Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

300 күнен кейінгі жеңіс, Аруақтар жеңді. Қазақтар тағы да Аруақтарымен мықты екенін дәлелдеді…


Армысыздар, көпшілік!

Бүгінде Ата жолы туралы аз айтылып, жазылып жатқан жоқ. Арнайы ютуб-арнасы тұрақты жұмыс істеп тұр. Кезінде сектаға теңеп, түрі бұрмаланған, тапсырыспен дайындалған ақпараттарды таратып, түймедей қателіктерді түйедей етіп көрсетіп таратқаны бүгінде көпшілікке мәлім.

Сөз ұғатын адамға қосарлы сөздің нені меңзейтіні, Ата және Жол ұғымдарының қосарлана аталуынан-ақ түсінікті. Ата-бабаларымыздың меңгерген ғылымы – Ілім мен Білім ортасымен байланысты екені. Салт-дәстүрдің дінмен байланыса, қабаттаса құбылуынан болған дүние. Тылсым дүниемен, Аруақ ұғымымен тікелей байланысты. Өзіндік тарихы бар, ата-баба ілімімен байланысты.

Ата жолының мақсаты, үкімі – өзіңді таны, түбіңді таны, тегіңді таны, тарихыңды көтер дегені. Кімнен тудың, кім боласың, кім туады (қандай ұрпақ қалады) дегенді түсіндіреді.

Ал, көпшілік, осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2019 жылдың қаңтар айында тылсым төрінен, Аруақтар арқылы Құдайдан, Қытай еліндегі қандастарымызды іздеуге, оларға жол көрсетіп, ата-баба аруақтарынан қолдауына іліндіруге үкім түсті. Ел болып шама-шарқы келгенше Қытай елінде азап көріп отырған қандастарға рухани қолдау көрсету үшін, отбастарында, мешіттерде, киелі орындарда (әулие бастарында) құрбандық шалынуы, Алладан тілек тілеуі қажет, — деген болатын.
Толық оқу…


Тақуалық негіздері


✔Әйелзаты тақуалық құрып тәнін, бойын таза ұстау арқылы жұпар иісінің де үлес салмағы артық болған сайын еріне беретін неке азығы да таза қуатты, ана сүті де құнарлы болады. Қазір заманда жаппай жалаңаштық арсыздықтан адамның жаман иісінен пайда болған иіс-қоңыс шайтан қолына айналып, одан аман қалған кеңістік жоқ деуге болады.

Бірақ «шайтан қолы» қазіргі таңда түрленгені соншалық, енді ондай қара қуатсыз жер тек әулие бастары, киелі орындар болмаса, қалған жердің бәрін тұмшалап тұман болып осындай шайтан қолының жайлап алғаны да даусыз. Өкінішке қарай, қазақ елінде ондай киелі жерлерді де әйелзаттары жалаңаш, жалаңбас, еркек киімімен былғап жатыр. Сондықтан ниеті дұрыс зияраттаған қауымға мұндай жағдайдың әсер беріп, ем-шипа нұрын алуды әлсіретуге масһаб діншілері мен зиялы қауым өкілдері, ел билік те жағдай жасап қойып отыр.

Толық оқу…


Жаулықтың жыры


Топқа қосылып қайтадан шығып кететін кей қыздардың айтатын уәжі мынау: «орамал тағып тұмшаланбасам болмай ма? Онсыз да ашық шашық жүрген жоқпын. «Модница» болып үйреніп қалғанмын ғой» дейді. Бар білгенімді айтып қалай түсіндірсем де болмайды. Сосын «өзіңнің де миың бар ғой, оның да уақыты келер» деуден басқа шара қалмайды.

