Қазақтар тағы да Аруақтарымен мықты екенін дәлелдеді. 300 күнен кейінгі жеңіс, Аруақтар жеңді!


Армысыздар, көпшілік!

Бүгінде Ата жолы туралы аз айтылып, жазылып жатқан жоқ. Арнайы ютуб-арнасы тұрақты жұмыс істеп тұр. Кезінде сектаға теңеп, түрі бұрмаланған, тапсырыспен дайындалған ақпараттарды таратып, түймедей қателіктерді түйедей етіп көрсетіп таратқаны бүгінде көпшілікке мәлім.

Сөз ұғатын адамға қосарлы сөздің нені меңзейтіні, Ата және Жол ұғымдарының қосарлана аталуынан-ақ түсінікті. Ата-бабаларымыздың меңгерген ғылымы – Ілім мен Білім ортасымен байланысты екені. Салт-дәстүрдің дінмен байланыса, қабаттаса құбылуынан болған дүние. Тылсым дүниемен, Аруақ ұғымымен тікелей байланысты. Өзіндік тарихы бар, ата-баба ілімімен байланысты.

Ата жолының мақсаты, үкімі – өзіңді таны, түбіңді таны, тегіңді таны, тарихыңды көтер дегені. Кімнен тудың, кім боласың, кім туады (қандай ұрпақ қалады) дегенді түсіндіреді.

Ал, көпшілік, осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2019 жылдың қаңтар айында тылсым төрінен, Аруақтар арқылы Құдайдан, Қытай елінен келген қандастарымызды іздеуге, оларға жол көрсетіп, ата-баба аруақтарынан қолдауына іліндіруге үкім түсті. Ел болып шама-шарқы келгенше Қытай елінде азап көріп отырған қандастарға рухани қолдау көрсету үшін, отбастарында, мешіттерде, киелі орындарда (әулие бастарында) құрбандық шалынуы, Алладан тілек тілеуі қажет, — деген болатын.

Сонымен, біздер, Астана маңындағы Қоянды ауылындағы Баянбай ақсақалға хабарласып, осы аманатты жеткізгенбіз. Олар түсіністікпен қарап, Үкаша Сахаба ордасына келіп, құранға, шыраққа қатысқан болатын. Елорда маңындағы Қабанбай баба кесенесіне барып тағзым етіп, құрбандық шалынып, құран оқылған. Кейіннен, бұл әрекет Астана маңындағы Қоянды ауылындағы мешітте жамағат болып құрбандық шалып, артылған қаражат жағдайы төмен отбасыларға таратылғанды.

Бұл кісілермен хабарласар алдында Серікжан Білашқа аманатты жеткізуге өкілдер үйіне барған. Ол кісі түсінгендей болғанымен масһаб біліміне ақылы байланғанын аңғартқан еді. Қасында Жолдыбай деген дінші жолдасы бар екен, ол өре түрегеліп қарсы шыққан. Сол аз уақыт сөзалмасуда Серікжан — Аруағың не істейді… , деп тілін тигізіп алыпты. Сондағысы айтылатын Аруақтың аманаты: алдыңда қауіп-қатер тұр құрбандығың бар беретін делінген. Басына келер сынақты жылдамдатуына өзінің тілі себеп болды…

Ескерту: Астана маңындағы Қабанбай атаға кесене тұрғызылғанымен, ол жерде баба жерленбеген, шығыс өңірінде жатыр. Оның басы кейінен табылды және оның айналасындағы 33 сарбаз жатыр. Бұл жерде Ақ Берен әулие, Ақпарақ батыр және қашық емес жерде Қарақыпшақ батыр жатыр. Аты аталып құран оқылғаннан кейін Қабанбай батыр баба аруғы келіп тұрады.

Бірақ, жергілікті ақылы байланған имам-діншілердің, масһабшылардың қысымына ұшырап, бұл әрекетті тоқтатып қойды. Бар-жоғы 3-ақ құрбандық шалынды, аманат бойынша 8 құрбандық, оның 1-уі ірі қара немесе жылқы болуы керекті.

Бұл әрекеттер бейнетаспаға түсірілген және арнайы плейтоптамадан көруге болады.

Құдай уәдесінде тұрды. Аманатты орындауға жасалған қадамның құрметіне Құдай тарапынан Қытай елінде темір тордың арғы жағында жатқан 700 пенденің аруағы көтерілді, қорған болуға сапқа тұрды, нәтижесін 300 күн шамасында көресіңдер деген хабар жетті.

Сол тұста, аманат аяқ асты болады, кешіктірмей «Тәңір қалауы» деген атпен арнайы қор ашыңдар, халықтан жиналған қаражат есебінен бұл әрекетті өздерің жалғастырасыңдар, — деген ақпарат жетті.

Халық іші әрқашанда қазына емес пе, 2 айдың көлемінде шамалы қаражат жиналды. Сәуір айында Арыстан бапқа арнайы топ зияратқа аттанды, ірі қара есебінде 4 қой құрбандық шалынды, қатым оқылды. Бұл әрекет сол маңдағы және Сыр өңірінде жатқан Әулиелердің басында, Қызылорда қаласындағы Оқшы ата ордасында жалғасын тапты. Аруақтар арқылы біздің тілегіміз Аллаға жеткізілді, қыбыл болды. Қытай еліндегі қандастарымызға қолдау түсіп, Қытай елімен шекараға қорған қойылды (зеркалирующая защита), яғни Қытай елінен бізге ағылған қара қуат (қаралық) өздеріне бағытталды.

Осылай қазақ Аруағымен мықты екенін тағы бір дәлелдеді.

2-ші плейтоптамада Арыстанбапқа сапар баяндалған.

Іле шала, тылсымнан тапсырма түсіп, арнайы топ 20-22 маусым аралығында Қабанбай батыр ата зиратын іздеуге аттанды. Батыр бабаның өз аманатымен шығысқа жерленгені айтылғанымен, осы уақытқа дейін ешкім іздемеген еді.

Аманатында: мені шығысқа жерлеңдер, аруағым сендерді Қытайдан қорғап тұрады,-деген екен.

22 маусымда кештетіп қол жеткізді, Баба зираты табылды және сол қорымда жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды. (https://main.ata-baba.kz/2019/10/14/qabanbay-batyr-ziratynyn-tabyluy/)

Қабанбай батыр бабамыздың зиратының дер кезінде табылуы еліміздегі билік транформациясының оңтайлы өтуіне қолдауын тигізді. Баба аруағының соңына ерген жауынгерлер аруақтары сапқа тұрып, халықтың толқуын басып, арам пиғылдылардың әрекетіне тосқауыл болды, қолдауын салды.

10-13 қазан аралығында арнайы керуенмен шығып, Қабанбай батыр ауылында қара малдан құрбандық шалынып, ас беріліп, басына белгі қойылды, 32 сарбаздың деректері жазылған тақтайша ілінді.

Сол кезде зікірде: Біздің аруақтардың биік тұрып, жеңіске жетіп, қытай аруақтарының біздің ата-баба аруағының алдында бас иіп тұрғанын көрсеткен еді (https://youtu.be/PMBRBXLtFy8?t=481).

Бұл бір жылда атқарылған көп істердің бірері ғана. Кейіннен, Абылай хан ата зираты табылды және сол қорымда жатқан 17 сарбаздың деректері, қашық маңда жатқан 7 әулиенің жерленген жері белгілі болды. Оны мына сілтемеден оқып алыңыз: https://main.ata-baba.kz/2019/10/14/abylaj-han-baba-ziratynyn-tabyluy-zhane-17-sarbazy/

Ағайын! Қуануға әлі ерте. Бұл шайқас әлі де жалғасады. Себебі, қара қуат еліміздегі жүрген қытайлар арқылы тарауда. Қаралық, жас ұрпақтың азғындыққа түсуіне, артында ұрпақ қалмауына бағытталған…

Күресудің жолы тек қана Ата жолымен! Өзіңді таны, түбіңді таны, тегіңді таны, тарихыңды көтер. Әдет-ғұрыпыңды қолға ал. Дәстүрге сай киін, етек жеңіңді ұзарт. Құрбандық шал, әруағыңды көтер, олардан хабар ал. Бұл туралы Ютуб-арнасында көптеген ақпараттар айтылған (https://www.youtube.com/channel/UCG3yvnpQHKPb4WX9fHZ6_9A).

#atazholy

Ерлан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *