Қазақта бар Қасиет!


1-ші жазба.

☘️Қасиет пен тылсымға толы мына бір Қазақ дейтін ұлттың тарихы терең. Талай батыр да, би де, ақыны мен абызы, пірі мен сопысы, əулиесі де жетіп жатыр. Сол ата-бабалардың басып өткен ізін, салт-дəстүрін, керемет қасиеттерін, ұстанымы мен ұранын, болашақ ұрпағына қалдырып кеткен қағида жазбаларын, аңыз-əңгімелерін, ұрпағының болашағы үшін елін, жерін қорғауда талай қыйында қатал кезеңдерді бастан кешірген ата-бабаларымыздың тарихын оқып зерттеп, өзіне ұрпақтың борышы, деген қазақ баласы жоқтың қасы болып тур.

Əр турлі діни ағымдарға кіріп кетіп өздеріндегі бар қасиетіне құрт тусіріп жатқан жастарымызға жаным ашиды. Керісінше шет елге еліктеп жалаңбас, жалаңбұт ашық-шашық журген ұл-қыздарымыз ше? Арапқа еліктеп өз тілін ұмытып, арапша сөздіктерге өтіп жатқаны талай. Немене сонда қазақша дұға тілегіңді Жаратқан иең түсінбей қала ма? Ұлттың, Тілдің бəрі Құдайдікі екенін ұмытпау керек!

Амалың дұрыс болмаса ішіңде ібіліс деген сұржылан билеп тұрғанда дұғаң жетпес Аллаға! Он сегіз мың ғаламның иесі — Алла əр пенденің дұға-тілегін тілемей-ақ біліп тұрғой! Бірақ сол өзіңдегі 12 мүшеңмен 62 тамырыңды билеп алған ібіліс күнəға батырып ауыртпалық, қаралықтан маңдай көзіңді ашқызбай қойған. Осыдан арылмай Құдай иеңе қалай адал құл боласын.

Батпағыңнан арылмай, Жаратушының үкімін орындамай қай бетіңмен дұға тілейсін. Қазіргі уақытта əр түрлі аты бар аты жоқ аурулар шығып жатыр. Ауру деген, ол — пенденің күнəсі! Алланың буйырған парызын орындамай, Ата-бабалардың қалдырып кеткен аманатын орындамақ түгілі мазаққа шығарып немесе ширк деп жоққа шығарып осындай кесірлерді сəбилеріміз, балапандар жалпы болашақ ұрпақ тартып жатыр зардабын.

Мазхап қуып журген немесе ашық- шашық жургені болсын бəрібір сол тегі қазақ болған соң кейбіреулерінен естіп жатамыз тус көремін деп жатады. Жақында бір қыз аян алған: Айша бибі ана деген тусімде көрдім, дейді. Өзі жарты-жалаңаш жүреді. Осындай жол көрсетіп жатқан тустерді көретіндер көп негізі Ата-аруақ, əулие аналарымыз адасқан ұрпағын демеп жол сілтеп жатқаны-ай жарықтық оған мəн беріп жатқаны шамалы.

Айтарым мына текті Қазаққа! Алланың таңдауымен, Ата-аруақтың қолдауымен қазақтың көреген азаматы Тоқберген Байтасов (жеке блогы) ағай бастаған Ата жолы дейтін ұлы көштің жетегіне еріп Ағайдың Ақиқат бастауын (Ата жолы кітапханасындағы) санасына құйып, зікір жинақтарынан ем-шипа тауып жалпы шығармаларынан тура жолмен тақуалыққа жетіп қазақи қасиетін меңгеріп, маңдай көзі ашылып сана-сезім оянса екен əр қазақтың. Хакім Абай атамыз айтқан «Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек. Ақылға сəуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек!». Осылайша табандылық танытып иждаһатпен ізденіп, Тоқберген ағайдың шығармаларын сана мен оқып, ақылға туйіп ойға салып ұғынсақ ақылға сауле беріп шыңыраудан алып шығары сөзсіз!

Эльмира.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

− 6 = 1