Жер-Анаға түкірме!


Күн жылынды. Бірақ, қала көшелерінде жүру мүмкін болмай кетті. Неге десеңіз? Көшенің бәрі түкірік-түкірік!

Германия көшелерінде аппақ шұлықпен жүрсең де шұлығың кірлемейді деген аңызға бергісіз әңгіме есітіп едім. Ал біздегі жағдайды көрсең бетті басып, тұра қашқың келеді ау! Тазалық жөнінен қазақ неміс бола алмас. Сонда да жан-жағыңа түкірмей жүрсейші!

Жер-Ана деп жерді қадірлеген халықпыз. Анаңның бетіне қалай түкіресің?! Кейбір түкіргіштерге айтарым: түкірер кезде анаңызды есіңізге түсіріңізші.

Жер-Ана адамзатты асыраушы болса, ең ақырында өлген кезде қойнына кіресің ғой. Сол өзің түкіріп ластаған Жер-Ана саған көрпе болады. Өлімді еске алмасқа болмай кетті. Енді қалай жеткіземін?

Жерді қорлаған, жерге түкірген, жерді дәретсіз басқан адамның табаны жерден ажырайды. Жер-Анадан қуат үзіледі. Ал, оның зардабы орасан зор!

Айгүл Тәуіпбаева.
#аталы_жол
#Жер_Ана
#тазалық
#тәртіп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *