Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Елбасы Н. Назарбаевқа тылсым аманатын қалай жеткіземіз…? Отырар кітапханасының орны ашылуы керек


Ата жолы. Көпшілікке таныс ұғым,түсінік.

Біздер, Ата жолдықтар осыдан бірнеше жылдар бұрын *СЕКТАға* таңып, түрлі бұрмаланған ақпараттар таратып, Заң шығарылып қудаланған Ата жолына бірнеше жылдардан бері тылсым төрінен келген ақпараттарды (бата, зікір-аяндар, аяндар) зерделеу негізінде зерттеулер жүргізіп келеміз.

Бүгінгі билік Құдаймен ерегісіп береке таппайтынын түсініп, біліп отырса да, шығарған Заңдарының күшін жойып, халықты руханиятқа бет бұрғызуға белсене кірісе алмай отыр.

Бұл Қазақтың бағы еді. Бағалай алмай отырмыз. Әлемнің алдында Алланың назары түскен үлгі болар ұлт едік. Керісінше, Құдайдың көрсеткен белгісін түсінбей, 20 жыл, 30 жыл немесе 100 қадам, 5 қадам деп өзі де шатасты (билік), халықты да адастырды.

Бірақ Құдайдың әділдігі жоқ емес, Елбасының айтылған межесінде *алғашқы отыздыққа* кірмесек те, *Отыз ЕЛ соңымыздан еріп, отыз елге Қазақтың аруағының ықпалы жүрері хақ…*

Толық оқу…


ҚҰДАЙСЫЗ ҚУРАЙ СЫНБАЙДЫ…


Ата жолының ақпараттық жүйесінде жазылып, түрлі пікірлерді саралайтын болсақ, бүгінде халықтың ояна бастағанына көз жеткізу қиын емес. Халықтың сұрағы да, ақпаратқа сұранысы да артуда. Бұрынғы «21 ғасыр, ғылым мен технология дамыған заманда…» деп көлгірситіндердің аузына бүгінде құм құйылған, Алланың алдында өте дәрменсіз екенін бүгін ғана сезгендей болып, өзіміздің бауырлар ғана емес, бүкіл әлем мойындауда…

Осыны ескеріп біздер барынша түсіндіріп көрелік.

Ата жолы. Көпшілікке таныс ұғым,түсінік.

Біздер, Ата жолдықтар осыдан бірнеше жылдар бұрын СЕКТАға таңып, түрлі бұрмаланған ақпараттар таратып, Заң шығарылып қудаланған Ата жолына бірнеше жылдардан бері тылсым төрінен келген ақпараттарды (бата, зікір-аяндар, аяндар) зерделеу негізінде зерттеулер жүргізіп келеміз. Бүгінгі билік Құдаймен ерегісіп береке таппайтынын түсініп, біліп отырса да, шығарған Заңдарының күшін жойып, халықты руханиятқа бет бұрғызуға белсене кірісе алмай отыр. Сол кезеңдерде қудалауға атсалысқандар бүгінде Алланың алдында сұраулы болуда, яғни Аруақтармен таңбаланған. Ол күнәларынан ақталып өтпесе ұрпақтарына салмақ болары біздерге аян… Алла шексіз мейірімді, әлі де кеш емес…

Көпке топырақ шашпаймыз. Билікте жүріп Аруақтан бата алып, ОРДА ұстап отырғандар жетерлік. Қала берді МӨР алып олардың арасында Алланның жолында аманат арқалаған ұл мен қыздар да баршылық. Білдіргісі келмейді, бірақ аманат сұрағы да ауыр…

Толық оқу…


Қазақтар тағы да Аруақтарымен мықты екенін дәлелдеді. 300 күнен кейінгі жеңіс, Аруақтар жеңді!


Армысыздар, көпшілік!

Бүгінде Ата жолы туралы аз айтылып, жазылып жатқан жоқ. Арнайы ютуб-арнасы тұрақты жұмыс істеп тұр. Кезінде сектаға теңеп, түрі бұрмаланған, тапсырыспен дайындалған ақпараттарды таратып, түймедей қателіктерді түйедей етіп көрсетіп таратқаны бүгінде көпшілікке мәлім.

Сөз ұғатын адамға қосарлы сөздің нені меңзейтіні, Ата және Жол ұғымдарының қосарлана аталуынан-ақ түсінікті. Ата-бабаларымыздың меңгерген ғылымы – Ілім мен Білім ортасымен байланысты екені. Салт-дәстүрдің дінмен байланыса, қабаттаса құбылуынан болған дүние. Тылсым дүниемен, Аруақ ұғымымен тікелей байланысты. Өзіндік тарихы бар, ата-баба ілімімен байланысты.

Ата жолының мақсаты, үкімі – өзіңді таны, түбіңді таны, тегіңді таны, тарихыңды көтер дегені. Кімнен тудың, кім боласың, кім туады (қандай ұрпақ қалады) дегенді түсіндіреді.

Ал, көпшілік, осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2019 жылдың қаңтар айында тылсым төрінен, Аруақтар арқылы Құдайдан, Қытай елінен келген қандастарымызды іздеуге, оларға жол көрсетіп, ата-баба аруақтарынан қолдауына іліндіруге үкім түсті. Ел болып шама-шарқы келгенше Қытай елінде азап көріп отырған қандастарға рухани қолдау көрсету үшін, отбастарында, мешіттерде, киелі орындарда (әулие бастарында) құрбандық шалынуы, Алладан тілек тілеуі қажет, — деген болатын.
Толық оқу…


Ата жолы қазаққа не береді?


Осы күнгі адамдарға, қоғамға қарап отырсақ жоқ іздеген жолаушы тәрізді. Әйтеуір, бірдеңе іздеген пенделер. Өмірден бақыт тапқысы, Алла Тағала берген нығметтің бәрін иеленгісі келеді. Бұл жолда батыстың білімімен қаруланған психологтардың наны жүріп тұр. Рухы аш халық нені де сіміріп алуға дайын. Біреу өмірден мән іздейді, біреу бақыт, енді бірі байлық, бір пенделер берекесі кеткен отбасын сақтап, араққа салынған күйеуін қалай құтқарсам деп жанталасып жатыр. Сан түрлі сұрақтың жауабын іздеген әйелдер әлеуметтік желі арқылы топ құрып білгенін ортаға салып талқылап жатқаны. Иә, әйелдер. Көбіне рухани кемістікті қалай толтырам деп ізденіп жүрген сол әйел қауымы. Сол жоқ іздеген жолаушының бірі мен болдым. Осындай топтарға қосылып біреуден кеңес алдым, біреуге кеңес бердім. Осылай, тырмысып,ізденіп жүріп бір күні Ата жолы тобына қосылдым.

Міне, осы жерден қазынаға жолықтым, бар керегімді таптым. Өмірімде орын алған олқылықтардың орны толды, мазалаған сансыз сұрақтың жауабын күн сайын ұстазымыз Тоқберген ағаның видеосынан тыңдап жатырмын. Нағыз ілім-білімнің қайнар бұлағына тап болдым. Ұстаз бен Айболат ағаның сұхбатынан күнде бір жаңалық ашамын.

Сонымен Ата жолы халыққа не береді деген сұраққа жауап бере кетсем.

Ата жолы қазағым, елім, халқым деген нағыз еңіреген ерлер бас қосқан әлеуметтік топ. Ата жолының мақсаты — Қазақ деген ұлы халықтың ұмытылып кеткен тілін, ділін, дәстүрін, ата дінін жаңғыртып, заманға енгізу. Сол арқылы жаһанданудың аждаһасынан жойылып кетудің сәл ақ алдында тұрған халықты сақтау.

Толық оқу…


Ата жолымен рухани жаңғыру (3)


«…Жаңғырған қоғамның тарихы тереңнен бастау алатын рухани коды болады. Жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу» Н.Назарбаев.

Алайда ол ұлттық код халықтың ділін сақтаумен сақталады, ал ділді үш тілді қылумен не болмаса латынға ауыстырумен сақтау мүмкін емес, керсінше жою ғана. Ол турасында алдыңғы жазбаларда тоқталғанбыз.

«…Халқымыз хасырлар бойы туған жер табиғатын көздің қарашығындай сақтап келді. Өткен ғасыр ортасында млн-даған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Соның кесірінен даланың барлық құнары құрдымға кетті. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» бұл да Елбасы сөзінен алынды.

Бұған қарсы уәжіміз: жердің құнарының кетуін бір кездегі тың игеруден көрудің қажеті шамалы. Жердің құнары ондағы мекен етуші халықтың табаны жерден ажырап, қуат қоса алмауынан, Жер-анамен ана-бала секілді байланысы үзілген соң кетеді. Өйткені, халық жаппай жалаңаш, жалаңаяқ жүріп, тері мен ет арасы құрттап, сасық иістері баурап жерді, суды, ауаны былғап табиғи апатқа әкелді.

Толық оқу…


Ата жолымен рухани жаңғыру (2)


Алдыңғы жазбамызда ел билік тарапынан нұсқау болған жаңғыртуды әліпбиді өзгертуден бастаудың ұлт үшін жасалатын зұлымдық, отырған бұтағыңды кесу екеніне дәлел келтірген болатынбыз.

Жалпы, ұлттың рухани жаңғыруы үшін жаңашылдық енгізу міндетті деп әрекет ету қаншалықты дұрыс?

Рухани құлдыраудың өзі осы әр нәрсені өзімізге теліп, әр елдің элементін ұлтқа әкеп таңудан болып жатқанына да дәлел келтіру керек шығар?! Әр елдің арсыз салтын «өркениет» деп қабылдап, қаңсығын таңсық етіп, төл өркениетімізді жерлеп болған елміз.

Ал, ұлттың өркениеті неден бастау алады?

Ұлттың өркениеті — ұлттың жаны әйел-қыздарымыздың арын қайтарып, жанын тірілтумен қалыптасып бекиді. Әйелінен ұят-ары кеткен ел-өлікке айналған ел. Ендеше, ар-ұят немен келеді, қалай оралтамыз?

Қазір көшеге әйел-қыздарымызды көшеге жартылай жалаңаш күйде жіберіп отырып, қандай да бір ұлттық құндылық, жаңғыру туралы айту еш қисынсыз.

Толық оқу…