Түс, аян жəне оған жалғану.


12- ЮСЫП сүресі.

43-аят. Бір күні патша: «Түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын жəне жеті жасыл сабақтар, тағы сондай қурағандарын көрдім. Əй сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар» деді.

47-аят. Юсып ғ.с.: «Жеті жыл əдеттегіше егін егесіңдер де сонда орғандарыңды бастырмай сабақтарында қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар».

48- аят. «Тағы бұдан кейін жеті қатты ашаршылық жыл келеді. Бір аздап сақтағандарыңнан басқа бұрыннан сол үшін жинағандарыңды жейсіңдер».

49-аят. «Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып онда жемістердің суын сығатын жыл келеді» деді.

Жаратқан Иеміз Адам ата мен Хауа анамызды жаратқалы, біз адамзатқа бүкіл əлемді бас идірді. Жер, ай мен күн. Су мен тау-тас. Орман мен жайлау. Жер қойнауы байлықтарын да пайдалансын деп Адамға жаратты. Ал Адамның міндеті сол нығметтің бəрін пайдалана отырып, құлшылық жасау болған. Түн мен күндізді жаратты, күндіз еңбектенсек, түнді ұйықтап, демалысқа берді. Ұйқының ішінде де керемет түс көру нығметін кіргізген. Түстің ерекшелігі- Құдай сенімен тікелей сөйлесетінінде. Əр адамға деңгейіне қарай түс көрсетеді. Түсті Құдай бұйрығымен жіберілсе, періште суреттеп салар, аруақ қолдап, жоруын берер.

Құдайдың бұйрығы бұлжытпай орындалып тұрғандай, түс ғанибеті де тоқтамайды. Күннің шығып батуы. Қыс кетіп, жаздың шығуы сияқты. Механизм тоқтаусыз орындалып отырады.

Түс кереметі арқылы пайғамбарларымыз Құдайдан тікелей хабар, бұйрық алып отырған.

Нұх , Ибрахим, Сүлеймен, Жүсіп т.б. пайғамбарлар түстің нығметіне бөленген.

Нұх пайғамбарымызға Құдайдың түсінде көрсеткен ғажайыбы- жер жүзінде таза, күнəсіз, пəк жаратылған тіршілік иесі тек қана құстар мен аңдар екенін көрсетеді. Сондай-ақ жер жүзін су тасқыны арқылы тазарту болатынын, кəпір болған адамзаттың бəрі су астына кететіні, тек қана жан-жануар құтқарылатынын көрсетеді. Нұх пайғамбар Құдайдың бұйрығымен кеме құрып, Құдайдың бұйрығын бұлжытпай орындап, ұрпақтарына үлгі қалдырды.

Ал Ибрахим пайғамбар түсінде өз ұлын құрбандыққа шалып жатқанын көріп, Құдайдың бұйрығын бұлжытпай орындаймын деп əрекет еткенін білесіз. Пайғамбарымыздың ісіне разы болған Алла құдыретімен құрбандыққа шалуға қошқар түсіреді.

Бұл ғажап уақиға да бізге үлгі! Міне осылайша Құдайдың көрсеткен аяндарын бұлжытпай орындауымыз керек.

Жүсіп пайғамбарымыздың ерекшелігі де ерекшелігі де түсті көріп, жори алатынында еді. Бала кезден түс көру қабылетін алып, ер жеткенде бауырлары қастандық жасап, үлкен сынақтардан өтсе де, қиындықта жүріп, өзін жоғалтқан жоқ. Қасындағы адамдардың түсін жорып, тәжірибе жинай түсті. Ең жақын деген бауырларынан сатқындықты көрсе де, ішкі дүниесін бұзбады. Түс жору қабылетімен Египедтің патшасының түсін жорып, сенімін ақтап, үлкен мансапқа ие болады. (Жоғарыда келтірген құран аяттары куə). Бұл ғажап ісімен Алла Тағаланың разылығына бөленді.

Бұл хикаядан түсінетін тағы бір ақыл бар. Египед патшасының ерекше бастық болғаны. Түсін халқына жария етіп, қатты күйзеліп, уайымдап, əр іске мұқияттылық танытуында. Аллаға табынбаса да, түсінде көрген құбылыс жəй емес екенін білді. Қол астындағы қызметшілерін , зынданда жатқан Жүсіп пайғамбарымызды өзіне тең көріп, түсінің жорылуына кəміл сенді. Жорытылуы бойынша жұмыс атқарып, жеңіске жетті. Патшаның бұл ісімен Алланың да разылығын алып, халқын аман алып қалды. Солай халқының алдында абыройы асқақтай түскені де ғажап дүние!

Ертеде елді басқарған би-болыстар, бай мен хан аталарымыз халықпен қоян-қолтық жұмыс жасау арқылы кез-келген қиындақтан шыға білді. Ынтымақта жұмыс жасады. Ертегілерде де хандардың ақылшы 40 уəзірі болыпты. Басына қиын-қыстау іс түскенде, халқынан ашық көмек сұраған.

Əулие Əмір Темір бабамыз да өте көп атаққа ие болғанын білеміз. Көреген. Ақсақ Темір. Əмірші Темір. Қандықол Темір деген аттары бар. Əмір Темір бабамыздың көрегендігі сол-əр ісін түсі арқылы басқарып отырған. Түсінде көрген бұйрықтарды, құбылысты жори алмаса, қасындағы көреген абыз, ақылшы ақсақалдарынан ақыл сұрап отырған.

Түркістанда жатқан ұлық əулиелер Құл Қожа Ахмед Яссауи баба мен Арыстан бабаның жатқан жерін ақсақалдармен ақылдаса, түсінде көрсеткен жайларды ескере отырып, тауып, керемет, ғасырлар бойы бұзылмай тұрған кесенелер тұрғызып кетті. Яссауи бабамыздың кесенесін тұрғызып жатқанда, кесене өздігінен қирай береді. Түсінде көк өгіз қиратып жатқанын көрсетеді. Бұны түсінбей, намазда сұрап, түсі арқылы жауап алады. Ұстазым болған Арыстан бабама кесенені бірінші тұрғызасың дейді. Көреген бабамыз əрине аянды бұлжытпай орындап, Яссауи баба кесенесі ғасырлар бойы сол күйінде тұр.

Тағы бір ғажап түсін айтсам. Кəпір халықтың көбейген уақыты. Құдайға қарсы келген кез-келген елді жазалап, жерден қуып, жорықпен орыс, украин еліне келіп, ертең соғыс бастаймыз деп отырған түні түс көреді. Славян елі ол кезде ерекше болған. Наным-сенімдері, дəстүр, киімдерін мықты ұстаған. Ұятты білген. Өз батырларын, қарияларын құрметтеген ел болған. Əмір Темір бабамыздың түсіне славян елінің пірі, қолына шақалақ ұстап бір Ана енеді. Оны орыстар «Божья Матерь» деп атаған. Жаулықты ана Əмір Темір бабаға «Осы тойғаныңмен артыңа қайт, егер еліме тиісер болсаң, күнің қараң», — дейді. Таңертең көреген ақсақалдарын, уəзірлерін жиып түсін айтып, ақыл сұрайды. Ақсақалдар ақылдаса келіп, осымен соғысты тоқтат, ауылға қайт дейді. Сол ақылды тыңдаған кемеңгер Əмір Темір бабамыз, туған жеріне оралып, елді, жерді, халқын өркендетумен айналысады. Дəлелі, ғасырлар бойы салдырған ғимараттарының мұрты бұзылмай ұрпақтарына жеткені. Сол түсінде не көрді, сол арқылы іс бітіре, жеңіске жетіп, Құдай мен аруақтың разылығын алып отырған.

Қазіргі ел басқарушы президенттен бастап, мектеп басқармасы, əкімшілік, маслихат мүшелері, қызыл жағалы болсын, ғалым, профессорлар болсын ешбірі ешкімге Құдайдан мынадай жақсылық көрдім, түс көрдім, ақыл айтыңдар, жорып беріңдер демейді. Билік пен халық екі бөлек ажырап кеткен. Билік Құдайдан ажыраған. Халық та бəрінен ажырап отыр. Бұның бəрі Құдайдан тікелей келіп отыратын бұйрық, болжам- түстеріндегі көретін құбылысқа мəн бермеуінде. Құдай ұлық! Жұмысын тоқтатпайды. Мəн беріп, елейтін ешкім жоқ.

Енді түстің басқа да ерекшеліктерін айтсам. Бұл таңғажайып құбылыс арқылы біз жасаған қателіктерімізді біліп отырамыз. Өзгелердің адал немесе арам пиғылды, кімнің дос, кімнің дұшпан екенін, болашақта не боларын көрсетеді. Ертеңгі, бір апта, бір айдан кейін, бір жыл,10-20 жылдан кейін болатын жайларды алдын ала көрсетеді. Түсте көрген құбылысқа кəміл сеніп, амалдарын істесе, Құдай тағаламыз жақсылықтарға жеткізері сөзсіз.

Қазіргі таңда Ата жолдықтар түске аса мəн берудеміз. Əр пенде ақ жолға түсті ме, үсті-басын жөндеді ма, бірден түс көруге жалғанады.

Аянның ерекшелігі- Құдайдың тура бұйрығы. Қалай көрсетті, солай орында немесе дәл түстегідей болады дегені. Көбіне, аяндар сұраққа жауап,бұйрық түрінде көрінеді.

Ал, түс күрделілеу. Түстің де түрлері болады. Шындық түс, ақыл түс, шайтани түс, перілік түс, қорқыныш түстері де бар. Мұндайды əркім айыра білмейді. Түстің ерекшеліктерін, рас-жалғандығын жылдар бойы зерттеген адам ғана айыру қабылетіне ие. Бір айтып кетер жайт, маңызды бір жағдайды Құдай алдын ала көрсетеді. Оны жори алмасаң, садақа салып, Алла Тағалаға сиынбай жүрсең, ол түсті қайта-қайта көрсете береді. Қиындық болса еселеп жетері сөзсіз. Жақсылығы болса , келу күні ұзара бермек. Құдайдың ұлықтығы əр адамға тоқтаусыз түс жібереді. Жол көрсетеді. Əр қимылына, іс-амалдарын дұрыстап, жауап беріп отырады.

Ең маңызды шара Құран-хатым түсірткенде, құрбандық шалынғанда жауап тез келеді. Нендей қиындық кетіп, қандай ғажаптың келе жатқанын, қиындық түйіні неде тұрғанын керемет құбылыс түс арқылы көрсетеді.

Перілік түстің ерекшелігі- ұйқыдағы адамның нені қалап жүргенінен хабардар болған қаралық қауымы, сол тірлікті айбат етіп көрсете білуінде. Перілер адамның жан дүниесін білушілер. Бұны қалай тежейміз? Қалай шығамыз? Өзімізді қолға алып, сезімді жеңу арқылы құтыла аламыз.

Гүлмира ҚОЖАКЕЛДІҚЫЗЫ

Пікірлер: 1

  1. Құрметті Гүлмира ханым! Сізге деген алғысым шексіз. Алла разылығын сізге жазсын. Ізгіліктерге жеткізсін. көптің көңілінде жүрген мәселелерді көтеріп жүрсіз. «Түс, аян және жалғану»-да көтерген мәселе кімнің болса да жүрегінде ұялап, оған жауап іздейтіні хақ. Бәріміз де пендеміз.Мұсылмандық діни түсінікпен жазылған ортағасырлық еңбектерде кейіпкерге түс арқылы болашақтан аян беретін Алла тағаланың өзі, болмаса керемет түсті оның жанындағы дін-өкілі молда көреді. Мұсылмандық діни сенімге негізделген ерекше түс көру мотиві орын алған аңыздарда қаһарменға аян беруші кісілер—мұсылман әулие-әнбиелері. Олардың қатарында бабай Түкті Шашты Әзиз, Жалаңаш баба сынды мұсылман әулиелерінің есімі жиі аталады. Кейде түс те, аян да көреміз де оны жори алмай дел-сал боламыз. Өйткені біз рухани тақуалықтан ажырағандықтан Құдайдың хикметіне сенімсіз қараймыз. Күдігіміз басым.
    Түс жорушылар айтады екен: “Түс көрген кезде әрдайым тек жақсылыққа жорыңыз, сонда ізгілік болар”. Көрген түсімен мақтанбасын! Ия! Бір ғана түсте адам өткен заманға, қазіргі уақытқа және болашаққа қатысты том-том кітаптарға сыймайтын көп мәлемет алатын жағдайлар жиі кездеседі екен. Мұхаммед пайғамбарымызға қорқынышты түсін баяндаса, Ол: “Ізгілікке жолығарсың, жауыздықтан құтыларсың. Түсің бізге қайырлы, дұшпанға залалы жетсін, Әлхамду лиллаһи рабби аламин” — деуші еді дейді сахабалар.
    Ия, Перғауын /Фараон/ да өз өмірінің соңында сәтсіздіккке ұшырайтынын түсінде анық көрген екен. Осы жағдайды өзгертемін деп қанша айла-шарғы жасағанымен бәрібір қолынан ештеңе келмейді. Осылайша, Перғауын да жазмыштан қашып құтыла алмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *