Қазаққа керек ақиқат


Қазақтың Құдай жолы Кеңес үкіметі кезінде де болды, құпия ұстаушылар білдірмей ұстады. Көбісі солақай саясат құрбаны болды.Дін сауаты қанмен беріледі, неке дұрыс болу керек. Халық азғындыққа ұшырап, құдайсыздыққа бет алды әсіресе Қазақстан егемендік алғаннан бері. Өзге түрлі ағымдар келіп, қазақы салт дәстүрлі дінімізді жоққа шығарумен қазіргі мазхаб та тер төгуде.

Аяқ асты болды пұт парастардың дініне теңеліп. Совет үкіметі құлап халық ала сапыран кез болды, дін түгіл бас қайғы болып, ертеңгі күнімізді қалай көремізді уайымдап кеттік. Үкіметтің сырттан әкелген діншілері бар, басқа ұлықсатсыз жүргендері бар, бас қатырарлар көбейді мен білем маған еріңдер, дегендер. Әулиемін деген емшілер шығып, халықты ағартып емдеп жүрді.

Сол жылдарда Ақ ұл — Қыдыралы деген келді, оны бірі білсе, бірі білмейді. Ол кезде жаппай ем іздеп, бағының ашылуын іздеп, бақсы-бәлгер жағалаушылар көбейген. Қыдырәлі марқұм жүрек көзін ашатын мұғжизамен келген, барғандар бақтары ашылып, жүрек көздері ашылды. Халық қаңырап тұрған мазарларға жан бітіріп, зияраттай бастады. Аққу, Сұңқарлар пайда болды. Бұл атаулар пайғамбарлық қасиетпен байланысты, мағрипаттан хабар бергендерге қойылған атаулар еді.

Алайда, ол кезде, қазірде халық шариғаттан мақұрым болды. Көбісі жағдайлары түзелген соң дүниеге сатылып кетті. Соған орай Ата жолы үкімет тарапынан сынға ілінді. Бұларды діндарлар жамандап Аллаға серік қосып жүр деп, үкімет тарапынан қудаланып бір қатары сотталды. Арты Қыдырәлі ағамыз дүнеден озып тоқтады.

Бұрын кәсіп қылып осы жолды, зияраттатып күн көргендер әлі келеді үйреншікті жолымен. Құдайдан байланыс тоқтап қалса да қояр емес, бұзаусыз сиыр сауғандай. Қазір сол кезден бастап ата жолы өз бетінше ізденіп, зерттеп бастаған Тоқберген Байтасов Кескірұлы Ата жолды тақуалықпен құлатпай жалғастырып келеді. Бұрынғы белгілі нағыз осы қалай деген Аққу, Сұңқарлар тақуалық сақтамай, арам ас ішіп, киімдерін дұрыс жабық кимей, өздеріне келетін дерек көздері жабылып дұрыс бата шығара алмайтын күйге келген. Сонда да өз жұмыстарын жалғастырып адамдарды зияраттатуда.

Тоқберген Кескірұлының жетелеуімен шағын топ құдайдан хабар алып, Ата жолының мақсаттарын жүзеге асырып жүрген жайлары бар. Тақуалықтарын сақтап, толық жамылып, адал ас ішіп, қамшымен ақталып, маңдай көздері ашылып, құдайдан аян алуда. Жеті ата аруақтарға құран бағыштатып жетемен жалғануда.

Ата жолы — Құдай жолы, ақбақсылық нығметті оралту. Көзі бар, көріпкел дін. Исламның негізгі діні, осы — сопылық жол. Дін қарақшылары негізгі аруақты дін жолын құлатқан, бұл жол жеті алашта сақталған. Бұрынғы өткен әулиелердің, Қожа Ахмет Яссауй бабамыздың жолын, жазғандарын нұсқауға алған ата дініміз осы. Құранда Құдай тағала «діндеріңді толықтырдым» бұдан артық сұрамаңдар деп, ал молдалар бұған ашуланады. Енді құдай бізбен сөйлеспейді, деп құран аяттарына ашық қарсы шығуда.

Құранда: «біз сендермен бір перде артынан, көкейге салып сөйлесеміз» деп ашық көрсетілген. «Оларға өліктерді сөйлетсек те, олар нанушы емес», деп те ескертеді. Егер дін заманыңа сәйкес жөн жоба көрсете алмаса, жаныңа қуат қоса алмаса, ол дін емес. Заманның азуына тосқауыл бола алмаса, дүмше молданы көбейтіп, мешіт сала бергеннен де пайда болып жатырған жоқ. Заманның азуы тоқтап жатқан жоқ, одан керісінше халық та, үкімет те рухани тығырыққа тірелді. Әркім өз қауымын түзетпейінше, Алла оны түзетуші емес. Әр кімнің өз кітабы бар соған жалғану керек. Таза ақылдан хабар алып, өзіңді өзгені түзеуге болады. Қазақ жерінде 136 нұр ошақ көздері бар, сол нұрдың көзін ашу керек. Әркім колынан келгенше көмек садақасын беріп. Нұр ошақтардың көзі ашыла бастаса, қазақ жері әлемге танылады. Ұрпағымыздың амандығы үшін, Ел билік бар, қазақтар болып осы шараны қолға алып, жүзеге асыруға атсалысса. Харамнан жиған мал мүлікті құдай қайтарады, мүлік Алланыкі оны қалаған құлдарына береді. Зекетпен малдарыңды тазартып отырыңдар, деген. Алланың қайыр берекесі халқымызға болсын, ұлт жанды болайық ағайын!

Жазған: Қанжарбек Т.Қ 27.07.2019ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *