Имамды алдаған жын
Осы 2020 жылдың көктемінен бастап мешітке тазалықшы болып жұмысқа тұрдым.
Наурыз айында күйеуім Талғат екеуміз мешітке келдік. Бейсенбі күні болатын. Әдеттегідей мешітте тазалық жұмысын жасап жүрдім. Имам ұзақ сүре оқып жатты. Ішімнен «неге сонша ұзақ оқыды» деп ойлап қоямын. Екінші қабаттың тазалығын бітіріп, бірінші қабатты тазалауға кірістім. Талғат ортақ залда кітап оқып мені күтіп отырды. Маған имам әйел адамға дем салып отырғандай сезілді. Күйеуімнен: «Әйелді оқып отыр ма?» — деп сұрадым.
Ол: «Жоқ, бір еркекті әкелді. Ішінде әйел жыны бар, имам соны оқып отыр», -деді. Мешітте дем салатын бөлме бөлек еді. Талғат: «Қызық, имам жын сүресін оқып бастағанда еркек тулады, абыржыды. Мен жын сүресін жатқа білмеймін, бірақ жүрегім танып тұр. Бөлмеге кіріп көрмесем де сезіп отырмын. Сүре оқығанда ана қатын жын еркектен шығып бөлмені шарлады. Төбеге ұшты да қайта қонып имамның тамағына жармасты. Имам болса оны сезді ма қақалып, шашалып, жөтел қысып қиналды. Сонда да оқуын жалғастыра берді. Сосын Ясин сүресін оқыды. Жын еркектен қайта шығып, маған қарай жақындады. Екеуміз бір-бірімізге қарап тұрдық. Ол бірақ бата алмады. Сонда жын: «Имам бақсы емес. Олар мені шықты деп оқи берсін, бірақ мен сырттан тосатын болам. Мешіттен бір қадам аттағанда қайта кірем. Оқып отырған адамының таза жүрмейтінін олар қайдан білсін»,- деді де кетіп қалды. Имам тағы да фалақ сүресін оқи бергенде жын жоғарыға шарықтап ұшып екінші қабатты шарлады. Саған сыртыңнан қарап тұрды, бірақ тиіспеді. Құдайдың құдіреті ана жын сені менің әйелім екенін біліп түсініп тұр»,- деді.
Ал, имам болса демін салып, Құран аяттарын оқып бітірді.
Фируза Алданова.