Оқу-ағарту министрлігіне хат


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігіне

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс

«Ата-баба жолымен рухани жаңару»
Аумақтық қоғамдық бірлестігінен

«Ата-баба жолымен рухани жаңару» аумақтық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі — Бірлестік) өз жарғысы шеңберінде ұлттық құндылықтарды зерделеу, зерттеулер жүргізіп, бүгінгі ұрпаққа насихаттаумен айналысып, белсенді жұмыстар атқарып келеді.

Осы орайда, ұлтымыздың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары мен дүниетанымының қалыптасуында халқымыздың философиялық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің өзіндік орны бар екені белгілі. Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдіреді. Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра түсуде.

Қазірге ақпараттық кеңістікті барлап отырсақ, мектеп оқушыларын дәстүрге сай немесе діни киімдермен киіндіру жайынды пікірталастар өрбіп жатады. Бірақ бұл мәселе қанша орынды деп санасақ та оның уақыты келмеген.

Сондықтан Бірлестік мүшелері жылдар бойы зерттеулерін негізге алып, Тылсымнан, Аруақтар тарапынан жеткен аманаттарды басшылыққа ала отырып келесіні ұсынады.

Осы күндерден бастап мектеп мұғалімдерін киіндіру, жаулықты ету, шалбар киіп азғындықты, мектеп оқушыларын рухани аздыруға тосқауыл болуды қолға алу керек деп есептейді. Бұл жұмыстарды жасы үлкен кісілерден бастаған дұрыс.

Мектеп қабырғасында жұмыс істеп жүрген көпшіліктің пікірінше ата-баба салт-дәстүрдің сақталуына, орамал тағуға сіздің Министрліктің ұстанып отырған саясаты тосқауыл болуда екен.

Мектеп қабырғасында ата-баба салт дәстүрі ұмыт болып, қазақи рухани тәрбиенің әлсіреуі, азған елдердің азғын тәрбиелерін жапсырмалаудан, соңғы кездерде темекі шегу, басқаларға қиянат жасау (буллинг), оқушы қыздардың жүкті болып қалуы, өз-өзіне қол жұмсау, ата-анасын тыңдамай, сабақ босатулары сияқты теріс істер орын алу саны да артқан. Одан сорақысы, кеше ғана мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жасөспірімдердің түрлі адамдыққа жат, біржыныстылық сияқты шетел ұстанымдарын қолдайтыны, жіберіп алған рухани, ұлттық тәрбиенің салдары екенін көрсетеді.

Осындай жағдайларды саралап отырған үлкен жастағы, тәжірибелі мұғалімдер мектеп, бала-бақшаларда РУХАНИ төңкеріс қажет деп есептейді. Сонда біздердің болашақ ұрпақтарымыз, тәрбиелі, білімді ғана болып қоймай, Рухты болып өсеріне сенімді.

Осыны ескеріп, «орамал тартамын, дәстүрге сай киінемін» деген мұғалімдерге мектеп басшылығы тарапынан қысым көрсетілмесе екен,- деген тілектерін жеткіземіз.

Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаратылыс ғылымдарына кеңінен назар аударып, технологияның жаңа даму кезеңдеріне ден қойып жатыр. Ғылымның жаңа салалары да ашылуда. Адам санасынан тыс қуаттардың өзара байланысы мен галактикааралық тіршілік иелерімен байланыс, ақпарат алмасу көздерін іздеуде. Болашақта бүгінгі өскелең ұрпақ арасынан Ұлы ғалымдар шығары сөзсіз. Бірақ оларды тәрбиелеу, оқыту аздық етеді. Ол үшін үшінші: Рухты болуы бүгіннен маңызды.

Осыны айтылғандарды негізге алып, азғындық тәрбиенің өте кең таралып кеткенін ескере отырып, сіздерден мектеп қабырғасында еңбек етіп жүрген мұғалімдерді дәстүрге сай киіну насихатын бүгіннен бастап жүзеге асыруды сұрайды.

Бұл мәселені елдік деңгейде қолға алуды қажет етсе де, білім, ағарту саласынан бастаған орынды болып табылады.

Айтылып отырған ұсынысты шен-шекпенділер тарапынан қараусыз қалдырылуы, немесе қарсы саясат ұстануы Аруақтар тарапынан қыспаққа, Құдай тарапынан жеке басына қайғы-қасірет артуына алып келеді.

Бұл Бірлестік мүшелері, апа-әжелер ұсынысы.

Бірлестік төрағасы Т. Байтасов

2023 жылғы 17 шілде

Пікірлер: 2

  1. Өте дұрыс айттыңыз Тоқберген Байтасов мырза, мектеп оқу білім орталығында қызмет атқарып жүрген жасы үлкен азаматтар бастарына киім киіп жүргені өте дұрыс, жаулығына қарап үлкен адам келе жатқанын, оқушы өзінің бойын, үсті-басын түзеп, үлкеннің қасынан өткенде өзгеше күйге түсері хақ, осылай ету арқылы жас буынның үлкенге құрмет, кішіге ізет екенін жан-дүниесімен түсінуге жол болар еді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *