Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

Ата жолының есебі бойынша


БҮГІН АТА ЖОЛЫНЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША Хижрамен айдың 13-жұлдызы. Яғни 12;13:14 Жұлдыздарында ауыз бекітіп әрі қарай 3 күн нәпілмен тілек тілеу құлшылығын орындау керек. Біз өзіміз ауыз бектіп жүргесін мұны жариялауды ұмыт қылдық және кім бұл күнді есептеп жүр екен деген ойда болған еді.

Аспанды бақылап айды қарау керек бүгін толуға жақын ертең кертіксіз болуы керек. Ондай жағдайда масһабшы, ғалымдар бір күнге қателікпен есептеп жатқаны болады…