Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Кенесары, Абылай хандар және Қабанбай батыр қорымдары туралы


Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8,
Министрліктер үйі, 1
5-кіреберіс

Көшірмесі: Tengrinews.kz редакциясына

«Ата-баба жолымен рухани жаңару»
Аумақтық қоғамдық бірлестігінен

БСН 200940038348
atazholy.kz@gmail.com
+7 707 974 0376 ( Айнұр )

Кенесары, Абылай хандар
және Қабанбай батыр қорымдары туралы.

Ұлтымыздың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары мен дүниетанымының қалыптасуында халқымыздың философиялық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің өзіндік орны бар екені белгілі. Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдіреді. Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра түсуде.

Осы орайда, «Ата-баба жолымен рухани жаңару» аумақтық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі — Бірлестік) өз жарғысы шеңберінде ұлттық құндылықтарды зерделеу, зерттеулер жүргізіп, бүгінгі ұрпаққа насихаттаумен айналысып, белсенді жұмыстар атқаруда.

Айтар болсақ, 2019 жылы Абылай Хан және Қабанбай батыр зират орны тылсымның көмегімен анықталды. Абылай Хан қорымында жерленген 17 сарбаздың және Қабанбай батыр қорымында жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды. Абылай Хан қорымы: Ақкөл ауданы, Радовка ауылының сыртында, 1,5-2 шақырым қашықтықта орналасқан, Қабанбай батыр қорымы: ШҚО, Үржар ауданы, таудың бөктері «Сары бел»- деген жерден табылып отыр. Екі қорымға да белсенді ел азаматтары атсалысып белгі қойылған.

Толық оқу…


Ақ Ұл бастаған ар жолы


1997 жылы ұстазымыз Қыдырəлі (Ақ Ұл) Тарыбаев ағамыздың бастауымен Ата жолы өз ісін бастады. Сөзімді ауыздан ауызға жеткен аңыз бойынша баяндайын.

Көкте Жаратқан Иеміз жер бетін, адамзатты жоймақшы болып қаһарланғанда, қазақтың əулиелері тылсымнан шырылдап тілеу тілейді. Әулиелер Алладан жалбарынып тағы да бір рет мүмкіндік беруін, тірілерді иманға келтіріп, ақ жолға салуға мұрсат беруін тілейді. Бес алып əулиелер бастап, қалғандары қоштап, періште анамыз Айша бибі əумин деп, Жаратқан иемізден тілектері қабыл болыпты деседі.

Бес алып əулие-аталар: Түктібай ата, Сүйінбай ата, Сарыбай би ата, Жамбыл ата, Қайназар аталар күллі қазақ арасынан Қыдырəлі ағамызды таңдапты. Түсіне еніп, Ақ жолды бастауды бұйырыпты. Ақ Ұл ағамыздың кеңпейілділігі, жомарттығы, аққөңіл, нағыз қазақ нәсіліне тән дархан мінезі барша қазақ баласынан биік тұрса керек. Аруақтың үндеу, бұйрықтарын өзі де бірде түсінсе, бірде түсінбей жүріп осы ауыр да қастерлі жолды абыраймен атқарып шықты.

Толық оқу…


ЯСАУИГЕ ШӘКІРТ БОЛҒАН БАБА МАШЫН


Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанынан ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар да хабардар болады.

Күншілдік шіркін қойсын ба, көре алмаған кейбірі Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да тосқауыл қоюды ойластыра бастайды. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің ілімі мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға келген соң, Қожа Ахметке жолығады.

Баба Машын:

– Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапанды сенбісің?

Күн сайын барлық адамның көзінше жиырма төрт миль қашықтыққа ұшып барып келетін ол қол жеткізген рухани дәрежесінің әсерінен көкіректеніп, тәкаппарлық көрсетіп, Қожа Ахмет Ясауидің мәжілісінде әйел-еркек бірге отырғанын көріп кінәламақшы болады. Оңайлықпен басыла қоймаған Баба Машынды Қожа Ахметтің бұйрығымен шәкірттері Хакім ата мен сопы Мұхаммед Данышпан теккенің (сопылардың, дәруіштердің мәжіліс құратын жері) тіреуіне мықтап байлап тастайды. Жүз кісінің шамасы келмейтін ердің екі кісіге әлі келмеді.

Толық оқу…


Қазақтың ұлттық киімінің қадір-қасиеті


Қазақтың ұлттық киімін кигенде рух көтеріледі, шабыт тасиды. Сенімділік пен өз ұлтына деген мақтаныш сезімі пайда болады. Адамның рухани дәрежесі өседі. Тапқаны берекетті, олжалы болады. Аталар мен аналар қолдауы келеді. Өзге ұлттан үстемдігіңді сезінесің. Адамдар арасында бауырмалдық, мейірімділік орнайды. Ақындық, әншілік қасиет дамиды. Өзге ұлттың басынуы болмайды. Отанға сүйіспеншілік орнайды. Отбасында мейірім болады.

