Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.


Шаш арқылы даналық пен Тәңірдің қалауын сезінуге болатынын есте сақтаған. Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.

Ұзын бұрым – көрік пен күш

Әйел үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана еме. Шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш. Ведаларда шаш жағымды энергияны жинақтайтыны айтылған. Шашы ұзын әйел салмақты, сабырлы болады екен.

Ертедегі әйелдер шашты ұзын етіп өсірген. Бұрым қылып өріп қоятын болған. Әйел үшін бұрым аккумулятор сияқты рөл ойнаған. Шаш ұзын болған сайын, оның иесі ақылды, көреген, күш-қуаты көп болған. Оның адамгершілігі мол, мейірім мен нәзіктігі басым боп тұрған.

Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.

Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, әйелдің тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Яғни, ендігі жерде әйелдің күші екіге қақ жарылған. Енді ол әрі әйел, әрі ана ретінде күш жұмсайды. Оның рухани күші тек өзіне ғана емес, отбасына, күйеуі мен балаларына да жұмсалады.

Әйел заты шашқа аса ұқыптылықпен, сақтықпен қараған. Шаш – Тәңірдің сыйы екенін білген. Шашты күтіп, баптап, еріне жағуы мүмкін екенін білген. Тіпті кей кездері ауырған баласын да шаштың күшімен емдеген.

Жайылған шаштың зияны

Баяғы заманда әрбір жерде шашты жаулықпен жауып жүру дағдысы болған. Отбасын өте нәзік энергетика деңгейінде сақтап, қорғау үшін солай жасалынған. Қайғы-қасірет пен жаманшылықты солай қуған. Себебі, оның бәрі шаштың ұшына жабысып, үйге кіруі мүмкін деген ырым болған.

Жайылған шаш – күш-қуатты бекер ысырап ету болып саналатын. Және де жыныстық қатынасқа ашық шақыру деп қабылданатын. Әрбір әйел өзінің рухани құмырасының толысуын шашына күтім жасай жүріп бақылап отырған. Шашын тек күйеуінің алдында ғана жайған.

Бұрымды шешудің өзі ерекше маңызды болыпты. Өрілген шашты шешу өте күрделі жұмыс болған. Оған асықпай, мұқият қараған. Шашын шешкен қыз жинақталған энергияны босатып жатыр деп есептелген.

Өз шашын өзі кескен жаман ырым. Тән мен жанға зияны көп.

Кесілген шашты, не түскен шашты, тарақта қалғанын жерге көміп, не өртеп жіберген дұрыс. Сонда қуат далаға кетпейді. Шашты басқа біреулер жаман пиғылмен қолданып тастамасын десеңіз, сөйтіңіз.

Баланың шашын бір жастан кейін кескен дұрыс. Шілде шашын сақтап жүрсеңіз, ол туралы ешкімге тіс жармаңыз. Толыса бастаған ай кезінде қырқылған шаш тез өседі. Ай кеміген кезде кесілген шаш түспейтін болады.

Жүктілік кезінде шашты кесуге болмайды. Жүкті әйелдің шашына өзі мен баласына арналған күш-қуат жинақталады. Маңызды жағдайлар алдында шаш кеспеу керек. Тағдырға зиян тигізбес үшін.

Шаштың ұзындығы

Шаштың ең әдемі ұзындығы – кеуденің орта тұсындағы нүктеден асуы. Ол жерде Анахата чакрасы орналасқан. Шаш сол тұстан қысқарақ болса, онда әйел Тәңірмен байланысын үзеді. Өзін бақылай алмай қалады. Шашын ұзын қылып өсірсе, оның өмірінде жақсылықтар орын ала бастайды.

Шаштың ұзындығы қабылданатын энергияның жылдамдығы мен санын анықтайды. Шаш ұзын болған сайын энергия көбірек болады. Сонда әйелге күнделікті күйбең тірліктерін орындау оңайырақ болады.

Шаш өсіру – ерекше аскеза. Ұзын шаш өсіру оңай емес. Бірақ ведалар – шаш өсірем деген ниет туғаннан бастап шаш қалыңдап, өздігінен жылтырай бастайды дейді.

Шаш әйелдің қуаты болғандықтан, оның ұзын болуын назардан тыс қалдырмау керек. Шаш өсірген кезде берілген уәде міндетті түрде орындалады. Мысалы, «Күйеуімнің байлығын арттыру үшін шашымды өсіремін» деп айтсаңыз, ол орындалады.

Қысқа шаш еркектік энергияны көбейтеді. Сондықтан шашын кескен әйел ғаламның сыйын алуға шамасы жетпей, оларды отбасы үшін қолданудың жөнін таппайды.

Оның үстіне әйелге тамағының тесігін, желкесін ешкімге көрсетпей жүру өте маңызды. Егер адамдар осы нүктелерге жаман көзбен қараса, сұқтанса, әйел ауырып қалуы мүмкін. Шаш керекті ұзындыққа дейін өскенше оны түйіп, буып, жіппен байлап, байланған жіп жауырынға жететіндей етіп қою қажет.Шаш бояу

Шаш бояу әйелдің энергетикасын өзгертеді. Оның тән мүмкіндігін өзгертеді. Әсіресе, бояу табиғи болмаса, онда химия шаштың түсін ғана емес, құрылымын да өзгертеді. Сол арқылы адамды белгілі бір ғаламшарлардың энергиясына байланыстырады.

Бояған кезде шаш өзінің түсінен 1-2 реңкке ғана өзгеру тиіс. Көп емес. Егер адамның шашы қара болмаса, онда қара түске боямаңыз. Сосын қып-қызыл түске де бояған зиян. Әйелдің бойындағы еркектік күштердің бас көтеруіне әкеледі.

Шашқа үнді хнасы жақсы әсер етеді. Ол шашты нығайтып қоймай, құрылымын тазартады. Хнаны қолданған әйел жеңілденіп қалғанын бірден сезеді. Хнаны азғантай шаш бөлігіне жағып үйреніңіз. Хна мен басма ашық және ақ шашты жақсы бояйды. Лимон шырыны мен сіркесуын қосса, бояу қанық болады. Қара кофе немесе шарап қосылған хна шашты анағұрлым қанық етеді.

Шаштың саулығы

Шаш космоспен байланыстыратын антенна. Егер шаш ауырса, зақымдалса, бұл адамның өз өмірін жасауға көмектесетін тылсым күшке, Тәңірге деген сенімсіздігін білдіреді. Бұл сенімсіздік өмірлік күшті кемітеді.

Шаштың сыртқы саулығы – көп нәрседен хабар береді. Әйелдің қуатының деңгейін, ішкі мүшелерінің саулығын, гормоналды тепе-теңдікті, тіпті отбасылық кикілжің туралы да айтып бере алады.

Шаштың әлсіреуі өз өзіңе сенудің, өзіңді танудың маңызын көрсетеді, Тәңірдің қолдауына сену керектігін білдіреді. Материалдық құндылық маңызды, бірақ ол рухани құндылықтардан асып кетпеуі тиіс.

Шаш түссе, онда шыққан Текпен жұмыс жасау керек. Әйелдің шашы түскіш болса, не күйеуімен, не әкесімен кикілжің бар екендігін көрсетеді.

Егер әйел шашын дұрыс күтіп-баптаса, қажетті ұзындыққа дейін өсірсе – ол орасан зор күш-қуатқа ие болады. Мұндай әйелдердің түйсігі қатты дамиды. Үйінде береке-бірлік орнайды.

Ертеде әйелдер тарақты аса мұқият таңдаған. Тарақтың көмегімен кез келген жамандықты тарап тастауға болатынын, тәнімен демалып қалатынын білген. Демалу – әйел үшін нәзіктікті жинаудың алғышарты екен.

Шаш әйел үшін сыртқы орта мен ақылының арасындағы көпір сияқты. Сондықтан шашты күтіп-баптау – бір қарағанға аскеза. Ұйықтар алдында шаш тарау – бүкіл жамандықтан құтылу. Сондықтан шашты мұқият, асықпай тараған абзал. Шаш тараған кезде жақсы нәрсені ойлап, жақсы ән салып тараған жөн.

Шашты неғұрлым жиі жуып тұрған пайдалы. Олар тек кір болып қалмайды, шашқа – реніш, өкпе, жаман әңгіменің бәрі жабысады. Біреуге ренжісеңіз, күш-қуатыңыз азайып қалса, шашыңызды жуыңыз. Бірден жеңілдеп, көңілденіп қаласыз.

Шакти деген ведалық энергия шашта жинақталатын болғандықтан әйелге шашын бөтен адамдарға ұстатуға болмайды. Тек күйеуі мен әкесі ғана ұстай алады.

Айналаңызда ұрыс шығып кетудің қауіпі төнсе, басыңызға жаулық жабыңыз. Сонда келеңсіздіктер сізді айналып өтеді. Шашты жуғанда арнайы майларды қолданыңыз. Зәйтүн, ошаған, кастор, тоң май, және т.б. Шашты өсіруге көмектесетін эфир майлары: иланг-иланг, даршын, лаванда, гүлшетен (розмарин), қарағай, шатыраш (шалфей).

Аударған Шынар Әбілдә

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *