Талай хикметтердің куәсі болдым


2005 жылы қыркүйек айы еді. Жұмыстан кезекті еңбек демалысымды алып, Көкшетаудың Бурабай деген жеріне Сəкен Сейфуллин атындағы шипажайға бардым. Шипажайға келгеніме үш-төрт күн өткенде асханада таңғы ас кезінде қасыма əжесі, қызы, немересі келді. Таңғы асқа шұжық берілген еді.

Олар: «Бізге мына шұжықты жеуге болмайды»,- деп ысырып қоя салды.

— Неге бұл тағамды жемейсіздер?- деп сұрадым.

Олар әңгімелерін айта бастады:

— Біз шипажайға 10 күннің 5 күніне кешігіп келдік. Себебі Түркістан жақтағы киелі жерлерге керуенмен зияраттап келдік. Біз барған кезде 300- ден астам адам барды. Жан-жақтан тіптен өзге ұлттар да көп болды,- деді.

— Мына балақай түнде кіші дəретін төсекке жіберіп қоя беретін, сол жаққа барып келгелі жақсарды,- деді.

Одан кейін Көкшетаудың табиғатын тамашаладық. Оқжетпес, Жұмбақ тас, Абылай хан бабаның отырған тағына барып суреттерге түстік. Серуендеп жүргенде ешқашанда ауырып көрмеген бас қысымым аяқ астынан көтеріліп, мазасыздана бастадым. Он күнгі демалысымда басымның ауырғаны соншалықты тіптен дəрі-дəрмекке де басылмады.

Сонымен шипажайдағы демалысым аяқталып, ауылға келдім. Еңбек демалысымның аяқталуына əлі де он шақты күн қалған еді. Ақтау қаласындағы əкемнің қарындасының баласы үйленіп құтты болсынға бару үшін жолға шықтым. Атырау-Маңғыстау бағытымен пойызға мініп, вагонға жайғастым. Жолсерік өзімен бірге 25-27 жас шамасындағы əйел мен 5 жасар қызын ертіп алып келді. Жолсерік: «Мына балалы əйелдің орны жоғары болып тұр. Төменге ауыстырасыз ба?»,- деп рұқсат сұрады.

Мен дереу келісімімді бердім.

Олар төменге жайғасты. Содан кейін бір-бірімізбен таныса бастадық. Есімі Гүлшат, қызының есімі Наргиз екен. Әңгімеміз жараса бастады Гүлшаттың басында орамалы болды. Ол өзінің Атырауда тұратын апа- жездесінің үйінен келе жатқандығын айта бастады.

— Денсаулығым төмен, үнемі сырқаттанып қала беремін. Емделмеген, қаралмаған жерім жоқ. Ешқандай нəтиже болмай тіптен жатып қалдым. Сол себептен күйеуім де мені түсінбей тастап кетті,- деп əңгімесін бастады.

— Бірақ, біраз жылдан кейін күйеуім маған оралды. Өзім таң қалып жүрмін,- деп күлімсіреді.

— Қалай қайта бас қостыңыздар?-деп сұрадым.

Маңғыстау еліне Орал өңірінен Гүлмира деген қыз аманатпен келген екен. Бауырларының айтуымен Бекет ата Ордасына қадам басқандығын айтты.

— Ордадан намаз дəрет алуды үйрендім. Жергілікті бес атаға, одан əрі қарай шығыс жаққа, Арыстан бабаға, 41 əулие-əмбиелердің басына керуенмен барғандығын жəне де аққу-сұңқарлар деп аталатын аруақтардың үнін жеткізетін қасиеті ашылған адамдардан баталы болып өзінің бойындағы сырқат белгісі мен өткен- кеткенін, қыспақта жүргенін айтқасын, көзі жеткенін, бойы жеңілденгендігі айтып берді. Сонымен қатар Гүлшаттың өзімен бірге алып жүрген «Ата жолы» журналы бар екен.

Маған: «Оқып танысып көрсейші»,- деп ұсынды.

«Енді Ата жолына қызмет етуің керек»,- деген аруақтың батасымен Ақұл ұстаздан мөр алып, Түктібай атамен ашылып, ауылына келіп Орда ашып аманатты арқалап, халыққа қызмет етіп жүргендігін айтты.

Гүлшатқа батада күйеуінің өзі іздеп келіп қайта бас қосатындығын, ұрпақтары жалғасатындықтарын айтқан екен. Соған көзі жетіп барлығы рет- ретімен орындалыпты. Жолдың ұзақтығынан екеуміз күнімен- түнімен əңгімеміз жарасып, Ата жолы туралы сұқбаттасып отырғанда Маңғыстауға қалай жетіп қалғанымызды байқамай қалдық . Гүлшаттың туған- туыстары мен бауырлары да Ата жолына жетекпен қадам басып, біразы арақ-шараптарынан арылып, Құран бағыштауды үйреніп, отбасыларына береке еніпті.

Пойыздан түсерде бір-біріміздің телефон нөмірлерімізді алысып, вокзал басынан қоштастық. Əрі қарай Ақтау қаласындағы əкемнің қарындасының үйіне қонаққа кетіп қалдым. Ертеңіне маған Гүлшат қоңырау шалып: «Қай жердесің, мен де Ақтау қаласында тұрамын»,- деді.

Мен қайда тұрғанымды айтқанда: «Онда сол үйдің жанында Бекет ата Ордасы бар. Кешегі айтқан Оралдың қызы Гүлмира сол жерде тұрады. Қазір мен сол Ордаға барамын, сен дəретіңді алып келсең болады»,- деп шақырды.

Мен келістім.

***

Сонымен, Бекет ата Ордасына бардым. Алдымнан Гүлшат аққу күтіп алды. Ордаға кірерде басыңа жаулық, ұзын етек көйлек кию керектігін ескертті. Сол жерден жаулық пен ұзын етек киім табылып, соны киіп алдым. Құран тұрған бөлмеде Гүлмира деген аққу қыз отыр екен. Гүлшат оған мені таныстырды. Гүлмира Ата жолын насихаттап барлығын түсіндірді.

— Сіз Атырауда тұрады екенсіз. Сол жақта Балкенже деген аққу аманатпен Айша бибі анамыздың Ордасында қызмет жасап отыр»,- деп мекен-жайды жазып берді.

Үш-төрт күндей Ақтауда болып, ауылыма келдім. Еңбек демалысымның уақыты да аяқталып, жұмысқа шығып кеттім. Көп ұзамай қазан айында жазып алынған мекен-жай бойынша Айша бибі анамыздың Ордасына қадам бастым. Бір таң қалғаным — Орда орналасқан жер менің туған сіңлімнің үйіне жақын болып шықты. Балкенже аққу мені қабылдады. Сырқат белгімді қойып, 14 күн тазару керектігімді түсіндірді. Сіңлімнің үйінен жұмыста жүріп 14 күн Ордаға қатынап, от жəне қамшымен емделдім. Бойым жеңілденіп, өзімді жақсы сезіне бастадым. Шыраққа қатысып, аруақтардан бата алдым. Жергілікті бес атаға зияраттап келдім. Аталар батасында маған: «Арыстан бабаға жол түсті, аттан»,- деп ескерту берді.

Мен еңбек демалысым аяқталып, жұмысқа шығып кеткен болатынмын. Балкенже аққуға:

— Түркістан жаққа зияраттауға бара алмаймын жəне де жолға қаражатым да жоқ,-дедім.

Балкенже:

— Алдымен сіз дəрет алып Алладан тілек тілеп, бес ата, Айша бибі анамыздан қолдау сұрап, 7 шелпек пісіріп құран оқып, шелпектерді таратыңыз. Содан соң жұмыстан сұранып көріңіз бəрі реттеледі уайымдамаңыз, — деді. Балкенженің айтқандарының барлығын орындап, жалақысы сақталмайтын күн сұрап арызымды мекеме басшысына апарып бердім. Басшымыз көп нəрсеге келісе бермейтін қатал, қырсықтау кісі болатын.

Арызымды оқып шығып: «Еңбек демалысынан жақында шықтың ғой»,- деп үндемей қалды.

Мен іштей Құдайға сиынып, аруақтардан қолдау сұрап тұрдым да,- мен зияраттауға тез арада жол жүруім керек,- деп қалай айтқанымды білмей қалдым.

Сол кезде бастығым,-

«Мммм, онда дұрыс екен, жолың болсын»,- деп арызыма қол қойып берді.

Сол кездегі қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес еді. Тіпті көзімнен жас шығып кетті.

Ордаға кірер кірместен:

— Мені жұмыстан босатты, баратын болдым,- дегенімде,- Балкенже күлімсіреп:

«Айттым ғой реттеледі деп, сіз болса қиналадыңыз, жарайсыз»,- деді.

Ал, енді жолға қаражат жоқ, ақша іздестіре бастадым. Арлы-берлі шапқылап жүріп, керуен жүретін күні қаражат таптым.

2005 жылдың 12- ші қараша күні керуенмен жолға шықтым. Жол бойы Алматыға жеткенше басым қысып, қатты ауырып бардым. Содан Арыстан бабадан бастап бес күн керуенмен əулиелерге зияраттадық. Алған баталарымда менің қыспақпен жетекпен келгенімді, өткен- кеткен қиналыстарымды сілкілеп айтып көзімді жеткізді.

— Мойныңда аманатың бар, халықты жетектеп көзін ашарсың,- деп Айша бибі анамыз қорытындылап батасын берді.

Зияраттап болып, ауылға келдім. Үй іші, тума-туыс, ұжымдастардан сынақтар, түсінбеушіліктер басталды.

Батада: «Кірер есік бар да, шығар тесік жоқ. Артқа шегінер жолың жоқ.Таңдау өзіңде, қиналып қалма»,- деген ескертулер болған еді. Содан ешкімнің сөзіне қарамастан Қаскелең жеріндегі Ақ Ұл ұстаздан мөр алуға бардым. 2006 жылы қаңтар айында Сүйінбай атамен ашылып келдім. Алғашқы жетекшім Алматының тұрғыны Əсем апа деген кісі болатын.

Сол кісі: «Енді Балкенженің жетегінде боласың. Қызмет қылып, үш ай Ордада нықталуың керек»,- деп тапсырма берді.

Ордада қызмет жасап біраз жүрдім. 2007 жылы Қарасай бабаға керуенмен шықтым. Абылай хан бабаның отырған тағын көргенімде, 2005 жылы осы жерге келгенім, шипажайдағы серуен кезінде басымның қатты қысып ауырғаны есіме түсіп таң қалдым. Бұның бəрі тектен тек емес тылсым екендігін түсіне бастадым.

***

2011 жылы сәуір айында Маңғыстау еліне келін болдым. 2012 жылы қаңтар айында бата арқылы Айша бибі анамыздың Ордасы ашылды. Ордаға жетекпен қиналып келген, қыспақта жүрген адамдар қадам басып кіші жəне үлкен керуенмен зияраттап қиналыстарынан арылып жақсылыққа жеткендердің саны күннен-күнге көбейе бастады. Солардың көбі ішімдіктерін қойып, намаз оқып, дəрет алып, құран бағыштауды үйренді. Түзу жолға түскен, отбасына береке кірген, бақытты адамдардың саны күннен-күнге арта бастады. Ордаға қадам басқандардың қатарында үлкен қызметте жүрген дөкейлер де болды. Солардың көбісі ең қарапайым дәрет алуды білмейтін еді. Сенбей, күман келтіріп, түсінбей кеткендер де болды. Кейін кеш түсініп, қайта қадам басып тылсымның құдыретіне көздері жетіп жолы болғандар саны жеткілікті еді. Осындай талай хикметтердің куəсі екенімді айта аламын. Осы 13 жылдың ішінде Ата жолының бағытын, тәлім- тəрбиесін меңгеріп, ақ пен қараны айыра білуді үйренгеніме Құдайға шүкір етемін!!! Ата-баба аруақтарына алғысым шексіз!

Айымгүл Социалқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *