Ата жолымен Рухани жаңғыру. (1)


Рухани жаңғырамыз деп елбасымыз үндеу жариялағалы біраз боп қалды. Дегенмен, қазіргі күйімізге қарасақ рухани қаңғыруға түскенімізді көреміз де, енді не болар екенбіз деген сауал есі дұрыстың көкейін жейтін күнге жеттік.

Рухани жаңғырудың алғашқы тапсырмасы қазақ әліпбиін латынға көшіру еді. Неліктен билік латынға құмар бола қалды, деген сауалға үңілсек. Өйткені бұл құдайсыз амал қазақ деген ұлттың соңғы үміті — аруағынан ажыратып, күл талқанын шығаратын амал еді. Және бұл қазақ елінің билеушілерінің, ғалымдарының толықтай құдайсызданып, ібіліске қызметке тұрғанына дәлел болды. Бірақ олар өздері олай ойламайды, әрине. Өздеріне салсаң уәждері бар, олардың түсінігі бойынша латынға көшсек, рухани дамып, заманауи өркендеп, ғылым-білімді қарқынды меңгеріп кетеді екенбіз-міс, тағы бұл үдеріс бізді орыстанудан құтқарып, қазақтығымызды бекітеді-міс.

Ақиқат осылай ма, талқылайық.

Адамзат өмір сүру барысында әртүрлі даму белестерінен, тарихи кезеңдерден өтіп отыруы заңдылық. Қазақ даму тарихында араб графикасын да, латын таңбасын да қолданғаны шындық. Бірақ заманның, білім-ғылымның дамуына орай кериллица таңбасына табан тіреген кезеңдеміз. Кериллицадан бас тартсақ, қазақ боламыз деу нағыз қараңғылық, жанның қапаста өспей қалғанына дәлел. Жалпы, тіл беретін, үн беретін пенде баласына, қала берді ұлтқа, КІМ? Құдай тіл бермесе, мылқау етіп жаратам десе де өз еркінде екенін неге ұмытамыз?

Тіл-ардың үні, таңба-ыдысы. Қазақтың жаны өсіп жетілу барысында аталмыш таңбаларды қолданыстан өткізуі заңдылық. Тіл-жан мен ділдің жетілуіне қарай өседі,байиды, сөздік қоры артады. Үннің, ділдің қуаттылығы дыбыс таңбасымен тікелей байланысты. Керилицадағы 42 таңба бұнымен тоқтамай өсіп, 47 таңбаға жеткенде, Қазақ халқының ділі ең үстем қуатқа ие болу керек-тін. Бірақ қаскөйлер жолын кесуге ыңғайлануда.

Қазақтың сөзі ұзын, ділі қуатты. Ғасырлар бойы қалыптасты. Өйткені осыған дейін ақымақ басшы мен надан ғалымдар шықпапты қазақтан, қолдан таңбасын қысқартып, табиғи жетілудің желкесін қиюға құлшынып отырған. Табиғи заңдылықпен, тарихи кезеңдерден өтумен өсіп-жетіліп, осы күнге жетті. Жетілдіру, өсіру құдайдан болды, әсіресе білімі жетілмей, жаны әлсірей бастаған тұста орысқа өтсе, ол да құдай ісі, ол үшін орысты жек көріп, басыңа келген жамандықты өзіңдей пендеден, ұлттан көруің құдайсыздығың. Жақсылығын көрмей, жамандығын алсаң, оған өзің кінәлісің. Қазақта да жетеді жаманы, қазақ кемшіліксіз болса, Абайды түңілтер ме еді?

Сонымен, орыс халқы қазақты әлемге жалғаған терезе болды, әлемнің білім -ғылым- өнеріне орыс арқылы жалғандық. Дәлірек айтқанда, құдай жалғады, орысты қазаққа сүзгі қылумен. Қазақтың ғұлама ойшылдары орыс ақын жазушыларына жалғанып, арада рухани көпір салынды. Кер таңбасын орыс қазақтан бұрын меңгеріп, қолданысқа енгізген. Бірақ бұл ол таңбаның орыстікі екеніне дәлел емес, оны өздері де мойындайды.

Кериллица таңбасының тарихы тереңде, Осман империясының 550 жылдардан бастау алады. Кер бабамен байланысты екені бізге мәлім. Оған дәлел Отырар кітапханасында. Ол да уақытымен ашылатын, халық игілігіне ұсынылатын қазына. Одан басқа Петербор және Түркия елі кітапханасында бұған дәлелдер бар екені бізге мәлім.

Кериллицада 42 таңбамен үн ұзарып, халықтың ділдік қуатының өскеніне дәлел бола алады. Және онда ақымақтар ғана көре алмайтын, көрсе де байыбына бармайтын құдай жан беріп енгізген -ә, -ө, -і, -ы, -ң, -ғ, -ү, -ұ,-қ, -һ, -ғ — таңбалары бар. Әлде оны да орыстар енгізді ме екен?

Бірақ жаны өліп, мәңгүрттенген билік пен құдайсыз ғалымдарымыз өздері құдай болып, қолдан таңба жасап, оған жан бітірмекші болып жанталасып жатыр. Енді осылай құдайға қарсылық көрсетіп, «рухани жаңғырмақшы» болып жатқан елге Құдай қайдан береке дарытып, тыныш қойсын.

Латын тілін өлі тіл деп бекер атаймыз ба, құдай өлтірген тілге жан беріп, қолдан таңба жасап, санаулы уақытта сенсация жасап, рухани жаңғырмақ болған біздің ессіз билік пен жалған ғалымдар келешек алдында өздерін мазақтан қалай құтқарар екен. «Есің барда елің тап» дегендей соған жеткізбей тоқтатқаны дұрыс, бұл масқараны. Өйткені таңба түсіру, таңбаға үн беру, жан беріп сөзге айналдыру — Құдайдан. Ондай құдірет өз бастарын, өз әулетін, өз қауымын бақытсыздықтан құтқарып, түзей алмай жүрген құдайсыз, имансыз басшылар мен залым ғалымдарға бұйырмаған.

Жалғасы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *