Мазһабшы ханымдардың екіжүзділігі


Таныс келіншек бар еді. Мінезі сыпайы, өте мәдениетті, күйеуіне де, үлкенге де, кішіге де сіз деп сөйлейді. Енді ол келіншектің инабаты мен мінезінің көркемдігіне көзің тояды. Мақтап отырған танысым намаз оқиды, хиджаб киіп жүреді.

Бір күні жұмыстарым болып сол үйге барып қалсам, мақтап жүрген құрбым бұтында джинси шалбар, басы жалаңбас шауып жүр. Таңғалып қарап қалыппын ғой. «Мәссаған, мына қыз сонда көшеде ғана киіне ма? Намаз кіргенде киініп алып, қайтадан шалбармен жүре беретін болған ба? Не болып кетті?» деп ойланып қалыппын.

Кейін мазһабшы досымның айтқан әңгімесі есіме түсіп кетті да, содан кейін таныс құрбымның не үшін құбылып жүргенін ұққандай болдым. Мазһабшы құрбым орамал, киім кию жайында былай деген болатын: «Ұстазымның үйіне барып едім танымай қалдым. Мини юбка киіп, шашын сәндеп, боянып алыпты. «Әйел адам күйеуінің алдында әдемі болып жүру керек. Сыртқа шыққанда ғана еркектердің көзіне түспеу үшін киінеміз. Туыстардың қасында отырғанда да боянып, шашты сәндеп әдемі болып жүрсе болады.» — деп айтыпты ұстазы. «Әйел деген тәтті кәмпит сияқты, сыртын қаптап қоймасаң құрт-құмырсқа жеп кетеді.» деп әйелдерді хиджаб киюге үгіттеп жүрген мазһабшы ханымдардың іс-әрекетінің түрі осы. Мұның ішінде араб елінен оқып келген ұстазы бар, мешіттен тәлім алған қарапайым пендесі бар.


Бұл — біз ең тура жолдамыз, қалғандары адасқан, тозақтық деп жүрген мазһаб ұстанған әйелдердің шынайы бет-бейнесі. Намазхан, иманды, мазһабшы ханымдардың мұндай ісі туралы мүмкін білерсіздер. Мүмкін үйде бөлек, сыртта бөлек құбылатын бұл қатындардың іс-әрекетін дұрыс деп қабылдап та қойған шығарсыздар. Өйткені, көбіне біздің қазақ дәрежесі үлкен, оқыған адамдардың сөзін құдайдай көреді. Көбіне ақ пен қараны айырып, саралап, талдап та жатпаймыз. Ұстаз и заң. Ал менің көзқарасымда бұл мазһабшы ханымдардың тірлігі нағыз екіжүзділік! Қазір мазһабшылар қолымда билік бар деп неше түрлі патуа шығара беретін болды ғой. Ал, сонда Құдайдың заңы қайда қалды?

Жақында тағы. Бір подъезде тұратын көршім де хиджаб киіп жүретін еді. Бір күні үйінен керек затымды сұрайын деп барсам, жаңағы әйел бұтына шортик киіп алған ғой. Сонда мазһабшы қыз-келіншектер киімді тек қана еркектің сұқ көзінен қорғану үшін кие ма? Ал мен мұны таза надандық дер едім. Жалпы киімді әйел болсын, еркек болсын не үшін киетінінің мәнісін білмегендер осылай мың құбылып жүре береді екен ғой. Адам киімді тәнін қорғау үшін кимей ме? Әйел затына тек еркек емес, сырттан қадалатын сұқ көз де, бізге көрінбейтін тылсым күштер, қара қуаттар да үйір келеді. Жын-шайтанның мақсаты қалайда адам баласын түзу жолдан тайдырып, тозақтық ету. Ал, жаратылысы нәзік, сезімге берілгіш әйел затының ібіліс қақпанына түсуі тіпті де оңай. Сол себепті Алла Тағала әйелдерге тақуалық киім киюді бұйырған. Ал, әлгі айтқан қара қуаттар, жын-пері үйде жоқ па? Сонда үйге келгенде әйелді қара күштерден кім қорғайды? Ең түзу жолда жүрген мазһабшы қатындарға тек «бөтен еркектің көзінше ашық-шашық көрінбесе болды» деп пәтуа шығарып, бұларды тайраңдатып қойған кімдер? Зинедин бұл «Зенит» ұзын «мәсіні жалғану үшін», қара қуаттардан қорғану үшін тағу «мүлдем». Олардың ойында тек еркек тұр деген сөз ғой. Бір сөзбен айтқанда киімнің хикметі мен ғылымын қоя тұрып, қадірін де білмейтін жұмақтан дәметкен мазһабшы қатындарға қайтсек сөзімізді өткізе аламыз?

Адамның ең әлсіз, қорғансыз кезі ұйқыдағы уақыты. Тіпті ұйықтайтын кезде де әйел адамның тәні жабық, киіммен қорғалған болуы тиіс екен. Мойын мен шаш міндетті түрде жабық, аяққа жұқа шұлық кию керек. Ата жолдық аналар жиырма төрт сағат бойы тақуалық киіммен жүреді, ал ең түзу жолдамыз деп мақтанып жүрген мазһабшылардың қатындары үйде басқаша, түзде басқаша киінсе, тіпті кейбіреулері заманауи салтпен өмір сүріп жүр. Сонда түзу жолда жүрген кім? Салыстырыңыздар. Намаз оқу, тақуалық ұстау, нәпсіні тию оңай емес. Оны оңайлатқан мешіттегі молдалар.

Көшеде шашын жайып, тырнағын өсіріп, мешітке келіп киініп, намаз оқитын қыз-қатындарды кім дейміз? Сөз жоқ шайтанның жамағаты дейміз, ал олардың оқыған намазы жын-шайтанның намазы демеске амалымыз жоқ. Тақуалықты ұстана алмасаң заманыңа сай өмір сүре берсеңдерші мазһабшы ханымдар ау! Көтере алмайтын жүкті беліңе байлап нелерің бар? Киімдеріңді мың құбылтып жүріп оқыған шайтани намаздарың иә адамға, иә Құдайға керексіз болса, құлтемірше намаз оқыдым деп мақтанып, иә намаздың, иә киімнің хикметін көрмей жүргендеріңіз мүлдем аянышты емес па?

Бір сөзбен айтқанда қазіргі күні намаз оқу ең оңай, баланың ойыншығына айналып кетті.

Айгүл Тәуіпбаева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

30 − = 24