Ата жолынан ғылым-білім үйреніп жатырмын.


Мен көп балалы отбасында шүпірлеген он баланың төртіншісі болып дүниеге келіппін. Əкем мені жақсы көріп, мейіріммен өсірді. Жора-жолдастары да еркелететін.

Бала кезден бойымда бір қасиет барын сезетін едім. Басымнан түрлі оқиғалар өтіп жатты. Өмірдің бейнеті болмай қалған жоқ, өзімнен кейінгі бауырларыма қамқор болдым.

Қазіргі таңда отбасылымын, төрт перзентім бар.

Бір күні марқұм енем: «Ауылға емші қыз келіпті»,- деді.

Емші Гүлжанар Алматы қаласында тұратын өз аулымыздың қызы еді. Енем мені сол қыздың үйіне ертіп апарды.

Барған соң  жанағы қыз тақпақтатып біраз нəрселер айтты. Сөздері көңілімнен шығып, Гүлжанарды Алматыға жол түскен кезде іздеп бардым.

Ордасына кірдім, шыраққа қатыстым, бата алдым. Түркістанға ұлыммен бірге зияратқа да бардым. Ұлымның  ауыратыны бар еді. Түркістанға зиярат етуге екінші рет тағы да жол түсті. Бұл жолы жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрген қызымды апардым. Куйеуім кішкене қарсылық білдірсе де, қаражат тауып берді. Ол кезде мен көп нәрсені түсінбейтінмін. Ауылдан ұзап шықпаған  соң аздап қорқыныш та болды.

Көпшілік не істесе, соны қайталап жүрдік. Бір күні бірнеше адам болып мөр алуға бардық. Өрік, Сафура атты аққу қыздар бізге қағида, жөн-жосықты айтып түсіндірді. Мен Қайназар атамен ашылдым. Ақұл ағаны сол кезде бірінші рет көрдім.

Ол күндері қиындықтар көптеп болып жатты. 2003 жылы намаз оқи бастадым. Ораза ұстап жүретін едім. Ақырындап жолым ашыла бастағандай болды. Кенже қызым дүниеге келді Шаңырағымда оңды өзгерістер болып жатты. Маған батада Ырғызбай атаның Ордасын аш деп тапсырды.

Тұратын жерім Семей қаласы, Үржар ауданына қарасақ та, Алматыға Ордаға барып тұратын едім. Орда көп ұзамай жабылып қалды. Артынан Ақұл аға қайтыс болды. Гүлжанар да дүниеден озды. Иманды болсын!

Інім де ауырып қайтыс болды. 2013 жылы ю. эанам қайтыс болды. Көп ұзамай əкем де кетті. Өзім де ауырып бастадым. Қайғының үстіне қайғы жамалып күйзеліп кеттім. 2019 жылы ютубтан Тоқберген ағаны көріп қалып Ата жолы әлі бар екен ғой деп қуанып кеттім. Сол кездері қатты қиналып жүрген кезім еді. Намазымда сүрелер оқып, тілеу тілегендерім көмек берді ғой деймін.

2020 жылдың қаңтар айында Тоқберген ағаға хабарласып, бірінші Құран-хатым түсіртіп, сырқат белгі алдым.

Қазір Гүлмираның тобындамын. Айтылған қағидалардың бəрін қолымнан келгенше орындап жүрмін. Зікір тыңдаймын, бойымдағы дерт жеңілдегендей əсердемін.

Бұл құбылыстар Алланың қалауымен, аруақтың қолдауымен болып жатыр деп ойлаймын. Тылсым күштің бар екенін оқып біліп, ғылым- білім үйреніп жатырмын. Құран-кəрімді де бірнеше рет оқыдым.

Ата жолы Қазақстанның бай да діндар ел екенін өзге елге дəлелдеуіне тілектеспін!

 

Шәрбат СОВЕТҚЫЗЫ, Шығыс Қазақстан облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *