Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

ҚAЗAҚ КИIМДEPIНIҢ APҒЫ ТEГI


Қaзaқ киiмдepiнiң apғы тeгi coнay caқ, үйciн, ғұн, қaңлы, түpкi дәyipлepiнeн caбaқтaлaды. Тapихи жaзбaлapғa нeгiздeлceк, coнay Қoлa дәyipiнiң өзiндe caқтapдың мaлды қoлғa үйpeтiп, oны apтыc, мiнic көлiктepi peтiндe пaйдaлaнyмeн бipгe, тepiciнeн киiм жacaп, eтiн, cүтiн aзық peтiндe әpтүpлi тұтынy бұйымдapын жacaғaндығы aйтылaды. «Хaннaмaның» 94-бyмa ғұнбaянындa: «…Eл бacылapынaн тapтып қapaшaлapынa дeйiн eт жeп, тepiдeн киiм киeдi, тoн жaмылып, киiз төceнeдi..» дeлiнгeн.

Жyңгo тapихнaмaлapындaғы қaзaққa қaтыcты дepeктep», 432-бeт).

Бipaқ coл кeздiң өзiндe-aқ бұлap тepi өндeп, киiз бacып, ocыдaн өздepiнe лaйық киiм дaйындayмeн бipгe Бaтыc пeн Шығыcтың дaмығaн eлдepiнeн әpтүpлi бұйымдapды aлдыpып, oлapды дa пaйдaлaнa бiлгeн.
Coғыc, яки тapтып aлy нeмece cayдaлacy apқылы oлapдың acыл зaттapын aлып, өзiнiң киiм мәдeниeтiн дaмытып oтыpғaн. Бiздiң зaмaнымыздaн бұpынғы 174-жылы Хaн әyлeтi ғұн тәңipқұтынa жoлдaғaн хaтындa «Тәңipқұты aқылгөй aбыз, жapшы Жян apқылы aйpықшa cәлeмдeмe peтiндe Көктiң ұлы Кюгe apнaлғaн тopғын acтapлы зep шaпaн, зep бeшпeнт, қaмқa тыcты жeлбeгeй, aлтын тapaқ, aлтын кice, aлтын тoғa, 10 opaм тopқa, 20 opaм қaмқa, 40 opaм қызыл бaтcaйы, 40 opaм көк тopғын жiбepдiм» дeлiнгeн
(бұл дa coл деректерде, 452-бeт).

Толық оқу…


Жанат пен тозақтың айырмасы


Жаһанда тірлік кешкен бір қария
Әділдікті жаны сүйген еді тақуа,
Қарттың үйіне қонақ боп келеді екен,
Періште сәті түсіп анда-санда.
Әулие мейірім төгіп, ақ ниетпен,
Қарсы алып жарқын досын ақиреттен.
Періште шын көңілмен жақсы көрген
Кеңес беріп құлшылықта жол көрсеткен.

Толық оқу…


ҚАЗАҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ.


Даланың асылы Шалқы Би:
— Кім де кім Ашамайлы бесікті тепсе,
Кебіні тегін беріледі, аруламай көміледі,
Жаназасынан жылан жерінеді, — депті.

Сонау бабаларымыздан бастап, бəріміз де тал бесікке тербеліп, Ананың əлдиін тыңдап жетілдік. Бесік ертеде Айырқалпақ Айдаһар Бидің заманында дүниеге келіпті. Қасиетті Мизам Баба осы туған даласын жат көздерден көзінің қарашығындай қорғап келіпті. Қазақ даласымен іргелес жатқан қысық көз қара қытайлар, біздің даламыздың кеңдігіне қызығып, ішімізге кіруге ұмтылыпты. Дала Тектілері қанша ескертсе де, құмырсқадай өріп, тіліктен(шекара) ішке тап беріп кіріп отырған. Əбден қажыған Мизам Баба белгі болсын деп өзі тал егіп, содан асқандарды жазалап отырған. Олар тістерін қайрап, іштен тынып жүргенде, Мизам Баба жарық дүниемен қайырылысады. Бұл хабар құлақтарына тиісімен, Қытайлықтар киелі талды түнде өртеп жібереді.

Толық оқу…


Қос Емер


Қазақ пен Созақ дүниеге келіп, жеті айға толғаннан кейін Анамыз Ұлсай Емер ұлдарын киелі Айыртау(қазіргі Қазығұрт) тауының баурайына алып келеді. Аттылы кісінің бойындай тастың көлеңкесіне тоқтап, қос егізін емізеді. Бірінші Қазақты емізеді, анасының төсінде сүті асып- тасып атқылайды, баласы тойдым дегендей ембей қояды.
Созақ емгенде аузын алмай тасып тұрған қос емшекті алма кезек еміп тауысады. Сүт шықпаса да еме береді, ақырында емшектен сүт орнына қан шыға бастағанда анасы тартып алады.
Жарықтық Анамыз Көк Тəңіріне бас иіп, тəубе,- деп, Киелі Айыртау(Қазығұрт) тауына қарап былай дейді:
— «Қазағыма қанаты талмас қайрат,
Ырысы таусылмас қанағат беріпсің!
Ал, Созағыма қу жанын ғана аманат беріпсің»- деп, бір күн түнеп келген ізімен кері қайтады. Сол Анамыздың тоқтаған жері қасиетті Айыртау — Қазығұрт тауының бауырын «Қос Емер» — деп атаған.
Созақ Қаһан дүниеден өтіп, артында ұрпақ қалмайды. «Бетпақ», «Созақ»- деген аты өшпей, өзі өмір сүрген далада оның мінез-құлқына лайық, ұмытылмас «Бетпақ Дала» атын қалдырады.
Қазақ өсіп-өніп ұрпақтарын осы қасиетті Қазығұрт тауының айналасына жинайды.

— «Қанаты талғанда қайрат берер
Ақылдан адасқанға жол көрсетер
Аналарыныңның төсіне келгенде
Сəбидей жыламаңдар
Қанағат ақыл — ойдың кемесі.
Ақыл — ойдың кемесін Қазығұрт қана көтерген.
Қарың талар, тұяғың таяр, арнаңа сыймастай сұрамаңдар»- деп аттылы кісінің бойындай қара тасқа ойып жазған екен.
Тағы да:
«Сауыт бұзар — сұр жебе,
Серт деп айтса — оқ тайма»!
Бұл сөздің мағынасы: «Сəби анасының құрсағында 62 тамырынан нəр алып, тоғыз ай, тоғыз күн жатады. Бір күні толғанда алпыс екі тамырын шайқап, бұзып жарып жарық дүниеге келеді.
Табаның жер тіреп таймайтын жасқа келгенде, алдарыңа қойған мақсаттарыңды жетесіне жеткізіп аяқтамай тоқтамаңдар»- дегені екен.

Ақпантай Байғұтов
Асан Тұрабаев.


Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер мен олардың ізгі істері өнеге етілетін бесік жыры


Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер мен олардың ізгі істері өнеге етілетін бесік жыры: Осылай әндетін қазіргі күнде әжелер,аналар барма кен?

Менің балам осы ма?
Басында бақыт құсы ма?
Ғайып ерен, қырық шілтен
Бөбегімнің досы ма?
Әлди, әлди, әлди-ай.

Лә иләһә иллалла,
Иллаллада пайда бар.
Мұхамбеттің үмбеті
Осындай бала қайда бар?
Әлди, әлди, әлди-ай.

Толық оқу…


Ежелден адамдар әйелдің қаруы шаш екенін жақсы білген


Ежелден адамдар әйелдің қаруы шаш екенін жақсы білген. Ертедегі Славяндар шаш арқылы Жер-ана мен Күн-әке әсер ететінін дәріптеген. Шаш арқылы даналық пен Тәңірдің қалауын сезінуге болатынын есте сақтаған. Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.

Ұзын бұрым – көрік пен күш

Әйел үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана еме. Шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш. Ведаларда шаш жағымды энергияны жинақтайтыны айтылған. Шашы ұзын әйел салмақты, сабырлы болады екен.

Ертедегі әйелдер шашты ұзын етіп өсірген. Бұрым қылып өріп қоятын болған. Әйел үшін бұрым аккумулятор сияқты рөл ойнаған. Шаш ұзын болған сайын, оның иесі ақылды, көреген, күш-қуаты көп болған. Оның адамгершілігі мол, мейірім мен нәзіктігі басым боп тұрған.

Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.

Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, әйелдің тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Яғни, ендігі жерде әйелдің күші екіге қақ жарылған. Енді ол әрі әйел, әрі ана ретінде күш жұмсайды. Оның рухани күші тек өзіне ғана емес, отбасына, күйеуі мен балаларына да жұмсалады.

Әйел заты шашқа аса ұқыптылықпен, сақтықпен қараған. Шаш – Тәңірдің сыйы екенін білген. Шашты күтіп, баптап, еріне жағуы мүмкін екенін білген. Тіпті кей кездері ауырған баласын да шаштың күшімен емдеген.

Толық оқу…


Көк жорғаның көз жасы


Бүкіл Шығыс Алтай өлкесіне аты мәлім, мыңдап жылқы, қоралап қой өргізген, дәулетіне қыдыр қонған атақты бай Ақдәулеттің науқастанғанына да міне, алты айдың жүзі болды. Көктемде жабысқан осы дерт байды оңалтар емес. Бұрынғы торсықтай толық денесінен ет қашқан. Қызыл шырайлы өңі де сарғайып солып бара жатқандай. Өткір жанары мұңлы, солыңқы. Әр елден келген талай емшілер мен балгерлердің алуан түрлі емін алып көрсе де дауа табылар емес бұл дертіне. Ішкен асын кері құсып тастайды. Аздап саумал батушы еді, міне, бір жетінің жүзі болды, ол да өтпейтін болды өңешінен. Күннен-күнге тұла бойынан әл кетіп, қуат-күші сарқыла бастады. Көп кешікпей өзінің о дүниеге аттанарын іштей сезген, көкірегі ояу сұңғыла қария, жастайынан бірге өскен, бозбала кезінде тайлақ көтеріп, содан өз аты ұмытылып, бүгінде «Тайлақбай» аталып кеткен, балуан құрдасы, бұл күнде жылқышыларының басшысы Тайлақбайды шақыртты үйіне.

Он екі қанат ақбоз үйге кіргенде, бай сүйекпен қапталып, алтын-күміспен апталған, кезінде бір үйір жылқы беріп, атақты шеберге жасатқан қымбат ағаш төсектің үстінде басына қос жастық салдырып, биік етіп жастатып кеудесіне ақ жейде киіп жатқан еді. Басын ұстарамен жып-жылтыр тақыр қылып, тақауда алдырғанға ұқсайды. Бойынан ет қашқан, құдды аруақ дер қазіргі түрін көрген жан.

– Ассалаумағалейкум, құрдас, – деп сәлем бере кірген Тайлақбайдың шоқпар ұстайтын қос қолын әлсіз саусақтарымен аялай ұстаған байдың «Әликімассаламға» әрең тілі келді. Кезінде өзі де осынау балуан құрдасымен талай рет аңға шығып, асау үйреткені, көкпар тартып, талай салым салғаны есіне түсіп, көзіне жас алды. Даусы әлсіз:

– Тіршілікте әй, дескен жерім болса, кешір құрдас?! Бұл боқ дүние кімнен қалмаған, біздің ата-бабаларымызды да тегіс жалмаған, мені де әкеткелі жатыр сол жаққа.

— О, не дегеніңіз байеке, әлі-ақ сауығып кетесіз, – деп басу айтты Тайлақбай. Ақдәулет сөзін қайта жалғады:

– Қанша қимағандарыңмен, мен енді бұл дүниелік емеспін, одан да сөзімді бөлмей, тыңда! – деп бір қайырды.

Толық оқу…


Жетімді жылатпағын…


27.10.2019ж. Таңғы зікір.

Ақ ұлдан мөр алған жыл еді,

Хикметке толы кез еді.

Алланың нұрына бөленгенді,

Батамыз сол кезде нық еді.

Бір мысал үйге кірсем,

Күтіп бір қыз отыр екен.

Толық оқу…


Жәннаттың есіктерінде не жазылған?


Баязид Бистами қырық бес рет қажылыққа барады. Бір күні Арафат тауында нәпсісі оған: «Ей, Баязид! Жер бетінде саған тең келетін адам бар ма екен? Қырық бес рет қажылыққа бардың және Құранды мыңнан аса бастан аяқ оқып шықтың» — деген ой салады.

Жәннаттың есіктерінде не жазылған? Хазреті Баязид нәпсісінен келген бұл ойға қатты ренжиді. Дереу түрегеп, сол жердегі жиылған қауымға қарата: «Менің қырық бес рет жасаған қажылығымды кім бір тілім нанға айырбастайды?» — деп сұрайды.

Сонда бір кісі басын көтеріп:

«Мен аламын!» — деп, нанын ұстатады. Баязид Бистами нанды алып, сол жердегі бір иттің алдына тастайды.

Ісін аяқтап біткен соң, жол дайындықтарын жасап, Рум аймағына (Анадолы) қарай бет алады. Бірақ не үшін кетіп бара жатқанын өзі білмейді. Ұзақ күндерге созылған осы сапарда бір шіркеу попымен кездеседі. Ол Баязидтің қолынан ұстап ертіп, үйіне алып келеді. Үйінің ішінен бір бөлмесін босатып беріп, күнделікті асын таңда және кешке әкеліп беріп тұрады. Баязид осы бөлмеде тек ғибадатпен уақыт өткізеді. Бұл жағдай бір ай жалғасады. Нәпсісіне қарата:

«Ей, нәпсім! Мен сені тәрбиелегім келеді, бірақ сен жамандықтан тыйылмайсың», — деп тұрғанда поп ішке кіріп:

«Есімің кім?» — деп сұрайды.

Ол:

«Баязид», — деп жауап береді.

Поп:

«Өзің жақсы адам екенсің. Шіркін, Иса Мәсіһтің құлы болғаныңда ғой!» — дегенде, бұл сөздер Баязидке ауыр тиіп, үйден кетуді ұйғарады, сонда поп:

Толық оқу…


Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.


Шаш арқылы даналық пен Тәңірдің қалауын сезінуге болатынын есте сақтаған. Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.

Ұзын бұрым – көрік пен күш

Әйел үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана еме. Шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш. Ведаларда шаш жағымды энергияны жинақтайтыны айтылған. Шашы ұзын әйел салмақты, сабырлы болады екен.

Ертедегі әйелдер шашты ұзын етіп өсірген. Бұрым қылып өріп қоятын болған. Әйел үшін бұрым аккумулятор сияқты рөл ойнаған. Шаш ұзын болған сайын, оның иесі ақылды, көреген, күш-қуаты көп болған. Оның адамгершілігі мол, мейірім мен нәзіктігі басым боп тұрған.

Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.

Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, әйелдің тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Яғни, ендігі жерде әйелдің күші екіге қақ жарылған. Енді ол әрі әйел, әрі ана ретінде күш жұмсайды. Оның рухани күші тек өзіне ғана емес, отбасына, күйеуі мен балаларына да жұмсалады.

Әйел заты шашқа аса ұқыптылықпен, сақтықпен қараған. Шаш – Тәңірдің сыйы екенін білген. Шашты күтіп, баптап, еріне жағуы мүмкін екенін білген. Тіпті кей кездері ауырған баласын да шаштың күшімен емдеген.

Толық оқу…


Сүйінші!!!

Ақ сарбас, Ақ сарбас,
Жақсылық болсын тоқталмас.
Бақ құсы қонып қазаққа,
Күш-қуат бітті қанатқа.

Шуақ нұр таң атқанда,
Аруақ үнін қатқанда.
Тылсымнан есік ашқанда,
Бөрікті атқын аспанға.

Әрі қарай