенгісіз көрініс еді. Кең көпір жалғанып тұр, теп-тегіс көкмайса, күн жарқырап тұр. «Бара бер», — деді ерекше дауыс. Түркістанға жеттік. Сынақтар ес жиғызды. Өліммен арпалыс өмір сүруге жетеледі. Он бес жыл үздіксіз күресіп келем. Оттан, судан аман өтіп келеміз.

Үш жасымнан бастап əруақ бейнесін, сөзін ұғына бастадым. Адам нанбайтын кереметтер, көріністер, түс-аяндар көрсететін. Əруақ тілін меңгердім десем де болады. Ата келіп сөзбе сөз айтатын, қорқуды білмейтін едім. Сынақ туысқандардан аяусыз келді. Сол сынақтардан да әупірімдеп өттім. Ата жолдың хикмет, кереметі шексіз болды, мəңгілік солай болары да хақ!

Түктібай атамен ашылдым. Ақбура ата жұмбақтап келді. Қайназар атамен сұхбат болды. Әжемнің батасын алдым. Мөрде 500-ден аса кісі болды. Ресей азаматтары да көп еді. Ерекше бір дүниеде жүргендей сезімде жүрдім.

Ақ Ұл ағаның қара терге түскен, даусының қырыл тартқан күйін көргенде, ақиқатқа көз жеткіздім. Жылаған, боздағанды көрдік. Сандырақтаған, қырсықты да көрдік. Екіжүзді атаққұмар , нəпсі жеңгендерді де көрдік. Бабалар қатал да, əділ тəртіп, тəлім-тәрбие үйретті. Алланың құдыретін толық сезіп, сендім!

Бір айда Ысхақ бабтың Ордасын аштық.

Айша ананың сынынан «жұздызды бестік» алып өттім. Халыққа шама-шарқым келгенше ем, шипа жасап қызмет еттім. Əруақтардың о дүниедегі мəртебесін анық аңғардым. Олардың күшін толық мойындадым. Аталар қылыш жүзіне қойып сынады, сындырмай əлпештеді. Ғайып сырын сатылап ашты. Саралап жүрекке сыйдырды! Əруақ əлемінен алған ақпарат –ашылмаған ақиқат, жазылмаған дастан! Аталар мен Аналар Алланың құдіретін жазуға сия жетпес, айтуға ақыл жетпес мұғжиза екенін танытты.

Əруақты құрмет тұтсақ, олар бізді алақанға сап əлпештейтінін көрсетті. Ол-шындық! Алла біздің жан-рухымызды көкте ардақтаса, біз жерде жауапсыз пенде ғана екенбіз! Қасиет ұстамай «қаңғырып» жүргендердің қатарында біз де болар ма едік, егер мыңнан бір ғып таңдау салмаса. Ауыр аманатты ақтай алсаң бақытыңа қарай берері де мол екен.

Ата жолы — айтса, жазса таусылмас ақиқат əлемі екен. Жаппар иеміз осы күнге де амандықпен жеткізді.

Суды берді, тамшы ғана ұрттатты,

Пұлды берді, тиын ғана ұстатты.

Өлдім, өштім дегенде үміт беріп,

Жеңісімді жарығымен ұштапты.

Раймгүл Тойланқызы, Қарағанды қ., 2020ж., жаз айы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *