Құрбан айт. Құрбандық.
Армысыздар халайық!
Елімізде пандемиялық аурудың тарау салдарынан шектеу шаралары енгізіліп, соңғы екі аптасында ұзартылу салдарынан айт намазы оқылмайтын болды. Дерек көздеріне жүгінсек, діни басқарманың шешімімен құрбандық шалу шаралары онлайн жүргізу жоспарлануда, қалалы жерлерде мал сойылатын жерлерге күзет қойылып, кейбір қалаларда мал тасымалы шектеледі деген де деректер бар.
Бір қарағанда бұл шаралар дұрыс болып көрінгенімен, дін мамандарының ақылы байланып, Құдайдан хабар ала алмауы, өздерін ғана емес жалпы халықты Ібілістің қақпанына айдап беріп отыр.
Жаратылыс ілімінің бәрі сандық жүйеге бағынатынын ескерсек, жұптылық (қарама-қарсылық) заңдылығына сәйкес, жамандықтың бетін қайтару үшін, керісінше құлшылық амалдарын көбейтіп, мешіттерді, ойпатты жерлерде (киелі жерлерді) ашып, құрбандық аталып ас беріліп, халықты жаппай шама шарқынша Құлшылық амалдарын орындауға шақыру керек еді. Ал бізде бәрі керісінше…
Соған қарамай Құдай тарапы-Тылсымнан жеткен аманатқа сәйкес, мүмкіндік бар жерлерде ел болып бірлесе, біріге қан шығарып, Құрбандық шалу жұмыстарын жүргізген абзал. Бұл шараларды Ата жолы Ордаларында, Әулие-әмбие бастарында, қала берді өз шаңырақтарыңызда жүргізуге болады.
Сонымен қатар, құрбандық рәсімін орындаушы (шалушы) бәрі дәреті намазы бар болуы шарт, бірақ жақсы ниет те қалыс болады. Құран оқушы, бағыштаушы ата баба аруағына жалғанушы тақуалық жолда болуы керек. Бұл шаралар мешітерде атқарылса да, онлайн атқарылса да аруақтар тізімі аталып бағышталып, негізгі шартарының орындалатынына көз жеткізген абзал. Жалпы, жер-көкпен жалғанған ордалар арқылы атқарылса нұр үстіне нұр болар еді…
Шалынған құрбандықтың бір бөлігі халыққа таратылып берілсе, бір бөлігін тума-туыс(жанұяңыз)шақырылып ас беріледі. 21 жұрт және дәметкен Әруақтардың аты аталып құран бағышталады. Қатысушылардың ниеттестер, тілектестер қатары болып, барлығының да толық дәретті болғаны дұрыс.
***
Енді тылсым төрінен құрбандық шалудың, пітірдің нығметтері мен шипасы туралы деректерді келтіре кетейік.
Жылқы малы; Қан тазарады тектілік жалғанады. Жылқы малына «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген амал жүрмейді. Ештеме жұқпайтын мал — жылқы. Сондықтан сүйекті бекітумен, сүйекті сындырудан сақтайды.
Түйе малы; Қызбалыққа төзімділікті қалыптастырады. Еңбек бекиді. Арам өлуден күзетеді. Ымырттағы желден сақтайды.
Сиыр малы; Тілектестік болады. Қарауытудан сақтайды. Тылсымнан білім келеді. Ауыр жүкті жеңілдетеді.
Қой малы; Тектілікпен жалғану болады. Бас киіммен байланысты қуат келеді. Жамандықтарды қайтарады. Арсын-гүрсін мінезді тоқтады. Дененің түгіне ем түседі.
Ешкі малы; Ерлік бар. Аяндаумен болады. Теріге, көзге ем шипа түседі. Қыл тамақты ашады. Көк жөтелге ем түседі. Қуыққа ем болады.
Жалпы рамазан айында пітір беру орындалмай ұмыт қалған зекеттермен, садақалардың орын жабуға, дүние мүлік, жанды арамнан тазартуға Алланың рахымы болмақ. Сондықтан малыңа пітір беру құрбандықпен, ауыз аштырумен болса, ал енді жан садақасы әркімін жан ұясындағы жаның санына қарай өз еркімен ниетімен береді (мешітердің жыл сайын жинайтын пітірі).
Үшінші, ол — жол садақасын беру; әулие-әмбилерге зияратаумен және мінген көлігіне түрлі жол аптарынынан бәле-жәледен сақтануға тасатық тұрғысында жетім, жесірлерге Алла жолындағыларға берілетін садақа болмақ. Мұны көлігі жоқтарда сақтансаң сақтармыз, деген қағиданы ұстанумен беруге болады.
Ата жолы. 2020ж, шілде.