Бұл тек дінде тыйым салынған (шошқа еті колбаса, майы, өлексе еті, бісмілләсіз сойылған мал еті) ғана емес, астың арамдануы бір сәтте. Егер ас дайындаушы әйелдің басы, білегі, мойны ашық болып, бойында бой дәреті, білегінде күміс білезігі болмаса — ас арамданады. Аталмыш шарттардың бірі орындалмай дайындалған асты тақуалық деңгейі жоғары адам жесе, бірден уланып ауырар еді.
Біз неге сезбейміз?
Өйткені, өз деңгейіміз оны сездіруге мүмкіндік бермейді. Бірақ бұл әсер етпейді деген сөз емес.
✔Арам ас жанды өлтіреді.
✔Бүкіл сезгіштік тақуалық қасиеттен жұрдай қылады «Ауру астан» деп осындайды айтып кеткен ата-бабамыз. Көптеген аурудың пайда болу себебі жатыр мұнда.
♻️Адам иісі өз өрісінде (өріс деген адам сыртындағы қабат, биополе, аура) айналып өңделу үшін жабық киімнің маңыздылығы басты себеп. (әйел адамда мойнымен бірге жабылған жаулық-кимешек, жеңнің білезікке дейін болуы, оны күміс білезікпен байлау, аяқтың жалаңаш болмауы). Өріс арқылы әйел адамның дәрет иісі жоғары көтеріледі (әйел заты кіші дәретінің құрамы натрий-сілтілік ортасымен байланысты), сондықтан жалаңбас жүретін әйел адамның басынан дәрет иісі (кір сабын иісіне ұқсас болады, өріс арқылы өңделмей, бастан шыққанда) шығып кетеді. Ол иіс мойын және шаш арқылы тамаққа сіңеді. Әйелдің ♂️ерінің ұрығы білекке жазылады. Білек ашық болғанда ұрықтың қуаты альфа, бета, гамма сәуле түрінде у-ға айналып саусақ ұшынан тамаққа қосылады. «Оқымаған» бұрынғы аналарымыз осыны білгендіктен күміс білезік тағынған. Өйткені күмістің бейтараптау тазарту қасиеті бар. Күміс улы сәулені тамаққа өткізбейді.
Боялған тырнақ; Тырнақ- шайтан мен жынның қосылысынан болатын қандағы арамды шығарып отыруға негізделген, қызметі осы функциямен байланысты, яғни. Тырнақтың өз өрісі бар, лак жағылғанда, тырнаққа су тимейді, өріс бұзылады, қандағы арамның тазалануына жол бермейді. Арам өріс тамаққа араласады.
Міне, тамақтың жәй ғана киім тәртібін сақтамағанда У-ға айналу жолы осындай.
Қазіргі таңда киім тәртібін сақтамаудың өзі асты улаумен қоса, түрлі ауру тудырып, әр пенденің тағдырындағы қарама-қайшылықты көбейтіп отырғаны оқырманның жетесіне жетсе дейміз.
Қысқа жең (білезіксіз),қысқа етек,жалаңбас ас дайындаумен болатын нәтиженің бүгінде зардабы ащы боп жатса да, түп -төркініне үңіліп ғылыми тұрғыда бұл мәселеге келген еш ғалым ешбір елден шыққан жоқ. Бізге белгілі боп отырғаны, бұны кезінде ата-бабамыз меңгерген ғылым. Араның үзілуінен жалғаспай, тектілік жалғастығын таппауынан, жетесізденіп жатқанымыз осы.
Осыдан келіп, өз ұрығын қайта жеген еркек мәңгүртке айналып, етекбастылық, енжарлық, әйелдік мінез, семіздік, ынжықтық, жігерсіздік, арам суға, жын ойындарға құмарлық не керісінше, санасы жабылуынан бақытты дүниемен өлшеу -дүниеқоңыздық т.б. жеккөрінішті мінез- құлық қалыптасады.
Мұндай астың ұрпаққа да опа бермейтіні түсінікті. Жақсы мен жаманды, арам мен адалды ажырата алмайтын, мейірімсіз, қатыбас, дінсіз, ділсіз, көрінгеннің жетегінде кететін жетесіз ұрпақ өсіп шығады.
Енді, осыдан пайымдай берсе болады; қазіргі уақытта жас-кәріні талғамайтын аурулар мен жас сәбилердегі емі қиын дерттердің шығу төркінін. Қай жерде де шырылдап баласының еміне қаржы сұрап жатқан әйелдерді көру қалыпты жағдайға айналғаны қашан. Бұның да төркіні салт-сана, ата-дәстүрден ажырап, тағдырдан қол үзуден ұрпаққа артылған ауыр жүк екенін, оның емі де сол қатындардың өзінде тұрғанын айтудай ақ айтып келеміз. Естір құлақ болса деңіз.
Тлектес Айтманова