Қасиет қысқан күндерде


Жеті жасымда ойнап жүріп құлап, содан қызуым қатты көтеріліп, есімді жимай жан сақтау бөліміне түскенмін. Екі күн өткен соң анамның әпкесі: «Осы қызға, көз тиген шығар емші алып келеміз бе?»- деп ақыл айтып, татар апаны алып келіпті.

Сонымен ол кісі келіп дем салып: «Бұл қызға аруақ қоныпты, мен үйге жеткенше оянса маған алып келіңдер, бір Аллаға мәлім», — деп шығып кетіпті. Содан жарты сағатқа жетпей мен, «мамааа» деп айқай салып оянған екенмін. Сонымен татар апаға апарып дем салдырыпты.

Сөйтіп ол кісі: «Құс келіп, құс қайтқанда дем салдырып тұрыңдар. Қожа Ахмет Яссауи атаның кесенесін жеті рет айналып, жеті метр ақтық жапсын», — деп шығарып салған екен.

Сонымен 2006 жылы мен жолдасыммен Арыстанбабқа, Қарабураға, Укаша атаға ұрпақ тілеп бардым. 2007 жылы 29 сәуірде ұл бала өмірге келді, есімін Ерқанат деп қойдық. Жолдасымның Еркінбек атынан Ер дегенді алып, менің Қарлығаш атымның қанаты болсын деп қойдық. Бірнеше күннен кейін балам таң бозарып атқанша жылайды. Күнде 10-15 минуттан басын шалқайтып жылайтын болды. Мен түсінбеймін.

Ол кезде анам үйдің төртінші қабатында, ал мен үшінші қабатында тұратын едік. Анам да не істерін білмей: «Қой, қызым, үйді тазалап, балаға дем салдырайық. Менің бір таныс адамым бар соны шақырайын»,- деді.

Келесі күні емшіні үйге шақырдық. Менен ши сұрап, мақтамен орап, май жағып ұнның үстіне жеті шиді жақты. Сосын күлін алып, ұнды илеп шелпек пісіріп тарқатып,» әр бейсенбі сайын осылай жағып тұр»,- деді. Үйге зікір салып тазалады. Ол кісінің маған айтқаны: «Сен аянмен жүреді екенсің. Аяның өзіңе жол сілтейді. Балаңның қасиеті бар»,- деді Содан жолдасым үш күн ауырып қалды, ал балам болса жылауын қойды. Сол ауырғаннан жолдасым темекісін қойып кетті.

Мен күн сайын неше түрлі түс көре бастадым. Есімде қалғаны саукеле киген орыс қыз қолына баламды алып отыр. Содан бір қарияның қолына берді. Қария баламның құлағына сенің атың Ақдәулет деп айтып жатты. Мен қарап тұрып қалдым, сосын баламды қолыма берді. Жүрегім аузыма тығылды. Сөйтіп, ешкімге ештеңе айтпай жүре бердім. Бір күні бейсенбіден жұмаға ауған түні тағы аян алдым. Бір төбеде тұрмын. Қасымда сіңлім Сабира бар. Камаздар заулап өтіп жатыр екен. Бірақ камаздың үстінде үлкен ыдыста сүттер бар. Бізге банкаға сүт құйып берді, ішіп алдық. Сонымен құлағыма дауыс келді: «Ары ассаң Арыстанбаб» дегені сол еді, шошып ояндым. Бүгін жұма ғой шелпек пісірейін дедім.

Ол кезде мен Алматыдамын, ал енем болса ауылда, Түркістан жақта тұрады. Сол кезде енем үйге хабарласты, сосын енеме түсімді айттым. Енем: «Ол Бесік төбе ғой, маған келіп бабаға құрбандық шалыңдар»,- деді. Сосын бауырым Сабираға хабарластым. «Осындай түс көрдім, сен қасымда жүр, ауылға, бабаға баруымыз керек»,- дедім.

Ол: «Жоқ, өзің бара бер мен бара алмаймын»,-деді. Ойымда ештеңе жоқ өзі білер дедім.

Бірақ, сіңлімнің мазасы болмай азып, ауырып жүрген болатын.

Көп ұзамай ауылға келдік. Арыстанбабқа бардық, сол кезде керуенмен келіп бата беріп жатқан адамдарды көріп: «Мыналар неге айқайлап сөйлеп жүр, не айтып тұр?»- деген ой келді.

Сол күні Арыстанбабқа түнедік. Маған Ата аян берді. Укаша атаға барып, сосын үйге келдік. Ауылға келген соң жолдасым достарымен шығып кетті де, ал мен қайынсіңлім екеуіміз баламен жатқанбыз. Таң бозарып атып қалған екен. Балам жылап оянды, емізіп отырғанмын. Содан терезеге бір жарық түскендей болды. Бір кезде үйде біреу жүрген сияқты болды, өзімді біртүрлі сезініп орнымнан атып тұрдым. Аяғымның басынан бір нәрсе жыбыр етіп, арқамнан бүйрекке жыбырлап кіргендей болды. Содан денем жыбырлап, аузым ұйып, тілім маған ерік бермей «Мен Арыстанбабпын» сайрадым. Енем, атам, жолдасым бәрі жынды болып қалды ма деп шошыды. Жүгіріп кіріп, «баланы ал» деп қояды. Ал мен болсам арасында өзім сөйлеп қоямын «Мен емес!, Не болып жатыр өзі?» деймін. Арасында бата кетіп жатыр, сол кезде жолдасым үйден қашып кетті. Енем білгенін айтып, сабырға шақырды. Мен бір кезде тарс етіп құладым, талып қалыппын. Енем мені бір бөлмеге отырғызып, тамақ беріп, баланы емізуге алып келіп жүр екен. Түнде ұйқы жоқ, қараңғы болса қорқамын. Енемді құшақтап үйдің жарығын жағып отырып, таң атқанда ұйқыға жатып жүрдім. Солай қаншама күн жүрдім. Үйге кім келсе де бәрібір, бата бере береді екенмін. Бір күні тағы аян алыппын, аянда бетіме күн түсіп тұр екен, бетім шыжып ыстық леп келгендей, шілдеде далада қалғандай әсерде екенмін. «Мен Укаша сахабамын, басыма жет», — деді.

Ал мен болсам: «Құрыдым, мына аруақтар мені жынды қылатын болды. Кетіңдер, маған тиіспеңдер»,- деп айқайлап жыладым. Енем: «Қой балам, шақырса барайық жақсы болып қаласың»,- деді.

Жан керек. Жолдасым, енем, тағы көрші емші апа бізбен барды. Аузым жабылмай сайрап барып, сайрап келдім. Құдықтан су алғанда, тола бір шелек су шықты. Үйге келген соң күнде бітпейтін аяндар, білмеймін қайсысы түсім, қайсысы өңім екенін ажырата алмай қалдым. Аянда маған атаның айтқаны: «Төрт қазық қағып осы жерден Орда саласың, Укаша атаң қолдап тұр» деді. Мен түк түсінбеймін. Өзімше Алматыға қайтам, қайдағы Орда деп жылап жүрмін.

Алматыда тұратын сіңлім Сабира ауырып, менімен бірге ол да аласұрған. Сонымен не керек атам қай жерді көрсетті, сол жерге үйдің іргетасын құйдық. Келесі күні тағы түс көрдім. Түсімде бауырым Сабира қайтыс болыпты, жаназасын шығарып жатыр екен, шошып ояндым.

Әрине, Ата жолы кімге болса да оңай келмегені анық.

Сол аянды алып жаным жай таппады, Алматыға жолға шықтым. Келіп құрбандық шалдық, сосын сіңлім Сабира ауруханаға жатып қалды. Ауруханада үш күн жатты. 08.09.2007 жылы таң ата екі бүйрегімді біреу жұлып алғандай болды, жүрегім зуу ете түсті. Бес минут өтер-өтпесте суық хабар келді. Сабирашымнан айрылып қалдым.

Артында алты айлық қызы қалды. Қайран өмір-ай, жанымды біреу жұлып алғандай күйде болдым.

«Шіркін бұны білгенде Бабаға апарар едім»,-деген іштей өкінішім болды. Өзімнің құр сүлдем қалды.

Арада біраз күн өтті. Мең-зең күйде жүрмін. Сіңлімнің өліміне сене алмаймын. Содан құбылаға қарап: «Алла, аруақтар енді не істеймін? Ешкімге тиісе көрмеңдер», — деп жыладым.

Артынша тағы да аян алдым, «Қайназар атаңмын, басыма жет», деді. Қайназар атаны қайдан табамыз, кімнің атасы деп сұрастырдық. Біреулер арқылы Ұзынағашта бес ата бар, сол жерде Қайназар ата бар екен деген хабар жетті. Сөйтіп ордаға бардық. Керуенге шығу керек деді. Анам, мен және қолымда алты айлық Ақдәулет баламды алып керуенге шықтық.

Керуенде түк түсінбедім, батада жылай беремін. Айша ана қасиет берді, мөр аласың деді. Не болса да көндік.

Бірнеше күннен кейін мөр алуға бардық. Бір бөлмеде Ақұл аға отыр деді. Сыртынан да көрдік, еш нәрсеге қарамай ағаның алдына кіріп бардым, тоқтамай бәрін жылап айтып жатырмын. Аға маған: «Нықтал, жылама бәрі жақсы болады»,- деп баламды қолына алып, «Жамбылдың жасын берсін» дегені, басынан сипағаны есімнен кетпейді.

Сарыбай атамен ашылдым. Жасым сол кезде 26-да екен. 18.04.2008 жылы Сабираның туған күнінде Орда аштым. Бірақ, істеп жүрген тірлігіме өзім түк түсінбедім.

Бір күні жылап жаттым: «Ата, мен түк түсінбей жүрмін, не істеймін, аян берші, жол сілтеші», — дедім.

Содан «Балаң жеті жасқа келгенде басыма келесің» деген аян алдым. Сөйтіп жүргенде Ақұл аға қайтыс болды.

2014 жылы наурыз айында балам жетіге келеді ғой деп Арыстанбабқа керуенге шықтым. Сол керуенде бір сұңқармен таныстым, Астанадан келген екен. Ол кісі маған «Абжад құран зерттеу орталығы» бар деп кеңес берді. Ютубтан қарап сол орталыққа барып сабақ алғым келді. Бір күні Ердәуіт атадан аян алдым. Сөйтіп жүріп ақпарат алыса келе ол кісі Ердәуітті аралатады екен. «Абжад құран зерттеу орталығына» барамын деп шештім. Сонымен жаңағы сұнқарға хабарласып баратынымды айттым. Солай Абжад білімін алдым. Құран сандық есеппен есептеп тағдырды айтуды үйрендім. Ол да бір кезең болды.

«Шіркін, Ата жолында осындай сабақ беретін аққу сұңқарларды оқытатын ұстаз болғанда ғой»,-деп іштей армандап қоятынмын.

2017 жылы тағы да аян алдым. Әкем мүгедек болып қалыпты, түрі жаман, дереу әкемді көндіріп бес атаға барып құрбандық шалдық. Тағы да түс көрдім, әкемнің кеудесі қарайып кетіпті сосын әкеме: «Әке сізге Арыстанбабқа бару керек», -деп айттым. Ол кісі қарсы болды.

— Сен тағы бастадың ба?- деп көнбеді.

Сол кездеҚызылордадан бір апа хабарласып жүрген. Абжад туралы, басқа да жаңалықтарды сұрады. Мен мән-жайды айттым.

— Осындай аян алып мазам кетті. Негізі мен аққумын, әкемді Арыстанбабқа апару керек басым қатты,-дедім.

Ол кісі: «Әй Қарлығаш-ау, ютубта Тоқберген Байтасов деген менің жерлесім Ата жолы деп айтып жүр демесі бар ма. Қатты қуанып кеттім.

Бірақ ол кісі маған біртүрлі сияқты. Көресің ғой өзің»,- деді.

Ал мен ютубтан дереу іздеп бейне жазбаларды қарап шықтым. Жаныма бірі жақса, бірі жақпай тұрды. Сонымен не керек аға маған Айнұрдың номерін берді. Айнұр маған сырқат белгісін шығарып берді. Мынау деген керемет екен деп, таң қалдым. Кейін Айнұр әпкеме тікелей телефон шалып сөйлестім.Ол кісі маған бәрін түсіндірді. Рахмет алла разы болсын!

Солай жүргенде әкем демнің арасында әлсіреп ауырып, мазасы кетті. Сөйтсек, әкем жаман ауруға шалдыққан екен.Оны біліп, жаман болдым. «Әкем үшін не істей аламын?» деген ой мазалады. Аянымда мен жерде жатырмын. Тоқберген аға мені ұрып жатыр екен, шошып ояндым. Сонда қалай емдейді? Қамшымен ба деп ойладым. Сонымен не керек маған мынадай ой келді. Әкемнің өмірден өтетінін білдім. Мен қызы ретінде әкеме жеңілдік болсын деген ниетпен қамшыдан өтуге бел байладым.

2018 жылы наурыз айында ағаға барып қамшыдан өттім. Алтын ападан ақпарат алғанда әкеңнің 11 санымен байланысы бар деді. Алтын апаға ерекше рахмет! Сол кезде бізді күтіп бар жағдайымызды жасады! Алла разы болсын сізге! Гүлшахар әпке де ерекше әсер қалдырды.Мені ағаға апарып жол көрсеткен Жанаргүл әпкеге де алғысым шексіз.

Сонымен ағадан қамшы сатып алдым. Зікір телефонда, мен жанын алып қалатындай әкем мені күтіп отыр. Қамшыны басына жастап қойдым, зікірді қойып тұрдым, әкемнің қасында соңғы демі шыққанша отырдым. 11.04.2018 жылы әкем таңғы жеті жарымда орнынан тұрды да айнаға қарады. Сосын: «Қош, қош болыңдар!» деді да, күліп жан тапсырды. Әкемді ақтық сапарға шығарып салдық.

Содан мені бір ой мазалады. Енді қамшыдан өтіп әкемді жұмаққа шығару болды. Білмеймін ойым дұрыс па, бұрыс па? Бұл бекер емес деп қамшыдан тағы да өттім.

 

Қарлығаш Салықызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

46 − 42 =