Ауырпалықты алған қошқар
Жаңарған Ата жолында 2018 жылдан бері Тоқберген ағамыздың бейне жазбаларын тыңдап келе жатқан жайым бар. Адамдардың бойлары, ойлары, құлақтары, көздері, түгел қаралықтан тығындалып қалады екен. Тоқберген ағаның зікірлерін тыңдап, бейне таспаларын көру арқылы, жиылып қалған қаралықтардан әрбір пенденің бойына тазару жүре бастайтынына жайлап көзім жетіп келеді.
Ақ Ұл ағадан 22 жасымда мөр алып, Қайназар атамен ашылдым. Жастайымнан аурушаң болдым. Ата-анамыз үнемі молдаларға оқытып, емдететін. Есейдім. Одан кейін тұрмысқа шықтым. Ауру бойдан кетпеді. Дәрігердің емі конбады.
Күндердің күнінде 2006 жылы Құдай жарылқап әулие, баба, аруақтардың колдауының арқасында Сейілхан ана Ордасынан бір-ақ шықтым. Бірінші күні шыраққа барғанымда Арыстан бап баба аруағынан бата алдым. Батада анамның жатырында жатқанда жеті айлық кезімде тандалғанымды, бойдағы ауру емес қасиет екенін айтты.
«Бойдағы қасиетті алсаң бағың, алмасаң қасірет болады»- деді. Сол күннен бастап менің өмірім жақсы жағына өзгере бастады.
Сол жылы кіші керуенге, артынша үлкен керуенге шықтым. Содан кейін мөр алып, Аққу болдым. Алланың оңдылығы мен әулие бабалардың колдауының арқасында аруақтың батасын жеткізетін болдым. Ол кездегі бата, әрбір жүректен шыққан сөз атылған оқ болатын.
Бірінші қосағымнан перзент сүйе алмадым. Әрі ол Ата жолына барғаныма қарсы болды. Ата жолы болмаса от басы қайсысын тандайсың деген шарт қойылды. Мен Ата жолын таңдап, солай ажырасып кеттік. Арада жылдар өте тағы тұрмысқа шықтым. Ол ер азаматтың бірінші әйелі аты жаман аурудан өмірден өткен екен. Алты баланың әкесі жалғыз басты болғасын екінші рет үйленетінін, балаларына қарайласатын иманды жан болса, бас қосуға дайын екенін айтқан болатын. Мен сол алты балаға ана болуға келісімімді бергеніммен, төркін жағым қарсы болды. Өзімде бала болмағаннан кейін, сол балаларды бауырыма басайын деген ой болған.
***
Арада үш ай сала ортаншы бала өздігінен жылайтын болды. Ол кезде жасы 11-де еді. Бұл балаға не болды деп: «Бір жерің ауырып жүр ма? Не үшін жылайсың?»,- десем маған қарай айқайлайтын болды. Себебін сұрасам айтпайды. Әр түн сайын сондай жағдай қайталанатын болды. Маған да ыңғайсыз еді. Мені жатырқап жүр ма екен деп қысылып, қымтырылдым. Балалармен үйренісіп кету оңайға соқпады.
Әкесінің кәсібі вахталық жұмыс болғандықтан үйде көп болмайтын. Келгенде бар жағдайды айтып түсіндірдім. Бірақ оған әкесі онша мән бере қоймады. Бала ғой деп қоя салды.
Бала уақыт өте келе «өлемін» деп көп айтып жылай беретін болды. Не істерімді білмей, бірден А. әпкеге хабарластым. Баланың жағдайын айттым. Әпке: «Баланың атынан неге Ата жолы қорына садақа салмайсың? Садақа осындай бәле-жала, қауіп-қатерден сақтайды ғой»,- деп айтты.
Осындай жағдай болмай тұрғанда да талай жай сөзбен де, батырып та айтқан болатын. Онша елемегенмін. Бұл жолы ұрсып айтқанда, шыбын жаным шырылдап, — Құдай көмектесе гөр,- деп — тағы қандай жағдай болып кетеді екен,- деп қорыққанымнан тездетіп ойланбастан қолыма түскен тиын-тебенімді салдым. Содан кейін жиі хабарласып тұратын болдым. Ол кісі не айтса, соны істейтін болдым. Содан кейін шелпекті де жиі пісіріп, таратып тұратын болдым. Сол баланың өмірден өткен ата — баба аруағына, анасының аруағына Құран бағыштап отырдым.
Корада екі қой, бір қошқар бар болатын. Қошқар өте ірі болды. Сол күні қасиетті жұма еді. Азанда балам шайын ішіп отырып: «Өлгім келеді, өлемін»,- деді.
— Саған не болған, жаман сөз айтпа,- дедім.
Ол үндемей жатын бөлмесіне кіріп кетті. Мен мал қораға барып, қойларга шөп салып келдім. Түсте тамақ дайындадым. Балалардың бәрі үйде. Ортаншы бала далаға шықты. Жүрегім бір нәрсені сезгендей артынан жүгіре шықтым.
Балаға: «Қайда барасың?»,- дедім.
Ол маған қарап:
«Өлемін»,- деп тағы да айқайлады.
Қолында ақ жібі бар мал қораның төбесіне шығып кетті. Мен айқайлап абысынның үйіне жүгіріп, оны жетектеп үйге жеткенше жаңағы бала жіпті дайындап төбеге байлап қойыпты. Абысын мал қораның төбесіне шығып, баланы жұлқылап алып түсті. Бала жылап үйге карай жүгірді. Мен есім шығып не істерімді білмей балаға қосыла өзімді тоқтата алмай, жылай бердім.
Өзім де сол жіпке асылып өле қалғым келді.
Сонымен қойға шөп салайын деп сарайдың есігін ашып ішке кірсем, қошқар жерде жатыр. Алдыңғы аяқтарын созып, басын құбылаға қаратып, көзін ашып, арам өліп қалыпты.
Әпкеге хабарласып, болған жағдайды айтып едім, ауыртпалықтың малға ауғанын айтты. Мынадай сөзді естіп, іштей қуандым. Бірақ баланың әкесі мен қайын атам қорадағы қойларға дұрыстап қарамай өлтірдің дегендей қылып, қойларды басқа жаққа апарып қосты. Өкінішке орай баланың жанының аман қалғанын мен оларға айтып түсіндіре алмадым.
Атам қазақ «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп бекерге айтпаған ғой.
Баланың жанының аман калғанына сансыз шүкір!
Біздер садақаны тек қана әулие басында, зияратқа барғанда салушы едік. Кейінгі кезде Ата жолы қорына садақа салуды әдетке айналдырдым. Садақа салғанның арқасында баланың жаны аман калып, арам өлсе де, мал ауыртпашылықты алып кетті. Ата жолда халыққа қызмет жасап жүрген аға-әпкелерге алғысымды айтамын. Ата жолының тәрбиесімен садақа салуды, шелпек пісіріп, жиырма бір ата-баба аруағына Құран бағыштап тұруды әдетке айналдырдым.
Бурул Бекмамбетова
Саламатсыздарма, жоғарыдағы жазылған әңгімеде садаға беру жөнінде жазылыпты, мағанда айтасыздарма садақаны қайда салуға болатыны жөнінде.
Армысыз! Мына каналда салынып жатқан видеолардың астында көрсетілген номерлерге хабарласып көріңіз: https://www.youtube.com/channel/UCMPjJ0Mf_zb3wZMZCR4rRvQ