Болған оқиға. Қара күшпен арпалыс…


Сізге кеше түнде болған жағдайымыз туралы айтайын деп едім. Кеше, сенбі күні күйеуім демалған еді.Таңертең кеткеннен кешкісін пиваға масайып келді. Әдеті бойынша біздерге ананы, мынаны сөйлеп мазамызды алды. Мен ашуға бой алдырып кетпейін деп, дәретімді алып, көзіне түспеуге тырысып тамағын құйып беріп басқа бөлмеде отырдым. Күйеуім сыртқы есікке тамақ ішіп отырған қасығын лақтырып: «кет, кет ! Кірме!»,- деп айқайға басты.

Жерге түскен қасықты алып, өзіне ғана көрініп тұрған әлдебіреуді қуып әлекке түсті. Сыртқа шығып, күректі қолына алып, күрекпен ұрмақшы болып еді, қолындағы күрегін бір мықты күш артқа қарай итерді. Тас алып лақтырса, лақтырған тасы кері кетеді. Әлгі дүлей күш күйеуімді жерге алып ұрып лақтырады. Қабырғаға тіреуіш қып қойған бөренеге бір айналдырып, жерге бар екпінмен лақтырғанда …

Мен жанында, білгенімді айтып, үйге алып кірейін десем, әлгі нәрсе үйге қарай жүруге еш мүмкіндік бермеді. Күйеуім су сұраған соң, су беруге бұрылғаным сол еді: күйеуімді сондай жылдамдықпен бос салынып бітпеген үйге қарай сүйрей жөнелді. Мен іле артынан жүгірдім. Жүгіріп келе жатып менің түйсігімде бос үйге апарып, өлтіріп тастамаса екен деген ой келді. Мен жеткенде, оны қурай тікеннің үстіне лақтырды. Күйеуім әлгі нәрсеге «жібіңді ұстамаймын», -деп қолын қусырып ала қашып жатты. Үйде қыздарым ұйықтап қалған. Қызыма айқайлап едім, бір уақытта оянып сыртқа шықты. Телефонымды әкеп бер,- деп тел алғыздым.

Телефоннан сіздің зікіріңізді қосып ем, әлгі күйеуіме көрінген нәрсе қашты. Маған көрінбейді, күйеуіме көрінеді, айтады «телефонның даусынан қашып жатыр», деп. Қашқанымен бізді алыста айналып, үйге беттетпеді. Содан кейін тел даусын соңына дейін қатты шығардым. Дыбыс үдеп еді, әлгі нәрсе жан таласа қашты дейді.

«Оның қатты жан таласа қашқанынан шаң көтерілді», дейді. Бірақ маған шаң көрінбейді. Ит көреді деген рас екен, ит біраз қуып үрді. Менің түсінгенім бойынша, ол нәрсе кез келген уақытта күйеуімді жетелеп алып кетіп не асып, не басқа да жолдармен өлтіретініне көзім жеткендей. Сізден ақыл көмек осы жаман нәрсенің алдын алу үшін құрбандық шалайық па әлде құран хатым түсіру керек па?

Бұның жауабына үңілсек: еркек ішкілікке салынған. Оның да өзіндік себептері жеткілікті болса керек; аруақтан ажырау, әйелдегі тазалық-тақуалықтың болмауынан(киімі толық емес,дәретсіз) енген қаралық. Осы жайлар еркекті жындарға бейім еткен, оның бұл күйі о дүниелік болып,бірақ әлі тазарып тозақтан шықпаған аруақтарын одан әрмен азапқа салған. Тазармаған аруақ жынға қосылып, өз ұрпағына жендет-жан алғыш болып төнген.
Шығу жолы: жеті өрісі толық пендеге қатым шығартып жеңілдік,қорған алу. Өмір салтын тазалық пен тақуалыққа бейімдеу.

#келген_хаттардан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *