Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Мен Ата жолына қалай келдім?


Бұл жолдың шет жағасын шамамен 2003 жылдарда естідім. Қызылордада ата-енеммен бірге тұратын кезім еді. Бір күні енем екеуміз менің төркініме қонаққа бардық. Сол жақта өзімнен үлкен апам Алматыда аруақтармен сөйлесетін адамдар шығыпты деп айтып отырды. Мен оған онша мән бермедім.

— Екі ортаға телефон орнатып қойған шығар, — дедім әзілдеп. Негізі қазақы ем, құмалақшы дегенге онша қызыға қоймайтын едім.

«Атаң құсап сөйлейсің ау, жынды»,-деп енем күлді. Атам қалжыңдап, күлдіріп сөйлейтін адам еді. Ата жолы туралы бар білгенім осы еді. Бірақ, бұның Ата жолы деп аталатынын, бабалардың салып өткен даңғыл да қасиетті жол екенін қайдан білейін.

2005 жылы жұмыс барысымен Астанаға көшіп келдік. Бастапқы кезде күйеуімнің нағашыларымен саяжайда үй жалдап тұрдық. Бір күні бірге тұратын абысыным былай деп әңгіме айтты. «Ағам бір жерге барған екен, сол жақтан Түркістанға барыпты. Арақ ішуге, темекі шегуге болмайды депті. Содан бәрін қойып жақсы болып кетті»,-деді.

— Жақсы болған екен,-дедім де онда да мән бермедім.

Толық оқу…


Ата жолының алғашқы кездерінде


Ата жолы аталған рухани, тылсыммен байланыс орнататын, ата-баба аруақтарының үнін, аманатын естіртетін құбылысты 2006 жылдың жаз айында күйеуімнің  құрдасының  Айкүміс деген келіншегі айтып келді. Өздерінің Түркістан өңіріне зияраттап, көп әулие-әмбиелерді тәу етіп, көптеген ғажап оқиғалардың куәсі болғанын, алған әсерімен бөлісті. Оның сөздері маған таныс көрінді. Өйткені соның алдында осы әулиелер туралы Жас алаш газетінен оқып еліміз қандай керемет киелі деген мақтаныш сезімі болған. Айкүміс Ақұл, мөр ашу, аққу-сұңқар, Орда деген сияқты көп әңгіме айтты.

Бұл құбылыстарды болуға тиісті дүниедей қабылдадым. Өйткені жаратушы тарапынан сондай бір рухани құдайлық жоба түсу тиіс болатын. Сонымен ол құрдасымыз келесі бейсенбіде тағы келіп бізді  шыраққа ордаға алып баратын болып кетті. Солай Ордаға барып, бата тыңдап жүрдік. Батадан керемет әсер алатынбыз. Ол жердің қуатының өзі өзгеше. Адамдар арасында мейірбандық бар. Бата шығарып жүрген аққу-сұңқар болып жүргендерде неше түрлі хикметтер болып жатты. Олардың бір-біріне деген ілтипаттары керемет еді. Өзара ыммен түсінісіп отыратындай. Келген адамдарға да жақсы түсіндіретін. Сол жайлылықтың өзі келушілерге жақсы әсер беретін.

Ордабасы Оралдан келген Гүлмира деген жап-жас қыз екен. Сол кезде жасы 21-22-де болу керек. Бәрі ол қызды қатты сыйлайтын. Гүлмира да ерекше ақылды, байсалды қыз еді.

Орда ұнағасын шырақтан қалмауға тырысатынбыз. Мен бара алмай қалсам да күйеуім қалмайтын.  Тіптен бірде шырақтан шыққан соң ауылға қайтатын көлік болмапты. Әшейінде шұбырып жататын көліктің бірде біреуі тоқтамаған. Сөйтіп 17 шақырым жаяу жүріп үйге жеткені бар.

Кейін аққудың айтуынша  Аталар ниетін сынаған екен. Күйеуім сол сынақтан жақсы өтіпті. Бес атаға да барып келді. Бес атаның ішінде қыз әулие,  бала әулие деген әулиелер бар екен. Сол қыз әулиеден «қызым болса» деп тіледім, батада әулие «тілегімді қабыл қылдым» деп айтты деп келді.

«Осы да қызық, қызы болмай қалады деп қорықты ма екен, одан да басқа зат сұрамай ма? «,- деп іштей ойланып қалдым.

Толық оқу…


Түс, аян жəне оған жалғану.


12- ЮСЫП сүресі.

43-аят. Бір күні патша: «Түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын жəне жеті жасыл сабақтар, тағы сондай қурағандарын көрдім. Əй сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар» деді.

47-аят. Юсып ғ.с.: «Жеті жыл əдеттегіше егін егесіңдер де сонда орғандарыңды бастырмай сабақтарында қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар».

48- аят. «Тағы бұдан кейін жеті қатты ашаршылық жыл келеді. Бір аздап сақтағандарыңнан басқа бұрыннан сол үшін жинағандарыңды жейсіңдер».

49-аят. «Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып онда жемістердің суын сығатын жыл келеді» деді.

Жаратқан Иеміз Адам ата мен Хауа анамызды жаратқалы, біз адамзатқа бүкіл əлемді бас идірді. Жер, ай мен күн. Су мен тау-тас. Орман мен жайлау. Жер қойнауы байлықтарын да пайдалансын деп Адамға жаратты. Ал Адамның міндеті сол нығметтің бəрін пайдалана отырып, құлшылық жасау болған. Түн мен күндізді жаратты, күндіз еңбектенсек, түнді ұйықтап, демалысқа берді. Ұйқының ішінде де керемет түс көру нығметін кіргізген. Түстің ерекшелігі- Құдай сенімен тікелей сөйлесетінінде. Əр адамға деңгейіне қарай түс көрсетеді. Түсті Құдай бұйрығымен жіберілсе, періште суреттеп салар, аруақ қолдап, жоруын берер.

Құдайдың бұйрығы бұлжытпай орындалып тұрғандай, түс ғанибеті де тоқтамайды. Күннің шығып батуы. Қыс кетіп, жаздың шығуы сияқты. Механизм тоқтаусыз орындалып отырады.

Түс кереметі арқылы пайғамбарларымыз Құдайдан тікелей хабар, бұйрық алып отырған.

Толық оқу…


Киіммен келетін адам баласына нығметтер


Адам боп дүниеге келгесін бәріміз де бақытты болғымыз келеді. Сол бақыттың жібін қолдан тегімізден ажырау арқылы қол үзіп алатынымызды біреу сезіп, біреу сезбес, үзілген жіпті жалғап, өзімен қоса ұрпағымды тағдырына жалғау арқылы бақыт табам деп ниеттенген жандарға жол ашылды. Осы жолдағы Ізденіс пен еңбектің арқасында миллиондаған жанның ақиқатқа көзі ашылары сөзсіз.
Ең бірінші, «құдай жүрегімде, ниет ақ» деп жақауратпай, қарапайым қағидаларды ұстану, орындау арқылы белгілі бір тазалық, тақуалық деңгейіне көтерілу керекпіз.

✔Бірінші орында ерге де, әйелге де киімді жөндеу мәселесі тұрады. Бұл адамның қойып отырған шарты емес. Адамға әуелден бұйырылған міндет. Көзіміз үйреніп кеткеніміз сонша (мәңгүрттену ) ашық шашық киімді қалыпты, солай болуға тиістей қабылдайтын болып алғанбыз. Сол жеңі ашық, етегі шолақтан зоры да шығып жатыр. Оған да селт етпейтін күйге жетіп алдық. Ол да шайтанның адамзатты қалай да жолдан тайдырудағы жоспары.
Ал шын мәнінде киім деген ол- Кие. Адамның қорғаны,киесі иесі. Сол қорғанды ашық шашық ұстасақ тәніміз арамданатыны түсінікті жағдай ғой. Арамданған тәнмен дүниеге ұрпақ әкелеміз,ол қайдан дені сау, иманды болып келеді сосын өмірге. Қарапайым ғылымсыз ақ түсінікті дүние.
Бірақ осы киімнің өзінде үлкен ғылым бар.

Дұрыс етек жеңді киім арқылы әйелге ұят келеді. Ғылыми зерттеулердің өзі тырситып шалбар киетін,ашық-шашық әйел мен дені дұрыс киім киіп, басында жаулығы,кең етекті,аяғын жабық,жылы ұстаған әйелді салыстырып тексергенде, нәтежиесі таң қалдырған. Қан құрамының өзінде таңқаларлық өзгеріс болған. Бір емес бірнеше мәрте тексеріс осы айырмашылықты анықтап берген. Жабық киінген әйел қаны анағұрлым таза, сұйық түсі алқызыл болса,жалаңаш әйелде қан қою,холестерині көп, аллергия, тері ауруларына бейімділік, рак таяқшаларының белсенділігі, омырау безі ауруының алғашқы белгілері анық байқалған. Одан қалды жалаңаш әйелдердің аяқ қан тамыр аурулары мен жатыр бойы ауруларына шағымдарының көптігі де тіркелген. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары осыған байланысты жылы киінудің маңыздылығын уағыздауда. Бірақ бұл тақырыпта тереңдеп барып жатқан шетел ғалымдары кемде кем. Өз елімізді айтпасақ та болады.

Толық оқу…


Қазақтар тағы да Аруақтарымен мықты екенін дәлелдеді. 300 күнен кейінгі жеңіс, Аруақтар жеңді!


Армысыздар, көпшілік!

Бүгінде Ата жолы туралы аз айтылып, жазылып жатқан жоқ. Арнайы ютуб-арнасы тұрақты жұмыс істеп тұр. Кезінде сектаға теңеп, түрі бұрмаланған, тапсырыспен дайындалған ақпараттарды таратып, түймедей қателіктерді түйедей етіп көрсетіп таратқаны бүгінде көпшілікке мәлім.

Сөз ұғатын адамға қосарлы сөздің нені меңзейтіні, Ата және Жол ұғымдарының қосарлана аталуынан-ақ түсінікті. Ата-бабаларымыздың меңгерген ғылымы – Ілім мен Білім ортасымен байланысты екені. Салт-дәстүрдің дінмен байланыса, қабаттаса құбылуынан болған дүние. Тылсым дүниемен, Аруақ ұғымымен тікелей байланысты. Өзіндік тарихы бар, ата-баба ілімімен байланысты.

Ата жолының мақсаты, үкімі – өзіңді таны, түбіңді таны, тегіңді таны, тарихыңды көтер дегені. Кімнен тудың, кім боласың, кім туады (қандай ұрпақ қалады) дегенді түсіндіреді.

Ал, көпшілік, осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2019 жылдың қаңтар айында тылсым төрінен, Аруақтар арқылы Құдайдан, Қытай елінен келген қандастарымызды іздеуге, оларға жол көрсетіп, ата-баба аруақтарынан қолдауына іліндіруге үкім түсті. Ел болып шама-шарқы келгенше Қытай елінде азап көріп отырған қандастарға рухани қолдау көрсету үшін, отбастарында, мешіттерде, киелі орындарда (әулие бастарында) құрбандық шалынуы, Алладан тілек тілеуі қажет, — деген болатын.
Толық оқу…


Тақуалық негіздері


✔Әйелзаты тақуалық құрып тәнін, бойын таза ұстау арқылы жұпар иісінің де үлес салмағы артық болған сайын еріне беретін неке азығы да таза қуатты, ана сүті де құнарлы болады. Қазір заманда жаппай жалаңаштық арсыздықтан адамның жаман иісінен пайда болған иіс-қоңыс шайтан қолына айналып, одан аман қалған кеңістік жоқ деуге болады.

Бірақ «шайтан қолы» қазіргі таңда түрленгені соншалық, енді ондай қара қуатсыз жер тек әулие бастары, киелі орындар болмаса, қалған жердің бәрін тұмшалап тұман болып осындай шайтан қолының жайлап алғаны да даусыз. Өкінішке қарай, қазақ елінде ондай киелі жерлерді де әйелзаттары жалаңаш, жалаңбас, еркек киімімен былғап жатыр. Сондықтан ниеті дұрыс зияраттаған қауымға мұндай жағдайдың әсер беріп, ем-шипа нұрын алуды әлсіретуге масһаб діншілері мен зиялы қауым өкілдері, ел билік те жағдай жасап қойып отыр.

Толық оқу…


Жаулықтың жыры


Топқа қосылып қайтадан шығып кететін кей қыздардың айтатын уәжі мынау: «орамал тағып тұмшаланбасам болмай ма? Онсыз да ашық шашық жүрген жоқпын. «Модница» болып үйреніп қалғанмын ғой» дейді. Бар білгенімді айтып қалай түсіндірсем де болмайды. Сосын «өзіңнің де миың бар ғой, оның да уақыты келер» деуден басқа шара қалмайды.

Өзімнің де мойнымды көрсетпей орамал жабынғаным жақында ғана. Бұрын «келіншек» орамал ғана тартатынмын. Мойын ашық. Енді солай көшеге шықсам үйге келген соң тас төбем аузыма түсердей болып ауырып шат-шәлекейім шығады Жан керек, сосын амал жоқ тұмшалануға тура келеді. Әйтпесе «нәрмәлні адам құсап» жүргім келмейді дейсіз бе? Орамал тағуды да әрең үйрендім-ау. Өзімше болып жібек орамал тартқан күні әй, ит болам ау. Ол құрғыр қайта-қайта сусып түсіп қала береді. Сосын көшенің қақ ортасында тұрып қайта байлап жатқаның. Шаш та жалбырап кетеді ғой осындайда. Бұдан не орамал таққан болды? Сосын қарапайым матадан жасалғанын тауып алдым. Бірақ ол қалыңдау. Есесіне бастан түспейді. Қырық градус шілдеде қыж-қыж қайнап жүресің. Бірақ бас ауруынан айықтым.

Жаулықтың киесін ұқпайтындар одырая қарайды. Қалай қарасаң олай қара деймін. Өзімнің ұпайым түгел. Ел-жұрттың қаралығын жинап алып, шаңырағыма төкпеймін. Асымды арамдап бай, бала-шағамның асқазанын уламаймын. Автобусқа мінсем жұрт орын бере қояды. Жан-жағыма қарасам менен үлкен, шашы селкеу, киімі жабысқан заманауи әжелердің тұрғанын көрем. Жаулығымның киесі ғой десем, күлесіз ба?

Толық оқу…


Ата жолы қазаққа не береді?


Осы күнгі адамдарға, қоғамға қарап отырсақ жоқ іздеген жолаушы тәрізді. Әйтеуір, бірдеңе іздеген пенделер. Өмірден бақыт тапқысы, Алла Тағала берген нығметтің бәрін иеленгісі келеді. Бұл жолда батыстың білімімен қаруланған психологтардың наны жүріп тұр. Рухы аш халық нені де сіміріп алуға дайын. Біреу өмірден мән іздейді, біреу бақыт, енді бірі байлық, бір пенделер берекесі кеткен отбасын сақтап, араққа салынған күйеуін қалай құтқарсам деп жанталасып жатыр. Сан түрлі сұрақтың жауабын іздеген әйелдер әлеуметтік желі арқылы топ құрып білгенін ортаға салып талқылап жатқаны. Иә, әйелдер. Көбіне рухани кемістікті қалай толтырам деп ізденіп жүрген сол әйел қауымы. Сол жоқ іздеген жолаушының бірі мен болдым. Осындай топтарға қосылып біреуден кеңес алдым, біреуге кеңес бердім. Осылай, тырмысып,ізденіп жүріп бір күні Ата жолы тобына қосылдым.

Міне, осы жерден қазынаға жолықтым, бар керегімді таптым. Өмірімде орын алған олқылықтардың орны толды, мазалаған сансыз сұрақтың жауабын күн сайын ұстазымыз Тоқберген ағаның видеосынан тыңдап жатырмын. Нағыз ілім-білімнің қайнар бұлағына тап болдым. Ұстаз бен Айболат ағаның сұхбатынан күнде бір жаңалық ашамын.

Сонымен Ата жолы халыққа не береді деген сұраққа жауап бере кетсем.

Ата жолы қазағым, елім, халқым деген нағыз еңіреген ерлер бас қосқан әлеуметтік топ. Ата жолының мақсаты — Қазақ деген ұлы халықтың ұмытылып кеткен тілін, ділін, дәстүрін, ата дінін жаңғыртып, заманға енгізу. Сол арқылы жаһанданудың аждаһасынан жойылып кетудің сәл ақ алдында тұрған халықты сақтау.

Толық оқу…


Ата жолымен рухани жаңғыру (3)


«…Жаңғырған қоғамның тарихы тереңнен бастау алатын рухани коды болады. Жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу» Н.Назарбаев.

Алайда ол ұлттық код халықтың ділін сақтаумен сақталады, ал ділді үш тілді қылумен не болмаса латынға ауыстырумен сақтау мүмкін емес, керсінше жою ғана. Ол турасында алдыңғы жазбаларда тоқталғанбыз.

«…Халқымыз хасырлар бойы туған жер табиғатын көздің қарашығындай сақтап келді. Өткен ғасыр ортасында млн-даған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Соның кесірінен даланың барлық құнары құрдымға кетті. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» бұл да Елбасы сөзінен алынды.

Бұған қарсы уәжіміз: жердің құнарының кетуін бір кездегі тың игеруден көрудің қажеті шамалы. Жердің құнары ондағы мекен етуші халықтың табаны жерден ажырап, қуат қоса алмауынан, Жер-анамен ана-бала секілді байланысы үзілген соң кетеді. Өйткені, халық жаппай жалаңаш, жалаңаяқ жүріп, тері мен ет арасы құрттап, сасық иістері баурап жерді, суды, ауаны былғап табиғи апатқа әкелді.

Толық оқу…


Ата жолымен рухани жаңғыру (2)


Алдыңғы жазбамызда ел билік тарапынан нұсқау болған жаңғыртуды әліпбиді өзгертуден бастаудың ұлт үшін жасалатын зұлымдық, отырған бұтағыңды кесу екеніне дәлел келтірген болатынбыз.

Жалпы, ұлттың рухани жаңғыруы үшін жаңашылдық енгізу міндетті деп әрекет ету қаншалықты дұрыс?

Рухани құлдыраудың өзі осы әр нәрсені өзімізге теліп, әр елдің элементін ұлтқа әкеп таңудан болып жатқанына да дәлел келтіру керек шығар?! Әр елдің арсыз салтын «өркениет» деп қабылдап, қаңсығын таңсық етіп, төл өркениетімізді жерлеп болған елміз.

Ал, ұлттың өркениеті неден бастау алады?

Ұлттың өркениеті — ұлттың жаны әйел-қыздарымыздың арын қайтарып, жанын тірілтумен қалыптасып бекиді. Әйелінен ұят-ары кеткен ел-өлікке айналған ел. Ендеше, ар-ұят немен келеді, қалай оралтамыз?

Қазір көшеге әйел-қыздарымызды көшеге жартылай жалаңаш күйде жіберіп отырып, қандай да бір ұлттық құндылық, жаңғыру туралы айту еш қисынсыз.

Толық оқу…