Қара күшпен арпалыс. Болған оқиға


Армысыз аға. Сізге күйеуім жайлы айтып, жазда хабарласқан едім. (blogs.atazholy.kz/2019/07/16/bolgan-oqiga-qara-kyshpen-arpalys/) Сіз қара күшпен арпалыс деп, фейсбукте, бейнежазбаларыңызда көпшілікпен бөліскенсіз. Күйеуім жаз мезгілінде қара күш асылып өлуге жетелегеннен кейін бір екі ай ішпей жүріп еді.

Енді қайта ішуді әдетке айналдырды. Ішімдік ішкенде кейде, бір аш қалғандай, ашкөзденіп жер бетінде соңғы ішімдік қалғандай, қомағайлана ішіп, одан қалса қисынсыз үйде дау туғызатын әдеті бар. Сол қатты құтырынып кеткенде тылсым күштің қатты қуатын көріп барып басылады. Қазақта жынын алдырған бақсыдай деген сөз бар ғой, солай жынын алдырғандай болып барып тоқтайды.

Жақында туған әпкемнің қызының тойы болды, тойға барам деп жүрген күйеуім аяқ асты тойға бармаймын деп, той жақындағанда күнде күнде ішіп мазамды алды. Маған тойға бармайсың деп шу шығарды.

Мен жарайды бармай-ақ қояиын, туыстарыма телефон шалып сенің жібермегеніңді, сол себепті тойға бармайтынымды айтып ескертем деп айттым. Бірге туған әпкемнің қуанышында бұның не деп, айтсам сөз түсінуі мүмкін емес жағдайда.

Ол үйден шығып кетті. Мен оның арақ ішуге кеткенін түсіндім.

Дәрет алып, кәлимамды айтып, сіздің зікіріңізді телефоннан қосып, даусын барша шығарып қойдым да жаттым. Жарым түннен асқанда сылқия тойып келді. Тыныш боп қалған соң ақырын тұрып қарасам отырған орнында ұйықтап қалыпты. Тиіспедім.

Біраз уақыт өткенде ол тұрып мен жатқан үйге кірді, мен күйеуімді көріп жүрегім тарс төбеме шықты. Оның жүріс тұрысы адам шошырлықтай, мен ішімнен бірінші Құдай, екінші ата-бабамның, ата-анамның әруағына сиынып жата бердім. Менде басқа еш шара жоқ. Бір уақытта ыдыс әкеп қойып кеткендей болды. Ол шығып кеткенде қарасам үлкен тегеш, тегештің ішінде сүйек шауып жүрген балта сияқты үлкен пышақ, жанында тағы екі үш пышақ, оқтау әкеп қойған. Мен ана заттарды көріп менің басымды кесіп, қанымды мына тегешке ағызбақшы ма деп ойладым. Орнымнан тұрып қашайын десем шығатын жолда тұр.

Еш амал жоқ тұрып шығып кетуге. Ішімнен Құдайға ата баба әруағына сиынып жата бердім. Ол жатын бөлмеге қайта кіріп төсеккке отырды. Отырған отырысы әдеттегіден басқаша, кейпі біртүрлі көрінді. Мен жатырмын өз күйеуім өзіме қорқынышты боп. Сол-ақ екен, ол маған көрпені жамыл да денеңді көрсетпей қыздың бөлмесіне қаш деді. Мен солай істедім. Мен шыға бере оқтауды қатты екпінмен лақтырғанын естідім. Мен қызымның бөлмесінде бас-аяғыма киініп жатыр ем айғайлап мені шақырды. Бөлмеге кіргенім сол еді Тоқберген атаңның бірдемесін қосшы деп айтып үлгерді, сол-ақ екен оны екі бүктеп домалатып кетті. Сол арада телефоннан Сіздің зікіріңізді қостым. Домалатып лақтырғаны өте тез көз ілеспес жылдамдық, басын ішіне қарай бүктеп домалатып үйдің қабырғасына ұрып, лақтырды, аяғын көтеріп өкшесімен үйдің шамын жаққызып барып тоқтады. Сіздің оқыған зікір қосылған соң жерде өз өзіне келе алмай, алқынып, бірнеше шақырым жүгірген адамдай жатты. Өз өзіне келген соң тегешті, бірнеше пышақты не үшін әкелдің деп сұрасам, анау сені басын балта сияқты пышақпен ұрып-ұрып, оқтаумен басын жаншып ұрып өлтір деп айтты, дейді.

Мен шошып кеттім, сонда соның бәрі сенің қолыңмен істелмек пе десем, иә дейді. Ал саған солай істе деп тұрса қара кісің сен қалай істемеуге күшің жетті десем, сенікілер қаптап кетті дейді. Сенің шешең келді, қызымды құтқар, деп тағы көп, қаптап келді солар сені құтқарып қалды дейді.

Күйеуім менің шешемді тіршілігінде көрмеген, танымайды ғой, менің шешем мен мектеп бітірген жылы өмірден озып кеткен еді. Сол күнгі оқиға мені біраз күн ойға қалдырды. Біздің қоғамда болып жатқан қылмыстық іс әрекеттер, адамдар бірін-бірі өлтіруі осындай қара күштің әсерінен, итермелеуінен болып жатқанын ұқтырғандай. Баласы шешесін, әкесін баласы, баласын әкесі өлтіріп жатқандарға қарап неге, қалай сондай жауыздыққа барады деп таң қаламыз. Сонда адамдар өзінің еркінен тыс қылмыстық іс әрекетке қалай барғанын білмейтіндер қаншама екен деген ой басымнан кетер емес.

Жазда болған оқиғадан кейін сізге құран-қатым шығартқан едім. Мені қара күштің ықпалымен жасалатын өлімнен сақтап қалған құран-қатымның шарапаты, күнде ниет етіп, жатын бөлмеге, үйдегі әр бөлмеге телефоннан қойып жүрген сіздің оқыған зікіріңізді тыңдау маған қорған болғанын білем.

Қазақ халқы үшін атқарып жүрген еңбегіңіз жана берсін. Ел үшін еңбек етер азаматтар жаныңыздан көптеп табылсын. Ел үшін жасап жүрген еңбегіңізге мың алғыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *