ҚҰДАЙСЫЗ ҚУРАЙ СЫНБАЙДЫ…


Ата жолының ақпараттық жүйесінде жазылып, түрлі пікірлерді саралайтын болсақ, бүгінде халықтың ояна бастағанына көз жеткізу қиын емес. Халықтың сұрағы да, ақпаратқа сұранысы да артуда. Бұрынғы «21 ғасыр, ғылым мен технология дамыған заманда…» деп көлгірситіндердің аузына бүгінде құм құйылған, Алланың алдында өте дәрменсіз екенін бүгін ғана сезгендей болып, өзіміздің бауырлар ғана емес, бүкіл әлем мойындауда…

Осыны ескеріп біздер барынша түсіндіріп көрелік.

Ата жолы. Көпшілікке таныс ұғым,түсінік.

Біздер, Ата жолдықтар осыдан бірнеше жылдар бұрын СЕКТАға таңып, түрлі бұрмаланған ақпараттар таратып, Заң шығарылып қудаланған Ата жолына бірнеше жылдардан бері тылсым төрінен келген ақпараттарды (бата, зікір-аяндар, аяндар) зерделеу негізінде зерттеулер жүргізіп келеміз. