Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

ШЫҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚОҢЫР ӘУЛИЕ


Сүлеймен пайғамбарға қатысты деректерді зерделеу барысында Қоңыр Әулие белгісін салған еді. Қолда бар мәліметтерді жүйелеп, бүгінге дейін жеткен деректерді бір арнаға тоғыстыру мақсатында осы жазба хатқа түсірілді. Бұл еңбек түпкілікті қорытынды жасауды емес, болашақтағы жан-жақты зерттеулерге, соның ішінде тарихи, этнографиялық және халықтық танымға қатысты ізденістерге негіз болатын бастапқы деректер қорын қалыптастыруды көздейді. Егер тылсымнан Әулие аруағы белгісін салатынан ескерсек, бұл зерттеу түбінде қандайда бір тұлғаға алып келетіні сөзсіз. Қазірше негізін қалау үшін тек белгілі ақпараттарды жүйелеп шығамыз.

ШЫҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚОҢЫР ӘУЛИЕ

Шыңғыстаудың әр тасы өткеннен сыр шертетіндей. Бұл өңірдің тау жоталары мен өзен аңғарлары, қыстаулары мен көне жолдары қазақ тарихының сан қилы кезеңіне куә. Бір жерде ел бастаған тұлғалардың ізі қалса, енді бір жерде жаугершілік заманның жаңғырығы сезіледі. Кейбір мекендер ұлы ақындар мен ойшылдардың өмірімен астасып, халық жадында рухани кеңістікке айналды. Ал кейбір орындардың тарихында нақты дерек пен ел аузындағы аңыз бір-бірімен астасып жатады.

Қоңыр әулие – сондай мекендердің бірі.

Үңгір атауының өзі талай сауалға жетелейді. Қоңыр әулие кім болған? Осы өңірде өмір сүрген тарихи тұлға ма? Сопылық жолды ұстанған әулие ме? Әлде халық емшісі немесе көріпкел болған жан ба? Мүмкін, «Қоңыр әулие» әуелден адамның аты емес, табиғи ерекшелігіне байланысты киелі атқа ие болған үңгірдің атауы шығар?

Бұл сұрақтарға берілетін жауап та әртүрлі. Бір аңыз Қоңыр әулиені Нұх пайғамбар заманына апарса, екіншісі оны Шыңғыс ханмен байланыстырады. Кейбір әңгімелерде үңгір жоңғар шапқыншылығы кезінде паналау орны ретінде суреттеледі. Ал кейінгі жылдары оған «энергия шоғырланған мекен», «тылсым күштің қақпасы» немесе «Шыңғыс ханның құпия қабіріне апаратын жол» деген түсініктер де қосылды.

Осындай аңыздардың молдығы Қоңыр әулиенің халық жадындағы ерекше орнын аңғартады. Алайда аңыздың көп болуы оның бәрі тарихи ақиқат дегенді білдірмейді. Сондықтан Қоңыр әулиенің тарихын тануда әр деректің қай кезеңде, қандай жағдайда және кім арқылы жеткенін ажырата білу – осы зерттеудің басты қағидаларының бірі.

1. Киелі орынның мәдени өмірбаяны.

Адамның өмірбаяны болатыны сияқты, белгілі бір мекеннің де өз өмірбаяны бар. Әуелде ол жай ғана тау, бұлақ немесе үңгір болуы мүмкін. Уақыт өте адамдар оған ерекше мән бере бастайды. Біреу сол жерден шипа тапқанын айтады, енді бірі аян көргенін жеткізеді, тағы бір оқиға мекенді тарихи тұлғамен байланыстырады. Осындай әңгімелер ұрпақтан ұрпаққа ауысып, әр дәуірде жаңа мағынамен толығады. Сөйтіп, табиғи нысан халық жадында киелі кеңістікке айналады.

Қоңыр әулиенің мәдени өмірбаяны да бірнеше тарихи қабаттан тұрады. Оның ең көне қабаты – табиғаттың өзі: тау қойнауындағы үңгір, жерасты суы, әктасты түзілімдер мен қараңғы қуыстар. Келесі қабат – адамдардың осы кеңістіктегі тәжірибесі: үңгірге кіру, түнеу, суға түсу, тілек тілеу, шипа күту. Осы тәжірибе уақыт өте ауызша дәстүрге ұласып, шипа, хикмет, тыйым және тылсым оқиғалар туралы әңгімелерді қалыптастырды.

Келесі қабат – жазба деректер. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында өлкетанушылар жергілікті мәліметтерді қағазға түсірді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – В. Брюхановтың 1912 жылы жарияланған Қоңыр әулие туралы сипаттамасы. Ал ең кейінгі қабатта бұрынғы түсініктер жаңа мазмұнмен толықты. Нұх пайғамбар, Шыңғыс хан, батырлар, жасырын қазына, құпия қабір немесе «энергия шоғырланған орын» туралы әңгімелер осы кезеңде Қоңыр әулиенің мәдени өмірбаянына қосылған жаңа түсіндірулер ретінде қарастырылады.

Толық оқу…


Сүлеймен пайғамбар


Бұл зерттеудің басталуына Сүлеймен пайғамбардың зиратына барғаным туралы көрген түсім түрткі болды. Түсімде оның қабірі қаланың ортасында, үйлердің арасында орналасқандай көрінді. Жол үстінде алдына жайма жайып отырған бір адам маған бірдеңе айтты, бірақ сөзін толық ести алмадым. Осы көрініс Сүлеймен пайғамбардың өмірі, тарихи дәуірі және әртүрлі халықтардың жадындағы бейнесі туралы тереңірек іздену қажет деген ойға жетеледі. Бұл түс зерттеудің дерегі емес, зерттеуге бастау болған жеке себеп ретінде ғана қабылданды.

Сүлеймен пайғамбар

Сүлеймен пайғамбар — Құранда есімі аталып, өмірінен маңызды оқиғалар баяндалған пайғамбарлардың бірі. Исламдық дәстүрде ол Алланың елшісі, дана төреші және үлкен мемлекет басқарған әділ патша ретінде танылады. Оған адамдардан бөлек, құстардың тілін түсіну, желдің күшін пайдалану және жындардың белгілі бір қызметтерін басқару секілді ерекше мүмкіндіктер берілген. Алайда Құран Сүлейменді ең алдымен ғажайып билік иесі ретінде емес, өзіне берілген нығметтерді Алланың сынағы деп түсінген шүкіршіл құл ретінде көрсетеді (Нәмл, 27:15–19, 40; Сад, 38:30–40).

Сүлеймен пайғамбар туралы әңгімелер ислам әлемімен ғана шектелмейді. Оның есімі көне иврит тіліндегі діни кітаптарда, христиандық жазба дәстүрде, араб және парсы тілдеріндегі тәпсірлер мен қиссаларда, түркі халықтарының ауыз әдебиетінде және қазақтың діни-ғибраттық хикаяларында кездеседі. Осы ұзақ тарихи айналым барысында Құранда берілген пайғамбар бейнесіне әр дәуір мен әр халықтың дүниетанымына сәйкес жаңа оқиғалар, кейіпкерлер және моральдық түсіндірмелер қосылған.

Сондықтан Сүлеймен пайғамбар туралы сөз қозғағанда екі түрлі мәтіндік қабатты ажырата білу қажет. Біріншісі — Құран мен сенімді хадистерге негізделген діни мәліметтер. Екіншісі — тәпсірлердегі қосымша риуаяттар, пайғамбарлар қиссалары және халық арасында қалыптасқан аңыздар. Бұл жазбада Құран негізгі өлшем ретінде алынып, кейінгі жазба және фольклорлық материалдар сол Құрандық бейненің әртүрлі мәдени орталарда қалай қабылданғанын көрсету үшін пайдаланылады.

Өмір сүрген дәуірі және шыққан тегі

Сүлеймен пайғамбардың туған және қайтыс болған жылдары Құранда көрсетілмейді. Көне израилдік хронологияға негізделген дәстүрлі есеп бойынша, оның билік құрған кезеңі шамамен б.з.д. 970-931 жылдар аралығына жатқызылады. Бұл мерзім қазіргі тарих ғылымында шартты хронология ретінде қолданылады, өйткені Сүлеймен патшалығының көлемі, саяси құрылымы және кейбір оқиғалары жөнінде зерттеушілер арасында пікірталас бар.

Толық оқу…


Абылай хан дәуірі: Қазақ мемлекеттілігінің сындарлы кезеңі


XVIII ғасыр – қазақ халқының тарихындағы шешуші кезең. Бұл дәуірде ел тағдыры сыртқы шапқыншылықпен ғана емес, ішкі саяси бытыраңқылықпен де сынға түсті. Қазақ хандығы әлсіреп, үш жүздің дербестікке ұмтылысы ортақ билік тетіктерін әлсіретті. Осындай күрделі жағдайда сахнаға шыққан Абылай хан қазақ мемлекеттілігін сақтап қалуда айрықша рөл атқарды.

XVII ғасырдың соңында Тәуке хан тұсындағы салыстырмалы тұрақтылық оның қайтыс болуынан кейін бәсеңдей бастады. Ортақ құқықтық негіз сақталғанымен, нақты саяси ықпал жүздер деңгейінде шашырап кетті. Бір орталыққа бағынған тұрақты әскери жүйенің болмауы сыртқы қауіп алдында әлсіздік туғызды. Ал бұл кезеңде Жоңғар хандығы күшейіп, орталықтанған әскери мемлекетке айналған еді.

1723 жылғы жаппай шапқыншылық қазақ қоғамының ішкі әлсіздігін айқын көрсетті. «Ақтабан шұбырынды» аталған бұл апат демографиялық, экономикалық және саяси күйзеліс әкелді. Алайда дәл осы қасірет ел санасында бірігу қажеттігін күшейтті. Кейінгі Ордабасы жиыны мен жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шайқастар осы тарихи сабақтың нәтижесі болды.

Абылай ханның дәуірі осы дағдарыстан кейінгі қайта серпіліс кезеңімен тұспа-тұс келді. Ол тек батыр қолбасшы емес, күрделі саяси жағдайда бағыт-бағдар таба білген тұлға ретінде ерекшеленді. Оның қызметі әскери күреспен ғана шектелмей, ішкі тұрақтылықты сақтау, сыртқы саясатта тепе-теңдік ұстану және қазақ жерінің тұтастығын қорғау міндеттерімен сабақтасты.

Бұл кезеңде толық орталықтанған мемлекет қалыптасты деу қиын. Дегенмен XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси ықпалдың бір орталыққа шоғырлануы байқалды. Абылайдың беделі руаралық алауыздықты тежеуге, ал сыртқы саясаттағы икемділігі қазақ жерін ірі империялардың тікелей тәуелділігіне түсірмеуге мүмкіндік берді.

Сондықтан Абылай дәуірі – күйреу қаупінен сақталып, мемлекеттілік негізі қайта нығайған тарихи белес. Бұл кезеңді түсіну үшін оның алдындағы дағдарыс жағдайын және сол дағдарыстан туындаған бірігу үдерісін назарға алу қажет.

Толық оқу…


Кенесары, Абылай хандар және Қабанбай батыр қорымдары туралы


Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8,
Министрліктер үйі, 1
5-кіреберіс

Көшірмесі: Tengrinews.kz редакциясына

«Ата-баба жолымен рухани жаңару»
Аумақтық қоғамдық бірлестігінен

БСН 200940038348
atazholy.kz@gmail.com
+7 707 974 0376 ( Айнұр )

Кенесары, Абылай хандар
және Қабанбай батыр қорымдары туралы.

Ұлтымыздың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары мен дүниетанымының қалыптасуында халқымыздың философиялық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің өзіндік орны бар екені белгілі. Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдіреді. Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра түсуде.

Осы орайда, «Ата-баба жолымен рухани жаңару» аумақтық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі — Бірлестік) өз жарғысы шеңберінде ұлттық құндылықтарды зерделеу, зерттеулер жүргізіп, бүгінгі ұрпаққа насихаттаумен айналысып, белсенді жұмыстар атқаруда.

Айтар болсақ, 2019 жылы Абылай Хан және Қабанбай батыр зират орны тылсымның көмегімен анықталды. Абылай Хан қорымында жерленген 17 сарбаздың және Қабанбай батыр қорымында жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды. Абылай Хан қорымы: Ақкөл ауданы, Радовка ауылының сыртында, 1,5-2 шақырым қашықтықта орналасқан, Қабанбай батыр қорымы: ШҚО, Үржар ауданы, таудың бөктері «Сары бел»- деген жерден табылып отыр. Екі қорымға да белсенді ел азаматтары атсалысып белгі қойылған.

Толық оқу…


Ақ Ұл бастаған ар жолы


1997 жылы ұстазымыз Қыдырəлі (Ақ Ұл) Тарыбаев ағамыздың бастауымен Ата жолы өз ісін бастады. Сөзімді ауыздан ауызға жеткен аңыз бойынша баяндайын.

Көкте Жаратқан Иеміз жер бетін, адамзатты жоймақшы болып қаһарланғанда, қазақтың əулиелері тылсымнан шырылдап тілеу тілейді. Әулиелер Алладан жалбарынып тағы да бір рет мүмкіндік беруін, тірілерді иманға келтіріп, ақ жолға салуға мұрсат беруін тілейді. Бес алып əулиелер бастап, қалғандары қоштап, періште анамыз Айша бибі əумин деп, Жаратқан иемізден тілектері қабыл болыпты деседі.

Бес алып əулие-аталар: Түктібай ата, Сүйінбай ата, Сарыбай би ата, Жамбыл ата, Қайназар аталар күллі қазақ арасынан Қыдырəлі ағамызды таңдапты. Түсіне еніп, Ақ жолды бастауды бұйырыпты. Ақ Ұл ағамыздың кеңпейілділігі, жомарттығы, аққөңіл, нағыз қазақ нәсіліне тән дархан мінезі барша қазақ баласынан биік тұрса керек. Аруақтың үндеу, бұйрықтарын өзі де бірде түсінсе, бірде түсінбей жүріп осы ауыр да қастерлі жолды абыраймен атқарып шықты.

Толық оқу…


ЯСАУИГЕ ШӘКІРТ БОЛҒАН БАБА МАШЫН


Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанынан ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар да хабардар болады.

Күншілдік шіркін қойсын ба, көре алмаған кейбірі Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да тосқауыл қоюды ойластыра бастайды. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің ілімі мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға келген соң, Қожа Ахметке жолығады.

Баба Машын:

– Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапанды сенбісің?

Күн сайын барлық адамның көзінше жиырма төрт миль қашықтыққа ұшып барып келетін ол қол жеткізген рухани дәрежесінің әсерінен көкіректеніп, тәкаппарлық көрсетіп, Қожа Ахмет Ясауидің мәжілісінде әйел-еркек бірге отырғанын көріп кінәламақшы болады. Оңайлықпен басыла қоймаған Баба Машынды Қожа Ахметтің бұйрығымен шәкірттері Хакім ата мен сопы Мұхаммед Данышпан теккенің (сопылардың, дәруіштердің мәжіліс құратын жері) тіреуіне мықтап байлап тастайды. Жүз кісінің шамасы келмейтін ердің екі кісіге әлі келмеді.

Толық оқу…


Қазақтың ұлттық киімінің қадір-қасиеті


Қазақтың ұлттық киімін кигенде рух көтеріледі, шабыт тасиды. Сенімділік пен өз ұлтына деген мақтаныш сезімі пайда болады. Адамның рухани дәрежесі өседі. Тапқаны берекетті, олжалы болады. Аталар мен аналар қолдауы келеді. Өзге ұлттан үстемдігіңді сезінесің. Адамдар арасында бауырмалдық, мейірімділік орнайды. Ақындық, әншілік қасиет дамиды. Өзге ұлттың басынуы болмайды. Отанға сүйіспеншілік орнайды. Отбасында мейірім болады.

Мәсі

Мәсі— аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді.

Мәсі — жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы.

Мәсі бой дәретті сақтайды, әйелдер жермен жалғануы үшін мәсі кию керек. Жермен жалғанғанда бойдағы қара қуаттар жерге сіңіп, әйел адам жерден қуат алып тазарып отырады. Жермен жалғанған әйел затында жатыр, қан аурулары болмайды. Дені сау, қуатты болады. Ал, мәсі киіп жүрген ер адамдар жерден келетін қара қуаттардан қорғанып жүреді.

Толық оқу…


ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ ƏУЛИЕГЕ КЕСЕНЕ ҚАЛАЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ.


Әулиелердің әулиесі Әзірет Сұлтан хикметінен қанаттанған Әмір Темір майдан даласында еш жеңілісті білмепті. Күндердің күнінде Əмір Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастайды.

Сол кезде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріп:

– «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің аруағым сені демеп жүреді».

Сонда Əмір Темір:

– «Мен Сізді қайдан табамын?» – дегенде,

Қожа Ахмет Ясауи:

– «Жолды мен өзім көрсетемін», – деген екен.

Толық оқу…


Мөңке бидің болашақ туралы болжамы


Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады…
Толық оқу…


Ойлантқан сапар


Қыстың бір күнінде Маруан апа екеуміз борандатып Астананың Артём базары жағына қарай халықтан сұхбат алуға шықтық. Базарға барған себебіміз: ол жерде халық көп жүреді. Қазір халықтан сұхбат алу да оңай емес. Жанталасқан жұрт, көп адамдар камерадан қорқады. Сол жерде тұрып бес-алты адамнан сұхбат алдық. Сұрағымыз: халықтың салт-дәстүрді жалғастыруына, ұлттық киімді күнделікті өмірде киюіне қалай қарайсыз, аруақ ұғымын қалай түсінесіз? Бұл жолғы сапарымызда Маруан апа екеумізді қатты қынжылтқан әрі ойлантқан, елдің болашағына алаңдатқан жап-жас жігітпен болған сұхбат еді.

Көзілдірікті, өзі ап-арық, бойы да шап-шағын жігіттен:
— Аруаққа сенесің ба? — деп сұрап едік.
Ол шошып кетіп:
— Құдай сақтасын тек бір Аллаға сенемін, — дейді.
Маруан апа сабырлы, ақыл тоқтатқан, өзі мұғалім болған кісі. Оңайлықпен ашуланбайды. Ал, менің қаным дереу басыма шауып кеткен ғой. Өзім камера ұстап тұрмын.

Маруан апа сабырмен:
— Сен тарихтан Абылай хан деген атамыздың болғанын білесің ба? Сол атамыз қазақ елі құрып кетудің аз ақ алдында тұрғанда үш жүздің басын қосып, «аруақ» деп жауға шауып жоңғарлардан жерімізді аман алып қалған.
— деп әп-әдемі әңгімесін айтып тұрса: — Олар білмеген, олар адасқан, — ғой деп қарап тұр. Сол жерде тұрып ана сүті аузынан кеппеген інішекке аруақ ұғымын түсіндірген болдық.

Толық оқу…


Сүйінші!!!

Ақ сарбас, Ақ сарбас,
Жақсылық болсын тоқталмас.
Бақ құсы қонып қазаққа,
Күш-қуат бітті қанатқа.

Шуақ нұр таң атқанда,
Аруақ үнін қатқанда.
Тылсымнан есік ашқанда,
Бөрікті атқын аспанға.

Әрі қарай