Киім зейнеті
«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек»; «Бөрік-адамға көрік»; «Ескі киімді баптағаның жаңа киімді сақтағаның»; «Ескісіз жаңа болмас, жаңасыз ескі болмас»; «Киімі жаманды ит қабады, ниеті жаманды құдай табады»; «Орамал тон болмайды жол болады»; «Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер, сөз бейнет болар, бөз көйлек болар»; «Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды.»; «Тоғыз қабат торқадан тоқтышығым терісі артық.»; «Киіміңе қарап қарсы алар, ақылыңа қарап шығарып салар».
Бұл аталарымыздың аманатынан киім хақысы жайында аз ғана белгі болса; «Үмму Халладтың орамал тағып алғанын көрген бір кісі таң қалып: «Халлад өлді ғой! Сен әлі де (шашыңды жаймай) орамалмен жүрсің бе?»-деп сұрады.
Сонда Халладтың жесірі: «Халладтан айырылғанмен ұятымнан айрылған жоқпын ғой!»,- депті. Бұл сөзді естіген пайғамбарымыз: «Халад үшін екі шейіттің сауабындай сауап бар» деді.
Бұрынғы ислам дінін қабылдамай тұрған кездегі араптардың салтында әйелдердің күйеуі қайтыс болғанда, орамалын шешіп, қазіргі әлем әйелдерінің сәні болған шашын жайып жүру салты болған. Яғни, жесір, қайғыға түскен деген белгі екен. Пайғамбарымыз мұсылман әйелдің де, еркектің де киімінің дұрыс тәнін толық жабуын қатаң ескертіп, бұндай надандық қылықтарды діннен аластауға көптеген өсиеттер мен үлгілер қалдырған. 🌷Айша Анамыздан; «Пайғамбарымыздың: «Киімін үйінен басқа кез келген жерде шешкен әрбір әйел-Алламен өзі арасындағы пердені жыртқан болады.» дегенін естігенмін.» (4010 термизи) «Басы, жеңі ашық және қолдарын аспанға көтеріп: «Уа Раббым, Уа Раббым!» деп дұға еткен бір адам туралы; «Бұл адамның ішкен жегені харам, кигені харам, хараммен қоректенгесін дұғасы қалай қабыл болады?» дейді.» (Мүслим 65) 🥀«Егер жаннат тұрғындарынан бір әйел жер тұрғындарына қараса, аспан мен жердің арасын жарық етіп, иісі жайлап алар еді, ал оның орамалы –дүние мен ондағылардан хайырлы», -деген.» (2796-өсиет)
Адам баласының киімі ақылына және жан тазалығына тәуелді; және Алламен арадағы перде зейнет киімін, азығын, жұпар иісін қалыптастыратынын пайғамбарымыз қарапайым ашық түсініктермен ескертіп кетіпті. Құранда да жаратушымыз: еркек пен әйел бір-біріңе киімсіңдер, — деген.