Ата жолымен Рухани жаңғыру. (1)
Рухани жаңғырамыз деп елбасымыз үндеу жариялағалы біраз боп қалды. Дегенмен, қазіргі күйімізге қарасақ рухани қаңғыруға түскенімізді көреміз де, енді не болар екенбіз деген сауал есі дұрыстың көкейін жейтін күнге жеттік.
Рухани жаңғырудың алғашқы тапсырмасы қазақ әліпбиін латынға көшіру еді. Неліктен билік латынға құмар бола қалды, деген сауалға үңілсек. Өйткені бұл құдайсыз амал қазақ деген ұлттың соңғы үміті — аруағынан ажыратып, күл талқанын шығаратын амал еді. Және бұл қазақ елінің билеушілерінің, ғалымдарының толықтай құдайсызданып, ібіліске қызметке тұрғанына дәлел болды. Бірақ олар өздері олай ойламайды, әрине. Өздеріне салсаң уәждері бар, олардың түсінігі бойынша латынға көшсек, рухани дамып, заманауи өркендеп, ғылым-білімді қарқынды меңгеріп кетеді екенбіз-міс, тағы бұл үдеріс бізді орыстанудан құтқарып, қазақтығымызды бекітеді-міс.
Ақиқат осылай ма, талқылайық.
Адамзат өмір сүру барысында әртүрлі даму белестерінен, тарихи кезеңдерден өтіп отыруы заңдылық. Қазақ даму тарихында араб графикасын да, латын таңбасын да қолданғаны шындық. Бірақ заманның, білім-ғылымның дамуына орай кериллица таңбасына табан тіреген кезеңдеміз. Кериллицадан бас тартсақ, қазақ боламыз деу нағыз қараңғылық, жанның қапаста өспей қалғанына дәлел. Жалпы, тіл беретін, үн беретін пенде баласына, қала берді ұлтқа, КІМ? Құдай тіл бермесе, мылқау етіп жаратам десе де өз еркінде екенін неге ұмытамыз?
Тіл-ардың үні, таңба-ыдысы. Қазақтың жаны өсіп жетілу барысында аталмыш таңбаларды қолданыстан өткізуі заңдылық. Тіл-жан мен ділдің жетілуіне қарай өседі,байиды, сөздік қоры артады. Үннің, ділдің қуаттылығы дыбыс таңбасымен тікелей байланысты. Керилицадағы 42 таңба бұнымен тоқтамай өсіп, 47 таңбаға жеткенде, Қазақ халқының ділі ең үстем қуатқа ие болу керек-тін. Бірақ қаскөйлер жолын кесуге ыңғайлануда.