Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Абылай хан дәуірі: Қазақ мемлекеттілігінің сындарлы кезеңі


XVIII ғасыр – қазақ халқының тарихындағы шешуші кезең. Бұл дәуірде ел тағдыры сыртқы шапқыншылықпен ғана емес, ішкі саяси бытыраңқылықпен де сынға түсті. Қазақ хандығы әлсіреп, үш жүздің дербестікке ұмтылысы ортақ билік тетіктерін әлсіретті. Осындай күрделі жағдайда сахнаға шыққан Абылай хан қазақ мемлекеттілігін сақтап қалуда айрықша рөл атқарды.

XVII ғасырдың соңында Тәуке хан тұсындағы салыстырмалы тұрақтылық оның қайтыс болуынан кейін бәсеңдей бастады. Ортақ құқықтық негіз сақталғанымен, нақты саяси ықпал жүздер деңгейінде шашырап кетті. Бір орталыққа бағынған тұрақты әскери жүйенің болмауы сыртқы қауіп алдында әлсіздік туғызды. Ал бұл кезеңде Жоңғар хандығы күшейіп, орталықтанған әскери мемлекетке айналған еді.

1723 жылғы жаппай шапқыншылық қазақ қоғамының ішкі әлсіздігін айқын көрсетті. «Ақтабан шұбырынды» аталған бұл апат демографиялық, экономикалық және саяси күйзеліс әкелді. Алайда дәл осы қасірет ел санасында бірігу қажеттігін күшейтті. Кейінгі Ордабасы жиыны мен жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шайқастар осы тарихи сабақтың нәтижесі болды.

Абылай ханның дәуірі осы дағдарыстан кейінгі қайта серпіліс кезеңімен тұспа-тұс келді. Ол тек батыр қолбасшы емес, күрделі саяси жағдайда бағыт-бағдар таба білген тұлға ретінде ерекшеленді. Оның қызметі әскери күреспен ғана шектелмей, ішкі тұрақтылықты сақтау, сыртқы саясатта тепе-теңдік ұстану және қазақ жерінің тұтастығын қорғау міндеттерімен сабақтасты.

Бұл кезеңде толық орталықтанған мемлекет қалыптасты деу қиын. Дегенмен XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси ықпалдың бір орталыққа шоғырлануы байқалды. Абылайдың беделі руаралық алауыздықты тежеуге, ал сыртқы саясаттағы икемділігі қазақ жерін ірі империялардың тікелей тәуелділігіне түсірмеуге мүмкіндік берді.

Сондықтан Абылай дәуірі – күйреу қаупінен сақталып, мемлекеттілік негізі қайта нығайған тарихи белес. Бұл кезеңді түсіну үшін оның алдындағы дағдарыс жағдайын және сол дағдарыстан туындаған бірігу үдерісін назарға алу қажет.

Толық оқу…


Абылай ханның дүниеге келуі.


Абылай дүниеге келерде, анасы босана алмай алты күн қиналады.

Əрі-беріден соң жаны ауырғанда:

— О, жаратушы тəңірім ! Жанымды қинамай ал, -деп алты қанат ақ үйдің керегесінен ұстап сілкілегенде, киіз үй шайқалады. Жетінші күні Мəртөбеден үлкен астан шыққан бұрымды Ақай əулие ауылға жақын маңнан түйемен өтіп бара жатып, сол маңдағы кездескен келіншектен:

— Анау алты қанат ақ үй қалай -қалай шайқалады? -деп сұрайды. Жас келіншек иіліп сəлем салып:

— Апа, ниетіңізді періште қабыл етсін, перзент босана алмай жатқан өзіміздей бір келініңіздің жан айқайы,- дейді. Істің жайын ұға сала Ақай əулие түйесін бұрып, алты қанат ақ үйге қарай жүреді. Дауыс жетер жер ара қашықтық қалғанда, түйесінен түсіп алып, қобызын қолына алып, ақ шанағын сыпырып, «Адыра жаның босасын» деген сарынды тартқанда, үй ішіндегі босана алмай жатқан келіншек бірден сылқ етіп, тəтті ұйқыға кетеді. Мынау сарынды естіген ел Ақай əулиенің жанына жиналып қалады. Əулие ашуланып:

Толық оқу…