Мәсі

Мәсі— аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді.

Мәсі — жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы.

Мәсі бой дәретті сақтайды, әйелдер жермен жалғануы үшін мәсі кию керек. Жермен жалғанғанда бойдағы қара қуаттар жерге сіңіп, әйел адам жерден қуат алып тазарып отырады. Жермен жалғанған әйел затында жатыр, қан аурулары болмайды. Дені сау, қуатты болады. Ал, мәсі киіп жүрген ер адамдар жерден келетін қара қуаттардан қорғанып жүреді.

Толық оқу…


ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ ƏУЛИЕГЕ КЕСЕНЕ ҚАЛАЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ.


Әулиелердің әулиесі Әзірет Сұлтан хикметінен қанаттанған Әмір Темір майдан даласында еш жеңілісті білмепті. Күндердің күнінде Əмір Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастайды.

Сол кезде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріп:

– «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің аруағым сені демеп жүреді».

Сонда Əмір Темір:

– «Мен Сізді қайдан табамын?» – дегенде,

Қожа Ахмет Ясауи:

– «Жолды мен өзім көрсетемін», – деген екен.

Толық оқу…


Мөңке бидің болашақ туралы болжамы


Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады…
Толық оқу…


Ойлантқан сапар


Қыстың бір күнінде Маруан апа екеуміз борандатып Астананың Артём базары жағына қарай халықтан сұхбат алуға шықтық. Базарға барған себебіміз: ол жерде халық көп жүреді. Қазір халықтан сұхбат алу да оңай емес. Жанталасқан жұрт, көп адамдар камерадан қорқады. Сол жерде тұрып бес-алты адамнан сұхбат алдық. Сұрағымыз: халықтың салт-дәстүрді жалғастыруына, ұлттық киімді күнделікті өмірде киюіне қалай қарайсыз, аруақ ұғымын қалай түсінесіз? Бұл жолғы сапарымызда Маруан апа екеумізді қатты қынжылтқан әрі ойлантқан, елдің болашағына алаңдатқан жап-жас жігітпен болған сұхбат еді.

Көзілдірікті, өзі ап-арық, бойы да шап-шағын жігіттен:
— Аруаққа сенесің ба? — деп сұрап едік.
Ол шошып кетіп:
— Құдай сақтасын тек бір Аллаға сенемін, — дейді.
Маруан апа сабырлы, ақыл тоқтатқан, өзі мұғалім болған кісі. Оңайлықпен ашуланбайды. Ал, менің қаным дереу басыма шауып кеткен ғой. Өзім камера ұстап тұрмын.

Маруан апа сабырмен:
— Сен тарихтан Абылай хан деген атамыздың болғанын білесің ба? Сол атамыз қазақ елі құрып кетудің аз ақ алдында тұрғанда үш жүздің басын қосып, «аруақ» деп жауға шауып жоңғарлардан жерімізді аман алып қалған.
— деп әп-әдемі әңгімесін айтып тұрса: — Олар білмеген, олар адасқан, — ғой деп қарап тұр. Сол жерде тұрып ана сүті аузынан кеппеген інішекке аруақ ұғымын түсіндірген болдық.

Толық оқу…


Жындармен айқас


2009 жылдың күз айы еді. Педагогикалық институттың 2-ші курс студентімін. Ақшадан қиналып жүрдім. Күндіз оқимын, түнде көлік жуатын жерде жұмыс жасаймын. Әкем мен анам ажырасқан. Анам қоңырау шалса, менде бәрі жақсы жеткілікті деп уайымдамас үшін өтірік айта саламын. Пәтерге қаражатым жетпеген соң, жұмыс орнында тұруға бастықтан рұқсат алып, сол жерде тұратын болдым.

Сол жерде бір жігітпен танысып, кейін екеуміз дос болып кеттік. Сол досыммен әңгімелесіп бір-біріміздің арманымызбен бөлісетінбіз. Мен оған Түркістанға барып кесенелерді өз көзіммен көрсем екен деп арманымды айттым.

Ол: «Мен сені бір емші адаммен таныстырайын, ол кісі сондай жерлерге барады»,- деді. Арманыма жету үшін сол кісіге бармақ болдым.

Сол кездерде көзім ілінсе болды, үнемі аяқ-қолымды байлап, қара адамдар қылғындырып, үстіме мініп, қинай беретін. Соңғы кезде денемнен жанымды суырып сүйреп әкетіп бара жатқанда бісмілләмді айтып зорға құтылдым. Туысқандарыма айтсам ешкім мені түсінбейді. Ұйқтайын десем жүрегімді қорқыныш басады.

Бір күні түс көрдім. Анам жылап мені емдейтін емші іздеп жүр екен. Алдымыздан бір ата шығып, Мәшһүр Жүсіп атаға жол көрсетіп жатыр. Енді бір кезде Мәшһүр ата алдымда отыр. Ортамызда дөңгелек стол. Басында үкісі бар тақия киген. Айналамыз тастай қараңғы. Маған әлденені айтып жатқандай болды. Осы түсімнен кейін досым себеп болып Ата жолына келдім.

Батада: «Мәшһүр атаң қолдап Ордаға жеткізген екен», — деді. Батаны өлеңдетіп шығарғанда «бұл кісі бәрін қалай жаттап алған» деп ойладым. Содан бері құран жаттап, дәрет алуды үйрендім. Күнде сүре жаттап, жетекшіме айтып беремін. Содан кейін түсімде әлгі жындар келгенде сүре оқып, айқасып жеңе бастадым.

Данияр


Имамды алдаған жын


Осы 2020 жылдың көктемінен бастап мешітке тазалықшы болып жұмысқа тұрдым.

Наурыз айында күйеуім Талғат екеуміз мешітке келдік. Бейсенбі күні болатын. Әдеттегідей мешітте тазалық жұмысын жасап жүрдім. Имам ұзақ сүре оқып жатты. Ішімнен «неге сонша ұзақ оқыды» деп ойлап қоямын. Екінші қабаттың тазалығын бітіріп, бірінші қабатты тазалауға кірістім. Талғат ортақ залда кітап оқып мені күтіп отырды. Маған имам әйел адамға дем салып отырғандай сезілді. Күйеуімнен: «Әйелді оқып отыр ма?» — деп сұрадым.

Ол: «Жоқ, бір еркекті әкелді. Ішінде әйел жыны бар, имам соны оқып отыр», -деді. Мешітте дем салатын бөлме бөлек еді. Талғат: «Қызық, имам жын сүресін оқып бастағанда еркек тулады, абыржыды. Мен жын сүресін жатқа білмеймін, бірақ жүрегім танып тұр. Бөлмеге кіріп көрмесем де сезіп отырмын. Сүре оқығанда ана қатын жын еркектен шығып бөлмені шарлады. Төбеге ұшты да қайта қонып имамның тамағына жармасты. Имам болса оны сезді ма қақалып, шашалып, жөтел қысып қиналды. Сонда да оқуын жалғастыра берді. Сосын Ясин сүресін оқыды. Жын еркектен қайта шығып, маған қарай жақындады. Екеуміз бір-бірімізге қарап тұрдық. Ол бірақ бата алмады. Сонда жын: «Имам бақсы емес. Олар мені шықты деп оқи берсін, бірақ мен сырттан тосатын болам. Мешіттен бір қадам аттағанда қайта кірем. Оқып отырған адамының таза жүрмейтінін олар қайдан білсін»,- деді де кетіп қалды. Имам тағы да фалақ сүресін оқи бергенде жын жоғарыға шарықтап ұшып екінші қабатты шарлады. Саған сыртыңнан қарап тұрды, бірақ тиіспеді. Құдайдың құдіреті ана жын сені менің әйелім екенін біліп түсініп тұр»,- деді.

Ал, имам болса демін салып, Құран аяттарын оқып бітірді.

Фируза Алданова.


Аманат


2004 жыл. Студентпін. Жермен жолсапарға шықтық. Көлік жаңалау. Апам, жездем, мен және құрбым. Байқоңырдан тойдан қайтып келе жатырмыз. Қармақшыға жақындадық. Жолда Қорқыт ата мен арасы 50 метр қашықтықта Ақсақ қыз әулие жатыр. Жолдан Қорқыт атаға түсіп құран бағыштадық.

Жездеме айтам: «Әне жақын ғой. Ақыры келдік, Ақсақ қызға сәлем беріп, құран бағыштап бір жола шығайық»,- деп.

Ол: «Өлгендерді аралап, түгендеп жүретін уақыт жоқ»,- деп қырсықты.

Сонымен қайтадан жолға шығып кеттік. Қармақшы мен Жалағаш аудандарының қиылысында көліктің барлық есігі тас болып құлыпталып, ашылмай қалды. Тежегіш, меңгергіш рөл бәрі істен шықты. Өте ақырын жылдамдықпен келеміз. Не озбайды, не қалмайды. Жездем сабырсыздау. «Не болды» деп, бәрін түртіп көруде.

Сосын маған: «Сенің кесірің, өлген аруақтарыңды шақырдың ба?» — деп айқайлай бастады. Мен ішімнен: «Құдай сабыр бер, сабыр сабыр»,- деп отырмын. Бір уақытта көлік тоқтады. Есіктер құлыптардан ажырады. Сыртқа атып шықтық. Жездем бәрін тексерді, ештеңе жоқ. Әрі қарай жолымызды жалғастырып Қызылордаға әрең жеттік-ау!

Толық оқу…