Ата жолымен рухани жаңғыру (2)


Алдыңғы жазбамызда ел билік тарапынан нұсқау болған жаңғыртуды әліпбиді өзгертуден бастаудың ұлт үшін жасалатын зұлымдық, отырған бұтағыңды кесу екеніне дәлел келтірген болатынбыз.

Жалпы, ұлттың рухани жаңғыруы үшін жаңашылдық енгізу міндетті деп әрекет ету қаншалықты дұрыс?

Рухани құлдыраудың өзі осы әр нәрсені өзімізге теліп, әр елдің элементін ұлтқа әкеп таңудан болып жатқанына да дәлел келтіру керек шығар?! Әр елдің арсыз салтын «өркениет» деп қабылдап, қаңсығын таңсық етіп, төл өркениетімізді жерлеп болған елміз.

Ал, ұлттың өркениеті неден бастау алады?

Ұлттың өркениеті — ұлттың жаны әйел-қыздарымыздың арын қайтарып, жанын тірілтумен қалыптасып бекиді. Әйелінен ұят-ары кеткен ел-өлікке айналған ел. Ендеше, ар-ұят немен келеді, қалай оралтамыз?

Қазір көшеге әйел-қыздарымызды көшеге жартылай жалаңаш күйде жіберіп отырып, қандай да бір ұлттық құндылық, жаңғыру туралы айту еш қисынсыз.

Киім- ардың сауыты. Арын қымтап, қорғай алмаған әйелдің қытығы, қымсынуы, ұяты өледі; ұятпен бірге адами жан өліп хайуандық деңгейдегі жанмен өмір сүріп жатыр. Жалаңбас шайтан кейіптегі, қысқа, тар етек, қысқа жең, ашық төс, жалаңаяқ жүрген көше тұрмақ, билікте осы кейіпте елге ақыл айтып, жөн көрсетуге тұрғандарды қайтерсің.

Сонда ол арсыздар өзіндегі ар-ұяты өлі бола тұрып, қандай әділ шешім шығарып, ұлтқа қай тұрғыда қызмет етеді?

Құр білімге сүйенген жаны өлі әйел-еркек ұлтқа қалай қорған болмақ?

Және осындай арсыздық жалаңаштықтан бойы арамданып, сасық хайуани иістері өрісінде айналған әйелдердің қолынан ас ішіп, қойнында жатып жан дүниесі былғанып қараңғыланған, жалаңбастықтан бас терісі құйқасына жабысып, сары суы басына шығып, мүлдем жетесі жабылған еркек аталушылар құр білімге сүйеніп ел басқарып, заң шығарып отырған соң, әрине, мұндай азғындыққа түсіп, рухани құлдыраған Қазақ ұлтына құдай лағнеті қалай түспесін. Ата-бабасының ар ілімін ұстанып, жалғастыра алмаған арсыз елге Алланың рақымы қалай түспек?

Сана түгіл, жетесі жоғалтқан, маңдайы сорланып, маңдай көз нығметін жоғалтқан ел билеушілер қалай жөні түзу, есі дұрыс заң шығара алады, қалай жөн көрсете алады, қалайша ұлтты рухани жаңғырта алады?

Рухани жаңғыртқаны сол Елбасыдан бастап анасының ақ жаулығымен алысқаны. Оған заңмен тиым салып, Құдай лағнетін де сатып алды!

Қатын-қалаштың жын-шайтанға айналуын заңмен бекіткені сол еді, енді олары жағдай сұрап, пұл сұрап, өздеріне шабуылдап, беттерінен тырнап, жағасынан алып, естерін шығаруда. Ал, көрсін енді рухани жаңғырғандарының нәтежиесін.

Құдайшылдығына келсек, Рухани жаңғырудың негіздері қандай еді?

Рұқтың жаңғыруы, жаңарып қуаттануы — ақталу тазарумен, жанның әрекетіне тікелей қатысты. Ал мұндай жағдайда күнәмен, жаман, теріс ойлы сөздермен өлген сүйекті тірілтуге де ұзақ уақыт тазарудың, ақталудың маңызы да зор. Елдік саясатымыз әйелдер қауымымен, ар-ұяттылықты сақтаумен байланысты ғана рұқты меңгеру арқылы ұлттық саясатымыз қалыптасу керек. Олай болса елдігіміздің белгісі қандай болғаны жөн?

Жанның негізі болған әйелзатына;

1. Құлақ бездері (құлақ асты екі без, жаулықпен жабылу шарт), есту қабілетін жетілдіру бастың тазалығымен тікелей байланысты. (Бас қадірленбей естілік болмақ емес)

2. Ұйқы бездерінің тазалығынан, жан өрісін дамыту, ойлау қабілеті — 2-безге тән.

3. Кеудедегі 7-түрлі бездің, тыныс алу, жүрек соғысының дұрыс болуы, омырау, өңеш тазалығы, жүрек қалқаншаларына, нәр беру жүйесіне, ойлау жүйесіне таза қуаттардың зейнеттелуін қамтасыз ету керек.

5. Ас қорыту жүйесінің тазалығы.

6. Ішкі құрлыс; бауыр, өт жолдарының тазалығы.

7. Жатыр бездері.

8. Қуық бездері.

9. Бүйрек, нәжі тамырларының бездері. Осы орындардың тазалығынан, ауырмауынан ғана әйелзаттарының иманы толық, ұлттық ділі бар болып саналды.

Бұл аталғандар әйел жанының негізін құрайды. Киім қадірі, тазалық, тақуалықпен ата жолын ұстанумен ғана меңгеріледі.

Сондықтанда Елбасымыздың Рухани жаңғыруы әйелдерміздің, яғни еліміздің ірге тасын дұрыстап түземей, оған ұлттық тұрғыда қабырғасын тұрғызбақ — босқа жаңғырықпен, мақтанның әрекеті ғана болмақ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

45 + = 50