Өзімнің де мойнымды көрсетпей орамал жабынғаным жақында ғана. Бұрын «келіншек» орамал ғана тартатынмын. Мойын ашық. Енді солай көшеге шықсам үйге келген соң тас төбем аузыма түсердей болып ауырып шат-шәлекейім шығады Жан керек, сосын амал жоқ тұмшалануға тура келеді. Әйтпесе «нәрмәлні адам құсап» жүргім келмейді дейсіз бе? Орамал тағуды да әрең үйрендім-ау. Өзімше болып жібек орамал тартқан күні әй, ит болам ау. Ол құрғыр қайта-қайта сусып түсіп қала береді. Сосын көшенің қақ ортасында тұрып қайта байлап жатқаның. Шаш та жалбырап кетеді ғой осындайда. Бұдан не орамал таққан болды? Сосын қарапайым матадан жасалғанын тауып алдым. Бірақ ол қалыңдау. Есесіне бастан түспейді. Қырық градус шілдеде қыж-қыж қайнап жүресің. Бірақ бас ауруынан айықтым.

Жаулықтың киесін ұқпайтындар одырая қарайды. Қалай қарасаң олай қара деймін. Өзімнің ұпайым түгел. Ел-жұрттың қаралығын жинап алып, шаңырағыма төкпеймін. Асымды арамдап бай, бала-шағамның асқазанын уламаймын. Автобусқа мінсем жұрт орын бере қояды. Жан-жағыма қарасам менен үлкен, шашы селкеу, киімі жабысқан заманауи әжелердің тұрғанын көрем. Жаулығымның киесі ғой десем, күлесіз ба?

Толық оқу…


Ата жолы қазаққа не береді?


Осы күнгі адамдарға, қоғамға қарап отырсақ жоқ іздеген жолаушы тәрізді. Әйтеуір, бірдеңе іздеген пенделер. Өмірден бақыт тапқысы, Алла Тағала берген нығметтің бәрін иеленгісі келеді. Бұл жолда батыстың білімімен қаруланған психологтардың наны жүріп тұр. Рухы аш халық нені де сіміріп алуға дайын. Біреу өмірден мән іздейді, біреу бақыт, енді бірі байлық, бір пенделер берекесі кеткен отбасын сақтап, араққа салынған күйеуін қалай құтқарсам деп жанталасып жатыр. Сан түрлі сұрақтың жауабын іздеген әйелдер әлеуметтік желі арқылы топ құрып білгенін ортаға салып талқылап жатқаны. Иә, әйелдер. Көбіне рухани кемістікті қалай толтырам деп ізденіп жүрген сол әйел қауымы. Сол жоқ іздеген жолаушының бірі мен болдым. Осындай топтарға қосылып біреуден кеңес алдым, біреуге кеңес бердім. Осылай, тырмысып,ізденіп жүріп бір күні Ата жолы тобына қосылдым.

Міне, осы жерден қазынаға жолықтым, бар керегімді таптым. Өмірімде орын алған олқылықтардың орны толды, мазалаған сансыз сұрақтың жауабын күн сайын ұстазымыз Тоқберген ағаның видеосынан тыңдап жатырмын. Нағыз ілім-білімнің қайнар бұлағына тап болдым. Ұстаз бен Айболат ағаның сұхбатынан күнде бір жаңалық ашамын.

Сонымен Ата жолы халыққа не береді деген сұраққа жауап бере кетсем.

Ата жолы қазағым, елім, халқым деген нағыз еңіреген ерлер бас қосқан әлеуметтік топ. Ата жолының мақсаты — Қазақ деген ұлы халықтың ұмытылып кеткен тілін, ділін, дәстүрін, ата дінін жаңғыртып, заманға енгізу. Сол арқылы жаһанданудың аждаһасынан жойылып кетудің сәл ақ алдында тұрған халықты сақтау.

Толық оқу…


Ата жолымен рухани жаңғыру (3)


«…Жаңғырған қоғамның тарихы тереңнен бастау алатын рухани коды болады. Жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу» Н.Назарбаев.

Алайда ол ұлттық код халықтың ділін сақтаумен сақталады, ал ділді үш тілді қылумен не болмаса латынға ауыстырумен сақтау мүмкін емес, керсінше жою ғана. Ол турасында алдыңғы жазбаларда тоқталғанбыз.

«…Халқымыз хасырлар бойы туған жер табиғатын көздің қарашығындай сақтап келді. Өткен ғасыр ортасында млн-даған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Соның кесірінен даланың барлық құнары құрдымға кетті. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» бұл да Елбасы сөзінен алынды.

Бұған қарсы уәжіміз: жердің құнарының кетуін бір кездегі тың игеруден көрудің қажеті шамалы. Жердің құнары ондағы мекен етуші халықтың табаны жерден ажырап, қуат қоса алмауынан, Жер-анамен ана-бала секілді байланысы үзілген соң кетеді. Өйткені, халық жаппай жалаңаш, жалаңаяқ жүріп, тері мен ет арасы құрттап, сасық иістері баурап жерді, суды, ауаны былғап табиғи апатқа әкелді.

Толық оқу…


Ата жолымен рухани жаңғыру (2)


Алдыңғы жазбамызда ел билік тарапынан нұсқау болған жаңғыртуды әліпбиді өзгертуден бастаудың ұлт үшін жасалатын зұлымдық, отырған бұтағыңды кесу екеніне дәлел келтірген болатынбыз.

Жалпы, ұлттың рухани жаңғыруы үшін жаңашылдық енгізу міндетті деп әрекет ету қаншалықты дұрыс?

Рухани құлдыраудың өзі осы әр нәрсені өзімізге теліп, әр елдің элементін ұлтқа әкеп таңудан болып жатқанына да дәлел келтіру керек шығар?! Әр елдің арсыз салтын «өркениет» деп қабылдап, қаңсығын таңсық етіп, төл өркениетімізді жерлеп болған елміз.

Ал, ұлттың өркениеті неден бастау алады?

Ұлттың өркениеті — ұлттың жаны әйел-қыздарымыздың арын қайтарып, жанын тірілтумен қалыптасып бекиді. Әйелінен ұят-ары кеткен ел-өлікке айналған ел. Ендеше, ар-ұят немен келеді, қалай оралтамыз?

Қазір көшеге әйел-қыздарымызды көшеге жартылай жалаңаш күйде жіберіп отырып, қандай да бір ұлттық құндылық, жаңғыру туралы айту еш қисынсыз.

Толық оқу…


Ата жолымен Рухани жаңғыру. (1)


Рухани жаңғырамыз деп елбасымыз үндеу жариялағалы біраз боп қалды. Дегенмен, қазіргі күйімізге қарасақ рухани қаңғыруға түскенімізді көреміз де, енді не болар екенбіз деген сауал есі дұрыстың көкейін жейтін күнге жеттік.

Рухани жаңғырудың алғашқы тапсырмасы қазақ әліпбиін латынға көшіру еді. Неліктен билік латынға құмар бола қалды, деген сауалға үңілсек. Өйткені бұл құдайсыз амал қазақ деген ұлттың соңғы үміті — аруағынан ажыратып, күл талқанын шығаратын амал еді. Және бұл қазақ елінің билеушілерінің, ғалымдарының толықтай құдайсызданып, ібіліске қызметке тұрғанына дәлел болды. Бірақ олар өздері олай ойламайды, әрине. Өздеріне салсаң уәждері бар, олардың түсінігі бойынша латынға көшсек, рухани дамып, заманауи өркендеп, ғылым-білімді қарқынды меңгеріп кетеді екенбіз-міс, тағы бұл үдеріс бізді орыстанудан құтқарып, қазақтығымызды бекітеді-міс.

Ақиқат осылай ма, талқылайық.

Адамзат өмір сүру барысында әртүрлі даму белестерінен, тарихи кезеңдерден өтіп отыруы заңдылық. Қазақ даму тарихында араб графикасын да, латын таңбасын да қолданғаны шындық. Бірақ заманның, білім-ғылымның дамуына орай кериллица таңбасына табан тіреген кезеңдеміз. Кериллицадан бас тартсақ, қазақ боламыз деу нағыз қараңғылық, жанның қапаста өспей қалғанына дәлел. Жалпы, тіл беретін, үн беретін пенде баласына, қала берді ұлтқа, КІМ? Құдай тіл бермесе, мылқау етіп жаратам десе де өз еркінде екенін неге ұмытамыз?

Тіл-ардың үні, таңба-ыдысы. Қазақтың жаны өсіп жетілу барысында аталмыш таңбаларды қолданыстан өткізуі заңдылық. Тіл-жан мен ділдің жетілуіне қарай өседі,байиды, сөздік қоры артады. Үннің, ділдің қуаттылығы дыбыс таңбасымен тікелей байланысты. Керилицадағы 42 таңба бұнымен тоқтамай өсіп, 47 таңбаға жеткенде, Қазақ халқының ділі ең үстем қуатқа ие болу керек-тін. Бірақ қаскөйлер жолын кесуге ыңғайлануда.

Толық оқу…


Қазаққа керек ақиқат


Қазақтың Құдай жолы Кеңес үкіметі кезінде де болды, құпия ұстаушылар білдірмей ұстады. Көбісі солақай саясат құрбаны болды.Дін сауаты қанмен беріледі, неке дұрыс болу керек. Халық азғындыққа ұшырап, құдайсыздыққа бет алды әсіресе Қазақстан егемендік алғаннан бері. Өзге түрлі ағымдар келіп, қазақы салт дәстүрлі дінімізді жоққа шығарумен қазіргі мазхаб та тер төгуде.

Аяқ асты болды пұт парастардың дініне теңеліп. Совет үкіметі құлап халық ала сапыран кез болды, дін түгіл бас қайғы болып, ертеңгі күнімізді қалай көремізді уайымдап кеттік. Үкіметтің сырттан әкелген діншілері бар, басқа ұлықсатсыз жүргендері бар, бас қатырарлар көбейді мен білем маған еріңдер, дегендер. Әулиемін деген емшілер шығып, халықты ағартып емдеп жүрді.

Толық оқу…


Қазақта бар Қасиет!


1-ші жазба.

☘️Қасиет пен тылсымға толы мына бір Қазақ дейтін ұлттың тарихы терең. Талай батыр да, би де, ақыны мен абызы, пірі мен сопысы, əулиесі де жетіп жатыр. Сол ата-бабалардың басып өткен ізін, салт-дəстүрін, керемет қасиеттерін, ұстанымы мен ұранын, болашақ ұрпағына қалдырып кеткен қағида жазбаларын, аңыз-əңгімелерін, ұрпағының болашағы үшін елін, жерін қорғауда талай қыйында қатал кезеңдерді бастан кешірген ата-бабаларымыздың тарихын оқып зерттеп, өзіне ұрпақтың борышы, деген қазақ баласы жоқтың қасы болып тур.

Əр турлі діни ағымдарға кіріп кетіп өздеріндегі бар қасиетіне құрт тусіріп жатқан жастарымызға жаным ашиды. Керісінше шет елге еліктеп жалаңбас, жалаңбұт ашық-шашық журген ұл-қыздарымыз ше? Арапқа еліктеп өз тілін ұмытып, арапша сөздіктерге өтіп жатқаны талай. Немене сонда қазақша дұға тілегіңді Жаратқан иең түсінбей қала ма? Ұлттың, Тілдің бəрі Құдайдікі екенін ұмытпау керек!

Амалың дұрыс болмаса ішіңде ібіліс деген сұржылан билеп тұрғанда дұғаң жетпес Аллаға! Он сегіз мың ғаламның иесі — Алла əр пенденің дұға-тілегін тілемей-ақ біліп тұрғой! Бірақ сол өзіңдегі 12 мүшеңмен 62 тамырыңды билеп алған ібіліс күнəға батырып ауыртпалық, қаралықтан маңдай көзіңді ашқызбай қойған. Осыдан арылмай Құдай иеңе қалай адал құл боласын.

Толық оқу…