Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Қара күшпен арпалыс. Болған оқиға


Армысыз аға. Сізге күйеуім жайлы айтып, жазда хабарласқан едім. (blogs.atazholy.kz/2019/07/16/bolgan-oqiga-qara-kyshpen-arpalys/) Сіз қара күшпен арпалыс деп, фейсбукте, бейнежазбаларыңызда көпшілікпен бөліскенсіз. Күйеуім жаз мезгілінде қара күш асылып өлуге жетелегеннен кейін бір екі ай ішпей жүріп еді.

Енді қайта ішуді әдетке айналдырды. Ішімдік ішкенде кейде, бір аш қалғандай, ашкөзденіп жер бетінде соңғы ішімдік қалғандай, қомағайлана ішіп, одан қалса қисынсыз үйде дау туғызатын әдеті бар. Сол қатты құтырынып кеткенде тылсым күштің қатты қуатын көріп барып басылады. Қазақта жынын алдырған бақсыдай деген сөз бар ғой, солай жынын алдырғандай болып барып тоқтайды.

Жақында туған әпкемнің қызының тойы болды, тойға барам деп жүрген күйеуім аяқ асты тойға бармаймын деп, той жақындағанда күнде күнде ішіп мазамды алды. Маған тойға бармайсың деп шу шығарды.

Мен жарайды бармай-ақ қояиын, туыстарыма телефон шалып сенің жібермегеніңді, сол себепті тойға бармайтынымды айтып ескертем деп айттым. Бірге туған әпкемнің қуанышында бұның не деп, айтсам сөз түсінуі мүмкін емес жағдайда.

Ол үйден шығып кетті. Мен оның арақ ішуге кеткенін түсіндім.

Толық оқу…


Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер мен олардың ізгі істері өнеге етілетін бесік жыры


Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер мен олардың ізгі істері өнеге етілетін бесік жыры: Осылай әндетін қазіргі күнде әжелер,аналар барма кен?

Менің балам осы ма?
Басында бақыт құсы ма?
Ғайып ерен, қырық шілтен
Бөбегімнің досы ма?
Әлди, әлди, әлди-ай.

Лә иләһә иллалла,
Иллаллада пайда бар.
Мұхамбеттің үмбеті
Осындай бала қайда бар?
Әлди, әлди, әлди-ай.

Толық оқу…


Көк жорғаның көз жасы


Бүкіл Шығыс Алтай өлкесіне аты мәлім, мыңдап жылқы, қоралап қой өргізген, дәулетіне қыдыр қонған атақты бай Ақдәулеттің науқастанғанына да міне, алты айдың жүзі болды. Көктемде жабысқан осы дерт байды оңалтар емес. Бұрынғы торсықтай толық денесінен ет қашқан. Қызыл шырайлы өңі де сарғайып солып бара жатқандай. Өткір жанары мұңлы, солыңқы. Әр елден келген талай емшілер мен балгерлердің алуан түрлі емін алып көрсе де дауа табылар емес бұл дертіне. Ішкен асын кері құсып тастайды. Аздап саумал батушы еді, міне, бір жетінің жүзі болды, ол да өтпейтін болды өңешінен. Күннен-күнге тұла бойынан әл кетіп, қуат-күші сарқыла бастады. Көп кешікпей өзінің о дүниеге аттанарын іштей сезген, көкірегі ояу сұңғыла қария, жастайынан бірге өскен, бозбала кезінде тайлақ көтеріп, содан өз аты ұмытылып, бүгінде «Тайлақбай» аталып кеткен, балуан құрдасы, бұл күнде жылқышыларының басшысы Тайлақбайды шақыртты үйіне.

Он екі қанат ақбоз үйге кіргенде, бай сүйекпен қапталып, алтын-күміспен апталған, кезінде бір үйір жылқы беріп, атақты шеберге жасатқан қымбат ағаш төсектің үстінде басына қос жастық салдырып, биік етіп жастатып кеудесіне ақ жейде киіп жатқан еді. Басын ұстарамен жып-жылтыр тақыр қылып, тақауда алдырғанға ұқсайды. Бойынан ет қашқан, құдды аруақ дер қазіргі түрін көрген жан.

– Ассалаумағалейкум, құрдас, – деп сәлем бере кірген Тайлақбайдың шоқпар ұстайтын қос қолын әлсіз саусақтарымен аялай ұстаған байдың «Әликімассаламға» әрең тілі келді. Кезінде өзі де осынау балуан құрдасымен талай рет аңға шығып, асау үйреткені, көкпар тартып, талай салым салғаны есіне түсіп, көзіне жас алды. Даусы әлсіз:

– Тіршілікте әй, дескен жерім болса, кешір құрдас?! Бұл боқ дүние кімнен қалмаған, біздің ата-бабаларымызды да тегіс жалмаған, мені де әкеткелі жатыр сол жаққа.

— О, не дегеніңіз байеке, әлі-ақ сауығып кетесіз, – деп басу айтты Тайлақбай. Ақдәулет сөзін қайта жалғады:

– Қанша қимағандарыңмен, мен енді бұл дүниелік емеспін, одан да сөзімді бөлмей, тыңда! – деп бір қайырды.

Толық оқу…


Жәннаттың есіктерінде не жазылған?


Баязид Бистами қырық бес рет қажылыққа барады. Бір күні Арафат тауында нәпсісі оған: «Ей, Баязид! Жер бетінде саған тең келетін адам бар ма екен? Қырық бес рет қажылыққа бардың және Құранды мыңнан аса бастан аяқ оқып шықтың» — деген ой салады.

Жәннаттың есіктерінде не жазылған? Хазреті Баязид нәпсісінен келген бұл ойға қатты ренжиді. Дереу түрегеп, сол жердегі жиылған қауымға қарата: «Менің қырық бес рет жасаған қажылығымды кім бір тілім нанға айырбастайды?» — деп сұрайды.

Сонда бір кісі басын көтеріп:

«Мен аламын!» — деп, нанын ұстатады. Баязид Бистами нанды алып, сол жердегі бір иттің алдына тастайды.

Ісін аяқтап біткен соң, жол дайындықтарын жасап, Рум аймағына (Анадолы) қарай бет алады. Бірақ не үшін кетіп бара жатқанын өзі білмейді. Ұзақ күндерге созылған осы сапарда бір шіркеу попымен кездеседі. Ол Баязидтің қолынан ұстап ертіп, үйіне алып келеді. Үйінің ішінен бір бөлмесін босатып беріп, күнделікті асын таңда және кешке әкеліп беріп тұрады. Баязид осы бөлмеде тек ғибадатпен уақыт өткізеді. Бұл жағдай бір ай жалғасады. Нәпсісіне қарата:

«Ей, нәпсім! Мен сені тәрбиелегім келеді, бірақ сен жамандықтан тыйылмайсың», — деп тұрғанда поп ішке кіріп:

«Есімің кім?» — деп сұрайды.

Ол:

«Баязид», — деп жауап береді.

Поп:

«Өзің жақсы адам екенсің. Шіркін, Иса Мәсіһтің құлы болғаныңда ғой!» — дегенде, бұл сөздер Баязидке ауыр тиіп, үйден кетуді ұйғарады, сонда поп:

Толық оқу…


Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.


Шаш арқылы даналық пен Тәңірдің қалауын сезінуге болатынын есте сақтаған. Шаш тәндегі күш-қуатты сақтаушы құрал болған.

Ұзын бұрым – көрік пен күш

Әйел үшін ұзын шаш тек көрікті болудың амалы ғана еме. Шаш әйелдің ішкі күш-қуатының деңгейін көрсететін өлшеуіш. Ведаларда шаш жағымды энергияны жинақтайтыны айтылған. Шашы ұзын әйел салмақты, сабырлы болады екен.

Ертедегі әйелдер шашты ұзын етіп өсірген. Бұрым қылып өріп қоятын болған. Әйел үшін бұрым аккумулятор сияқты рөл ойнаған. Шаш ұзын болған сайын, оның иесі ақылды, көреген, күш-қуаты көп болған. Оның адамгершілігі мол, мейірім мен нәзіктігі басым боп тұрған.

Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.

Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, әйелдің тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Яғни, ендігі жерде әйелдің күші екіге қақ жарылған. Енді ол әрі әйел, әрі ана ретінде күш жұмсайды. Оның рухани күші тек өзіне ғана емес, отбасына, күйеуі мен балаларына да жұмсалады.

Әйел заты шашқа аса ұқыптылықпен, сақтықпен қараған. Шаш – Тәңірдің сыйы екенін білген. Шашты күтіп, баптап, еріне жағуы мүмкін екенін білген. Тіпті кей кездері ауырған баласын да шаштың күшімен емдеген.

Толық оқу…


Қыдырбай молданың әңгімесі


«Мен 13 жасымда жетім қалдым. «Отау иесі» деп қарт әкем мені 13-ке толар-толмасымда-ақ, үйлендіріп тастаған. «Әлі бала жас қой, тым ертерек емес пе?» деп сұраған ағайынға, «менің жасым кеп қалды, көзімнің тірісінде келін түсіріп кетейін, немерені Құдай өмір берсе көрерміз» дейді екен. Ол кезде Талқының (тау) аузында отырамыз, жаздай есекпен, атпен сүйреп әкелген қарағайдан қатырып тұрып екі ауыз там салып алғанбыз. Ол уақытта ортаға қоятын темір пештің өзі қат, табылмайды. Амал жоқ, қысты күні ортаға от жағып, соның шоғын көміп қоятынбыз. Таң ата шешем әлгі шоқты қоздатып, үстіне шөп-шалам салып , үрлеп тұтатып алады. Ол кездегі тіршілігіміз сондай ееді. Бірақ, мен үшін осы өмірім Жұмақтан қымбат екенін кейін білдім…

Жағдайымыз жақсы еді. Әке-шешемнің осы жақтан алып барған, сосын сол жақта сауда жасап тапқан азын-аулақ ақшасы да, алтыны да, малымыз да бар еді. Біздің халық данышпан ғой «мал бір жұттық» дегенді қалай тауып айтқан?! Бір қыстағы жұттан таяқ ұстап қана шықтық. Сонда да болса, жаздыгүні әкем мені үйлендірді. Тағы қыс түсті.

Бір түнде үйіміз өртеніп кетті. Аяқ жағымызға қозға қойған шоққа көрпе ме, әлде жамылған тон ба, түсіп кетіп, ол жанып, біздің қарағайдан салған үйіміз, кәдімгі бір қорап сіріңке құсап лап ете қалды. Мен қашып шықтым. Біздің үйдің аяқ жағында шамамен 300 метрдей жерде Қырықбай деген менің құрдасымның әкесі тұратын. Жалаңаяқ сол үйге қарай жүгірдім. Менің айқайымды естіп олар да жүгіріп шыққан екен. Қайта барып, үйді өшіруге әрекеттендік. Жәпей деген ағам үстіне бір шелек мұздай суды құя салды да, жанып жатқан үйге кіріп кетті. Біраздан кейін менің шешемді көтеріп шықты. Есіктен шыға бергенде жанып жатқан үйдің босағасы үстеріне құлап түсті. Қаумалаған ел зорға шығарып алды. Ағам біраз күйгені болмаса аман қалды. Шешем әуелі ыстан есінен танып қалған екен, кейін есін жиды, бірақ, сол кеудесіне түскен оттан оңала алмады. Көп ұзамай көз жұмды. Ал әкем және менің 13 жастағы келіншегім, сол пәк күйінше өртеніп кетті. Біз бір әке бір шешеден туған 1 ұл, 1 қыз ғана едік. Үйді өрт жалмағаннан біраз бұрын ғана қарындасым ішкі Қытайға оқуға кеткен еді. Жәпей (шын есімі Жансейіт) әкемнің туған інісі. Өртеніп кеткен үйдің орнында шошайып Жәпей екеуіміз ғана қалдық. Әке мен шеше бардағы байлықтан дым қалмады. Енді аш қалмау үшін, жергілікті байларға өзім жалданып күн көруге көштім…

Толық оқу…


Табиғаттың тартуы – Әулиеағаш.


Жетісу жерінмде жуандығына бес адамның құшағы әрең жететін, жеті ғасырдан бері өсіп тұрған алып ағаш бар. Күллі халық ол ағашты «Әулие ағаш» деп атайды.

Ел ішінде ағашқа қатысты аңыз-әңгімелер мен болған оқиғалар жиі айтылады. Дендролог мамандар бұл ағашқа ғылыми анықтама бермесе де, оның кәдігімгі қарағаш екені мәлім. Және оның жасы ел айтып жүргендей 700 емес, 750 жылдан да көп болуы мүмкін.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып қызмет атқарған, қазірде Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Әулие ағаш туралы мынадай қызықты дерек келтіреді: «Ағаш жайында алғаш рет 1757 жылы Қытай императоры Цянь Лунь сөз еткен. Ол өзінің жазғы резиденциясында Нұралы Сұлтан бастаған қазақтың 11 елшісін қабылдап, ұзақ әңгімелескен екен. Сонда император қазақ елшілерінен: «Біздің адамдар Сіздердің жерлеріңізде көлеңкесіне 50 атты адам сыйып кететін, 500 жылдан өсіп тұрған алып ағаш бар деп айтып келді. Сол рас па?» деп сұрағанда қазақ елшілері ондай ағаштың Жетісу жерінде расымен бар екенін, бірақ олар бұл сапарда Алтай арқылы келгенін айтады.
Толық оқу…


Жер қабылдамаған бейбақтар


🍂 Ауылымызда Мәлікқазы деген ақсақал болып еді. Бірде, ауызашарда, қазақтың «жер қабылдамады» деген сөзі жайлы әңгіме өрбіді. Мен сенімді жолмен жеткен мына бір хадисті айтып бердім: «Нәжжар ұлдарынан бір христиан бар еді. Алғашында мұсылмандықты қабылдап, «Бақара» және «Әли Имран» сүрелерін оқып жүреді. Пайғамбарға (с.ғ.с.) уаһи жазып беретін. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне түскен аяттарды кейбір сауатты кісілерге жазғызатын. Жалпы саны қырық шақты сондай кісілер пайғамбарға түскен уахиларды жазу арқылы аяттардың сақталуына атсалысқан. Сол кісі кейіннен қайтадан христиандыққа қайтып: «Мұхаммед ештеңе білмейді. Тек менің жазып бергендерімді ғана біледі» деген сөзді тарата бастайды. Ол өлген соң христиандар оны жерлейді. Алайда, жұрт ертеңіне оның денесін қабірдің сыртқа шығарып тастағанын көреді. Сонда христиандар: «Бұл – Мұхаммед пен сахабаларының ісі. Өздерінен кеткен соң бұл бауырымыздың кебінін шешіп, денесін далаға тастап кетті», — деп жала жабады. Терең шұңқыр қазып, оны сол жерге көмеді. Бірақ, ертеңіне оны жердің тағы да сыртқа шығарып тастағанын көреді. Христиандар бұған тағы да мұсылмандарды айыптайды. Бір жерден тағы да шұңқыр қазады. Бар күштерін салып тереңдетіп қазады. Бірақ, ертеңіне дененің тағы да сыртта жатқанын көреді. Сонда христиандар бұл істі адамдардың жасамағанын түсініп, мәйітті көмбей қалдырады. Хазірет Пайғамбар бұл кісі өлген кезде «Жер оны қабылдамайды» деп ескерткен екен».

Айтылған насихатты аса бір ыждаһаттылықпен тыңдаған Мәлікқазы ата күрсініп қойып, былай деген-ді: «Е-е, балам, Мейірімі шексіз Жаратқанның ашуы да сұрапыл қой… Бұндай бейбақтар біздің қазақтың да арасында ара-тұра кездесіп қалады. Ондайларды жұрт «Құдайдың қарғысы тиген» дейді… Мен сендерге бала кезімде көрген бір уақиғаны айтып берейін. Ол кезде арғы бетте, Қытай жеріндеміз. Бала болсақ та, ес тоқтатып қалған кезіміз. Бір күні ауылдың іші дүрлігіп кетті. «Кешегі қайтыс болған Бәленбайдың мәйітін далаға шығарып тастапты» деген сөз желден де жылдам тарады. Содан жаңағы кісіні қайта жерледі. Сұмдығы: ертесі оның денесі тағы да далада жатты. «А, Құдай, кешіре гөр! Я, Алла!» деп шулап жүріп, көрді тереңірек қаздырып, төрт бұрышына төрт қазық қақтырып, әлгі бейбақтың мәйітін сол қазықтарға шандырлап байлап, қайта көмді.

Толық оқу…