Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

ЯСАУИГЕ ШӘКІРТ БОЛҒАН БАБА МАШЫН


Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанынан ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар да хабардар болады.

Күншілдік шіркін қойсын ба, көре алмаған кейбірі Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да тосқауыл қоюды ойластыра бастайды. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің ілімі мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға келген соң, Қожа Ахметке жолығады.

Баба Машын:

– Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапанды сенбісің?

Күн сайын барлық адамның көзінше жиырма төрт миль қашықтыққа ұшып барып келетін ол қол жеткізген рухани дәрежесінің әсерінен көкіректеніп, тәкаппарлық көрсетіп, Қожа Ахмет Ясауидің мәжілісінде әйел-еркек бірге отырғанын көріп кінәламақшы болады. Оңайлықпен басыла қоймаған Баба Машынды Қожа Ахметтің бұйрығымен шәкірттері Хакім ата мен сопы Мұхаммед Данышпан теккенің (сопылардың, дәруіштердің мәжіліс құратын жері) тіреуіне мықтап байлап тастайды. Жүз кісінің шамасы келмейтін ердің екі кісіге әлі келмеді.

Толық оқу…


Қазақтың ұлттық киімінің қадір-қасиеті


Қазақтың ұлттық киімін кигенде рух көтеріледі, шабыт тасиды. Сенімділік пен өз ұлтына деген мақтаныш сезімі пайда болады. Адамның рухани дәрежесі өседі. Тапқаны берекетті, олжалы болады. Аталар мен аналар қолдауы келеді. Өзге ұлттан үстемдігіңді сезінесің. Адамдар арасында бауырмалдық, мейірімділік орнайды. Ақындық, әншілік қасиет дамиды. Өзге ұлттың басынуы болмайды. Отанға сүйіспеншілік орнайды. Отбасында мейірім болады.

Мәсі

Мәсі— аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді.

Мәсі — жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы.

Мәсі бой дәретті сақтайды, әйелдер жермен жалғануы үшін мәсі кию керек. Жермен жалғанғанда бойдағы қара қуаттар жерге сіңіп, әйел адам жерден қуат алып тазарып отырады. Жермен жалғанған әйел затында жатыр, қан аурулары болмайды. Дені сау, қуатты болады. Ал, мәсі киіп жүрген ер адамдар жерден келетін қара қуаттардан қорғанып жүреді.

Толық оқу…


ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ ƏУЛИЕГЕ КЕСЕНЕ ҚАЛАЙ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ.


Әулиелердің әулиесі Әзірет Сұлтан хикметінен қанаттанған Әмір Темір майдан даласында еш жеңілісті білмепті. Күндердің күнінде Əмір Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастайды.

Сол кезде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріп:

– «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің аруағым сені демеп жүреді».

Сонда Əмір Темір:

– «Мен Сізді қайдан табамын?» – дегенде,

Қожа Ахмет Ясауи:

– «Жолды мен өзім көрсетемін», – деген екен.

Толық оқу…


Мөңке бидің болашақ туралы болжамы


Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады…
Толық оқу…


Киім – кешекке қатысты ырым — тыйымдар


Теріс киме
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді.
Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді.
Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді.
Алға басқан аяғың, кейін қарай кетеді.

Қазақ халқы адамның денесіне, бас-аяғына киетін киім-кешекті қастерлеп, құрметтейді. Оған байланысты салт-дәстүр, сенім-наным, ырым көп. Қазақ киім-кешекті мұқият таза сақтап, киіп қажетке жаратады.

• Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

Толық оқу…


Ойлантқан сапар


Қыстың бір күнінде Маруан апа екеуміз борандатып Астананың Артём базары жағына қарай халықтан сұхбат алуға шықтық. Базарға барған себебіміз: ол жерде халық көп жүреді. Қазір халықтан сұхбат алу да оңай емес. Жанталасқан жұрт, көп адамдар камерадан қорқады. Сол жерде тұрып бес-алты адамнан сұхбат алдық. Сұрағымыз: халықтың салт-дәстүрді жалғастыруына, ұлттық киімді күнделікті өмірде киюіне қалай қарайсыз, аруақ ұғымын қалай түсінесіз? Бұл жолғы сапарымызда Маруан апа екеумізді қатты қынжылтқан әрі ойлантқан, елдің болашағына алаңдатқан жап-жас жігітпен болған сұхбат еді.

Көзілдірікті, өзі ап-арық, бойы да шап-шағын жігіттен:
— Аруаққа сенесің ба? — деп сұрап едік.
Ол шошып кетіп:
— Құдай сақтасын тек бір Аллаға сенемін, — дейді.
Маруан апа сабырлы, ақыл тоқтатқан, өзі мұғалім болған кісі. Оңайлықпен ашуланбайды. Ал, менің қаным дереу басыма шауып кеткен ғой. Өзім камера ұстап тұрмын.

Маруан апа сабырмен:
— Сен тарихтан Абылай хан деген атамыздың болғанын білесің ба? Сол атамыз қазақ елі құрып кетудің аз ақ алдында тұрғанда үш жүздің басын қосып, «аруақ» деп жауға шауып жоңғарлардан жерімізді аман алып қалған.
— деп әп-әдемі әңгімесін айтып тұрса: — Олар білмеген, олар адасқан, — ғой деп қарап тұр. Сол жерде тұрып ана сүті аузынан кеппеген інішекке аруақ ұғымын түсіндірген болдық.

Толық оқу…


Індеттен қалай сақтанамыз?


Ата дәстүр, салт-сананы ұстанумен, соған тырысумен ғана! «Қазақ» деген ұлт ең жоғарғы номадтық нәсіл болатын, ата салты аяқ асты болып, төменгі нәсілді ұлттардың тыныс тіршілігін өзіне көшіру арқылы, соларға еліктеп, соларша киініп, сөйлеп, өмір салтын ұстанудан, солар жегенді жеп, жалаңаяқ, жалаңбас жүруді салтқа айналдырудан қытай, афро-американ т.б. нәсілдерден де төмендеп, жаны әлсіреп, төменгі қара нәсілдер ауруымен оп-оңай ауыратын халге жетті!

Қандай да індет, дертпен ауырмау үшін әркім Басын қорғасын! «Басыңды қорға» дегеннің де мәні сол, қорғанудың алғы шарты да басын қорғап, сағаттаудан басталмай ма? Өйткені сен тек мұрынмен, ауызбен ғана тыныс алмайсың, бүкіл денең ұсақ түтікшелерден тұрады, тыныс алады!
Тән ұлпасы нәзік губка тәріздес өзіне барлық толқын арқылы енетін қуатты да, сәуле түріндегі қуатты да, не болмаса ауру вирустарын да тартып сіңіріп алуға қабілетті! Надан болмайық, аузыңа ғана тұмылдырық киіп, басың, тәнің ашық болып қорғанам деп ойлама! Еркек, әйелге де ортақ жағдай. Жан керек болса, жаның тәніңде орналасқан, тәніңді қорғай біл, киімнің қадірі де сонда, хайуаннан солай ерекшелеген, киім арқылы тәнін жабады адам баласы.

Толық оқу…


Жер-Анаға түкірме!


Күн жылынды. Бірақ, қала көшелерінде жүру мүмкін болмай кетті. Неге десеңіз? Көшенің бәрі түкірік-түкірік!

Германия көшелерінде аппақ шұлықпен жүрсең де шұлығың кірлемейді деген аңызға бергісіз әңгіме есітіп едім. Ал біздегі жағдайды көрсең бетті басып, тұра қашқың келеді ау! Тазалық жөнінен қазақ неміс бола алмас. Сонда да жан-жағыңа түкірмей жүрсейші!

Жер-Ана деп жерді қадірлеген халықпыз. Анаңның бетіне қалай түкіресің?! Кейбір түкіргіштерге айтарым: түкірер кезде анаңызды есіңізге түсіріңізші.

Толық оқу…


Қазақтың исламға көмегі


Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп таусылып, қалғандарға нәубет жеткенде, Араб жұртынан бір Мұхаммед деген батыр шығыпты! — деп, әуезі айдай әлемге жайылыпты. Түркістан аймағынан, Түрік ұрпағынан, Моғол нәсілінен, «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған күнде «әр рудан біреу болса, ру түгел болмақ» десіп, тоқсан екі батыр атқа мінді дейді.

Тоқсан екі батыр:

— Сол Мұхаммедті барып көрелік. Батырлығы шын болса, жолдас болып жанына ерелік!, – дейді.

Тоқсан екі батырдың мінген көліктері – ат, ұстаған қарулары – бір-бір қатқан қақ сойыл, құрғақ шөлмен жүріп барса, айтқан Мұхаммед мұнан бұрын екі соғысты өткізіп: бірінде жеңіп, бірінде жеңіліп, үшінші соғыстың үстінде тұр екен. Жан-жақтан ереуілдеп шаң шығады екен де, шаңдатып келе жатқандар кәпірлерге қосыла береді екен. Мұсылманға үйден шыққан өздерінен басқа ешкімнің шаңы қосылмайды екен. Күншығыстан бір шаң шықты, бұл шаң кәпірлер тобына бармады. Мұсылмандарға тұп-тура келді. Араб жұрты: мінгені – түйе, көбі жаяу – жалпы, қарулары – бір бір шолақ қылыш, мылтық, найзаны ұстап көрмеген. Ең алғаш ұрыс – төбелеске шыққанда, үш жүз он үш кісі жасаққа шыққан. Бәрінің ортасында көлігі – жетпіс түйе, екі ат, алты сауыт, сегіз қылыш, басқасының қолында тұтам тобылғыда жоқ. Бұлар тоқсан екі батыр – тоқсан екі аттың дүсірі жерді қозғалтқандай болыпты.

Толық оқу…


Қазаққа орынсыз тағылған екі кiнә


Қазаққа – көшпенді, жалқау деп орынсыз тағылған екі кiнә бар. Екеуі де – оттауизм. Қазақ ешуақытта көшпенді болған емес, қазақ – отырықшы. Ол сығандар секiлдi бiр елден екінші елге көшіп жүрген жоқ қой. Өз жерінде малдың ыңғайына қарай жаз жайлауына, қыс қыстауына қоныс аударғанды сендер көшпенді деп оттап жүрсіңдер. Бұл тарих кешірмейтін қателік.

Екінші, қазақ жалқау болса, мал баға ма? Мал – оның өмір сүрудегi ең негізгі көзі. Ол ғасырлар бойы өзін ғана емес, көрші елдердің халқын да етпен қамтамасыз етiп келді. Малды өсiруi, егiн салу, балықты аулау жалқаудың қолынан келе ме? Оны оңай деп кiм айта алады? Малдың бабын табу, жаздық, күздік жайлауын, қыстауын таңдау, қай жерге қалай жаю, жейтін шөбін анықтау, ауырған малды емдеп жазу, айсыз, қараңғы түнде жұлдыздарға қарап сапар шегу, қыран құс, тұлпар баптау, ауа райын болжау, сырқатты емдеу, көкпар тарту, бәйге, күрес, асық, ақсүйек тағы басқа ойындарды ойлап табу дегеннің бiлген адамға жатқан ғалым. Оны игеру үшін ақыл, тәжірибе, өте еңбекқор жандардың толассыз iзденiсi керек.
Толық оқу…