Елбасы Н. Назарбаевқа тылсым аманатын қалай жеткіземіз…? Отырар кітапханасының орны ашылуы керек


Ата жолы. Көпшілікке таныс ұғым,түсінік.

Біздер, Ата жолдықтар осыдан бірнеше жылдар бұрын *СЕКТАға* таңып, түрлі бұрмаланған ақпараттар таратып, Заң шығарылып қудаланған Ата жолына бірнеше жылдардан бері тылсым төрінен келген ақпараттарды (бата, зікір-аяндар, аяндар) зерделеу негізінде зерттеулер жүргізіп келеміз.

Бүгінгі билік Құдаймен ерегісіп береке таппайтынын түсініп, біліп отырса да, шығарған Заңдарының күшін жойып, халықты руханиятқа бет бұрғызуға белсене кірісе алмай отыр.

Бұл Қазақтың бағы еді. Бағалай алмай отырмыз. Әлемнің алдында Алланың назары түскен үлгі болар ұлт едік. Керісінше, Құдайдың көрсеткен белгісін түсінбей, 20 жыл, 30 жыл немесе 100 қадам, 5 қадам деп өзі де шатасты (билік), халықты да адастырды.

Бірақ Құдайдың әділдігі жоқ емес, Елбасының айтылған межесінде *алғашқы отыздыққа* кірмесек те, *Отыз ЕЛ соңымыздан еріп, отыз елге Қазақтың аруағының ықпалы жүрері хақ…*

Естеріңізде болса, 2019 жылы қос аруақ — Ұлы Тұлғаларымыздың зират орнының табылғаны. Оның бірі, Қара Керей Қабанбай батырдың зират орнын іздеуге шыққан топ, 22 маусымда кештетіп қол жеткізді. Бабамыздың айналасында (Қабанбай батыр қорымында) жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды. 10-13 қазан аралығында арнайы керуенмен шығып, ШҚО, Қабанбай батыр ауылында қара малдан құрбандық шалынып, ас беріліп, басына, жол бойына белгілер қойылды.

Ұлы Тұлға – Батыр бабамыздың зират орнының табылғанын айтып халыққа сүйіншілеген уақытта, белгісі болып Арыстағы жарылыс орын алып бұл күн тарихта өз таңбасын қалдырды.Ұлы Рухтардың тылсымдағы қозғалысы жер бетіне қантөгіспен тарихи оқиға қалдырып келуі заңдылық деуге негіз бар. Себебі ретінде оның артында тұрған қаншама сарбаздар рухының тербелісін айтуға болар. Әмір Темір бабамыздың қабірін қозғағанда да солай болғаны халыққа белгілі.

Бұған дейінгі тылсым төрінен жеткен бата-ақпараттарды зерттеп, зерделесек Ата жолының тарихы да – тылсымдағы Аруақтардың ұрпағы үшін шырылдап, Алладан араша сұрай біріге артындағы ұрпақтарын жетелеуге рұқсат алуы сонау *1986 жылдан* бастау алады екен. Тылсымдағы Аруақтың, яғни Рухтың қозғалуы жер бетіндегі ұрпақтарына әсер етіп, сол жылғы қантөгістің орын алуының да мәнісі бар…

Бұл жөнінде қысқаша мына сілтемеде жазылған: https://blogs.atazholy.kz/2020/04/14/qudajsyz-quraj-synbajdy/

Сарбаздардың тізімімен мына сілтемеден танысуға болады: https://main.atazholy.kz/2019/10/14/qabanbay-batyr-ziratynyn-tabyluy/

Қабанбай батыр бабамыздың басының дер кезінде көтерілуі еліміздегі билік транформациясының оңтайлы өтуіне қолдауын тигізді. Баба аруағының соңына ерген жауынгерлер аруақтары сапқа тұрып, халықтың толқуын басып, арам пиғылдылардың әрекетіне тосқауыл болды, қолдауын салды.

Осы шаралардан кейін көп ұзамай 2019 ж. 17 тамызда Абылай Хан бабамыздың зиратының табылғанын және сол қорымда 17 сарбазының жатқанын, қашық емес жерде жатқан 7 әулиенің зират орнының анықталғанын хабарладық.

Айтсақ, бұл оңай айтылғанымен Абылай Хан бабаның қорымын іздеуге, зерттеуге бақандай 7 жыл жұмсалды. Аруақтардың көрсетуімен қаншама тарихи деректер іздестіріліп, көп жағдайда тылсымның білдіргеніне басымдық берілді. Абылай Хан қорымын іздестіруге рұқсат алдын ала берілгенімен, Баба аруғы жолын Қабанбай Батырға берді, қолдауын салып жетекке алып отырды. Қабанбай батырдың деректері 3 жылдай зерттеліп, зерделенді.

Абылай Хан қорымындағы сарбаздар тізімі мына сілтемеде көрсетілген, 7 Әулиенің жатқан жері тақуалықты меңгермей барғандарға зиян болғандықтан әзірге құпия:

https://main.atazholy.kz/2019/10/14/abylaj-han-baba-ziratynyn-tabyluy-zhane-17-sarbazy/

***   ***

Келесі кезек Шапырашты Әулиенің зират орнын іздеу бағытында жұмыстардың басталуы еді. Бұл бағытта арнайы Ақбоз ат құрбандыққа шалынған болатын, бейнежазбада баяндалады: https://youtu.be/3Lh42erJucA.

Осы бейнежазбаның жарыққа шығуы мұң екен *қысқа ақыл – ұзын суыққолдылардың*, яғни Биліктегі кландардың шабуылы басталды. Құдай ғылымынан түк те хабары жоқ дінші-теолагтардың берген пәтуәсіне сүйеніп, Нұр-Сұлтан қ. ІІД департаменті ҰҚК-мен бірлесіп тексеріс жүргізіп, қудалауды бастады…

Бірақ олар да түсініп отыр, Аруақпен ерегісіп береке таппайтынын, Қазақ жеріндергі қаншама Киелі орындарды азулы патшаның заманында жермен-жексен етуге тырысқанымен, кейінен олардың техникалары істен шығып, оған атсалысқандардың кейінен мүгедек, кейбіреулерінің өмірден ұрпақсыз өткенін де біледі. Алысқа бармай-ақ, Сыр өңіріндегі Аққұм ауылында Рысқұл бақсының басына қойылған белгіні орнынан алып тастағандар мен пәрмен берушінің тағдырының қалай өзгергенін жергілікті жұрт жақсы біледі. Аруақпен ойнамайық ағайын…

Жоғарыда атап өткендей, бұл дүние біздердің, яғни адамзаттың ойлап тапқан дүниесі емес, Алланың тарапынан түсіріліп отырған азаптан құтылу жолы.

Тылсым тапсырмасымен 2007 жылдан бері 33 атаулы кітап хатқа түсірілді. Бұл кітаптарда ата-бабаларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Жалпы аманат бойынша 49 кітап жазылып, сол кітаптармен тылсымның 1001 есігі ашылады делінген.

Бұған дейін арнайы жариялап оқымысты ғалымдарды, тарихшыларды, дінтанушалырды, теологтарды, тілшілерді Еліміздің бағы болып байланып тұрған дүниені зерттеуге арнайы шақырағанымызбен, әзірге қозғала қойған ешкім жоқ.

Тәуелсіздік алып арқа-басымызды жия бастаған уақытта, уақыт ауыртпалығын, түрлі кедергілер мен экономикалық дағдарыстардан өту жолында, бір жағынан халықтың рухын көтеру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың бұл бағытта үлкен еңбектер атқарғанын бәріміз білеміз. Оны «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатынан байқауға болады.

Үзінді; *»Мен Елбасы болсамда қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, аруағын қастерлеп, Алласына сиынған елдің перзентімін; Аруақтың бар екені рас болса, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқаның арасында талай төбе дөңбекшіп, талай ісімізге орнынан аунап түсіп, бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп білемін. Лайым сол бабалардың батасы қабыл болсын дегім келеді…

Біз екі жарым ғасырдан астам Ресейдің боданы болып келдік. Сондықтан мен санадағы кұлдық психологияны өзгерту үшін ата-бабалар аруағына сиындым, солардың қасиетті рухын тірілттім. Бүкіл қазаққа сауын айтып, оларға ас беріп тойларын өткіздік. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халқымыз. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін тауып, басына белгі орнаттық, есімдері ел жадында жүрсін деп олардың атын мектептерге, көшелерге, ауыл-селоларға, аудандарға бердік… Ендеше сол аруақтар бізді қолдамады деп кім айта алады?!»*

Бізге белгілі құпияны жасыра тілге тиек етер болсақ, Ақ Ұл — Қыдырәлі Тарыбаев Момбайұлының дүниеден өтерінде берілген аян-хабар негізінде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының түбінде Ата жолының белді қолдаушысына айналатынын аңғартқан.

Ата жолының бүгінгі даму кезеңі – екінші отызжылдыққа қадам басты. Бірінші отызжылдықта біздер зиярат етуді, тазарыну жолдарын, әдептерін үйреніп, қаншама халық тазарынып (теріс қуаттан), әруақтарын көтерді (тозақтан шығарды), қасиет көздері ашылды.

Ал, даму кезеңінің екінші отызжылдығында біздер Ата жолы ғылымын (ілім мен білім ортасын) меңгеруге ден қойып, оған тазалықтың жоғарғы сатысы тақуалықты меңгеру арқылы қол жеткіземіз. Осылайша, Ұлы бабалар кітаптарына жалғану арқылы бойдағы, текте тұрған қасиеттерді меңгеру шарт болмақ.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы да тегін емес… Біздердің «Назарбаевты әлемге Рухани басшы етейік» деп ұсыныс айтуымыздың да негізі бар. https://youtu.be/XMqeUjk7COw

***   ***

Ал, Ағайындар, тылсымнан келген «Уақыты келгенде Отырар кітапханасының орнын Елбасыңа көрсетесің», деген тылсымның аманаты бар. Кітапхана жаугершілік замандарда жойылуына жол бермей жердің астына тығып үлгерген екен. Бұл жөнінде бейнежазбаларда да айтып жүрміз. Ол жерде теріге жазылған Құранның түпнұсқасы мен Адамзат шежіресі табылатынын ескерткен.

Бұл жөнінде ресми тікелей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Елбасы Н. Назарбаевтың атына жазғанымызбен оның жетпейтінінен біздер құлақдармыз, енді қалай жеткіземіз?! Атсалысыңыздар!

Шілде, 2020 жыл.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *