Ата жолынан іздегенімді таптым


Мен Түркменстанның ауылдық жерінде туып өстім.  Ата-анам төрт түлік мал баққан.  Ауылда аттың, есектің құлағында ойнап өстік. Ауыл нағыз қазақ салтын ұстанатын. Əкем ауылда шебер , өнерлі болған. Жүйрік аттарды баптап бəйгеге қосатын. Əжемнің түс көру жəне жору қасиеті бар еді. Ауыл адамдары келіп, көрген түстерін жорытатын. Сонымен бірге өзінің де көрген түстерін айтып отыратын. Бəріміздің атымызды да түс арқылы, аян алып қойған екен. Əжем бізге батырлар, хандар, əулиелер жайлы түрлі дастан, қисса, ертегілер айтып беретін.

Мен Қазақстанға 2007 жылы келдім.  Жұмысқа тұру өте қиын кезең, үлкен парамен алатын. Жұмысқа кіре алмай жүргенде, Бекет атаға зиярат етіп барып, келсем, келе жұмысқа қабылданғанымды білдім. Еш шығынсыз жұмысқа кіргенім  бір хикметтің бірі шығар деп ойладым.

Өмірде кітапты көп оқыдым, ізденімпаз адаммын.

Ата жолы жайлы, аққу-сұңқар, Орда, шырақ, керуен жайлы мүлдем хабарым болған жоқ. Арыстан баб, Бекет ата, Айша бибі ана зираттарына тəу етіп өз бетімше барғанмын. Ақұл аға жайлы еш жерден естімегенмін.

2017 жылы ютубтан Тоқберген ағаны көрдім. Сол  кезде ғаламтордың поштасымен сөйлесетін едік. 2018 жылы ватсапта Сұқбаттасу тобы ашылып, маған шақыру келді. Сол топта отырып, өте көп мағлұмат алдым, көп нəрсені түсіндім. Ал 2019 жылдың жаз айында Астана қаласына барып, Ордада бірінші рет қамшы алдым.

Намазды 2009 жылдан бастап оқимын. Ал мешіттерге барсам, имамдар арабтың қағидаларын айтып отыратын. Неге бұлар қазақтың салт- дəстүрін, əулиелер , қазақтың жақсыларын əңгіме етіп айтпайды деген іштей қарсылықтар болатын. Бала кезден ата-əжелерімізден əулиелердің кереметтері жайлы қисса, ертегілер тыңдап өстік. Ата жолына келіп, іздегенімді таптым. Игі жақсылар жайлы өте көп мəлімет алудамын.

 

Жолдас Есқуатов Балмұханұлы, Ақтау қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *