Мен Ата жолына қалай келдім?


Бірде жұмыстасым кезекті демалыстан келді. 2005 жылдың қараша айы болатын. «Қай жерде демалдың, қай жерлерді тамашаладың? – деген сауалыма – Оңтүстіктің бүкіл жерін шарладық. Яссауи баба, Арыстан бап, Айша бибі анаға бардық», – деді.

Ал өзім кезекті демалыста жолдамамен басқа елдерді шарлайтынмын. Кавказ, Молдова, Ресей сияқты елдерге саяхатқа барушы едім. Ал өзімнің жерімді тамашалап көрмеппін. Әріптесім керемет етіп айтып бергенде: «Қалай, кіммен бардың?», – деп сұрақтың астына алдым. Сөйтіп ол әпкесінің мекен-жайын берді. Əпкесі Бəйдібек ата Ордасында қызмет ететін аққу екен. «Əр сəрсенбі Ордада шырақ, бата болады», – деген , ештеңеге түсінбесем де, сол күнді асыға күттім. Ол жерде ешкімді танымасам да сол күні «сəлем» деп жетіп бардым. Осылай Ата жолдағы тарихым басталды. Алғаш жеті атаға шыққаным есімде. Бейітті, моланы аралауға, тілеу тілеуге болмайды ғой деп, бір шетте состиып тұрып қалдым. Содан Ордаға келіп, бата берген кезде, сол тұрысымды, ойымды айтып салғанда (Құлсары ата) сенбеске амалым қалмады.

2006 жылдың сəуір айында Алматыдан бір-ақ шықтық. Біз кеш келдік, таңертеңге дайындалдық. Қонған үйдің қабырғалары аталардың суретіне толып тұр, бəрін оқып шықтым. Өзімнің молда атам үйге келеді дегенде, үйдегі бүкіл суреттерді жəне қуыршақтарды тығатынбыз. Атам ұрсатын. «Атамның сол сөзі есіме түсіп, – мына суреттер ілініп тұрғаны дұрыс па? – деп ойланып тұрғанымда, ел – Ақ Ұл келді, – деп бəрі далаға шықты». Терезеден қарасам, жасы мен шамалас бір жігітке барлық жиналғандар амандасып, қаумалап жатты.
– Сонша жүгіретіндей кім? – деп қойып, мен əрі қарай суреттерді тамашалауға кірістім.
– Болыңдар, автобусқа отырыңдар, – деген соң, барып автобусқа жайғастық.
Бес, алты автобус толы адам жиналыппыз.

Сосын жаңағы жігіт келіп:

«Ал жолдарың болсын, оң сапар», – деді.

Ақ Ұл — Қыдырәлі Тарыбаев ағаны ең алғаш жəне ең соңғы рет көруім екен. Сол кездері аққулардың берген батасына мəз болып жүре беріппіз. Бұл жол қалай басталды, Ақ Ұл деген кім, біз де сұрамаппыз, олар да айтпаған. Ел, жер көргенімізге мəзбіз.

Сөйтіп он күн де өте шықты, ауылға келдік. Анама алған мəсі, кебіс, көйлегім бар. Көрген- білгенім ішіме сыймай, айтуға анамның үйіне сəлем бере жеттім. Мені көре сала анам айқайға басты. «Сен ваххабист болыпсың», – деп, əкелген заттарымды далаға лақтырып, атып ұрды. «Шық үйден, қараңды көрсетпе, екінші естімейін», – деп жатыр. Мен еңіреген күйімде үйіме қайттым. Күзге дейін батаға баруға батылым жетпей жүрді. Анамның ашуы басылып, ұмыта бастағанда, білдіртпей Ордаға бара бастадым. Анам болса сол кезден бастап аяғын баса алмай, таяққа сүйеніп қалды. Мен іштей: «Бабаларға тілі тиді-ау», – деп қынжылатынмын. Себебі, бір тылсымның бар екенін ішім сезетін. Кейіннен зияратқа жылына екі мəрте баруды шығардым. Отбасым мен туыстарым да үйренді. Құдіретке қараңыз, табысым аз болса да, зияратқа да, келген соң құрбандыққа мал шалуға да ақшам жететін. Əр керуенге өз балаларымды, ағамның балаларын кезекпен апарушы едім. Ағам сол кезде ішімдікке үйір болып, үйдің берекетін кетіретін. Ағамның қыздарына: «Ішімдігін қойып, жақсы кəсіп иесі болсын деп әкелеріңнің тілеуін тілеңдер», – деп айтатынмын. Бір батада «періштелердің тілегін қабыл еттім» – деді. Сол батадан соң, ағам арағын қойып, білдей бір мекемеге тоқ жөндеу маманы болып жұмысқа кірді. Өзі де шебер болатын.

Бірде Қоңыр əулиеге бардық. Батада «7 рет сүңгисің» деген. Судан қатты қорықсам да тізеден келетін суға шалқамнан жаттым. Суға кіргенім сол еді, желке тұсым , қарақұсымды біреу қатты бұрағандай ауырып сала берді де, судан шыңғыра атып шықтым. Жан-жағыма қарасам, ел өзімен өзі əуре, мен де тағы сүңгіп көрейін деп, суға тағы түстім, тағы да сондай құбылыс. Судан шықсам, ауырмайды. Соңынан батада «сəби кезіңде ұйып қалған қанды тарқаттым» дегені. «Бала кезде иін ағашпен су таситынбыз, содан пайда болған шығар, – деп ауылға келген соң жыр қылып айтып отырдым. Анам сол кезде: – көрші əйел сəби кезіңде құлатып алып еді, ес-түссіз қалып, өлдіге санағанбыз, əйтеуір аман қалдың,» – деп айтып отыр.

Екінші рет барғанымда, аяғым шалынып кетіп, құлай жаздай, тіке тұра қалдым. Құласаң, аман қалатын жер емес, сүйір-сүйір тастар. Ал батада Ата «сүріндіріп ұшықтап алдым» деді. Тылсымның құдіреті шексіз ғой. Дəуітбек ата басында құран оқуда, ал менің алақаным ортасы күйдіріп барады, жұмайын десем, дұға бағышталуда. Күнге қарасам, мен отырған жерге күн түсіп тұрған жоқ, бұл да бір хикмет.

«Укаша ата басында, алған суыңмен бауырларыңмен бөлісерсің» – деп бата түсті. Укаша атаға келген соң, автобустан түсіп жатсам, көпшілік ел су ала алмай, өздерімен əкелген ыдыстарын лақтырып жатты. Мен соларды жинап алып, «маған ата су береді, батада солай деді», – деп нық сеніммен бардым. Елдің бəрі құдыққа шелек лақтыруда. Бір кішкентай қыз құдыққа бес теңгеліктер салып еді, тиындар келесі шелек лақтырған адамға шықты. Мен үш рет шелек лақтырсам да, су шықпады. «Бұл қалай, бауырларыңмен бөлісерсің дегені , қайда?» – деп қынжылып, автобусқа мініп жүруге беттегенде, сөмкемнің құдық басында қалғаны есіме түсті. Сөмкемнің ішінде, құжат пен ауылға қайтатын билет бар еді. Үш автобусты күттіріп қойып, құдық басына жүгірдім. Елді күттіріп қойдым деп қынжылып тұрсам да, ентігіп тұрып, шырақшыға: «Тағы бір рет шелек лақтырып көрейінші», – деп өтіндім. Жарты шелек су шықты, қуанғанымнан автобусқа «су берді» деп қуанып жеткенім есімнен кетпейді. Əттең, қазіргі қағидалар бірден сол кезден басталғанда ғой, мен 10 жыл кейін келсем де, Ата жолы десе, елеңдеп тұрамын. Аққу-сұңқарлық қасиет алып, бұрын өздерінде болмаған құбылысты бастарынан өткерген жандардың бұл жолды тастап, тіпті, орамалдарын шешіп шыға келгендерін мүлдем түсінбеймін. Бір білетінім, осы Ата жолы – тұп-тура жол. Төбесінде саңылауы барға Тоқберген аға дайын қылып шайнап беріп отыр. Жұту қалды. Əттең, жас келіп қалды. Аяғым да жарамай жүр. Күнәларым ақтала ма екен деп, сөзімді аяқтадым.

Гүлжан ТОБАНИЯЗҚЫЗЫ, Атырау қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *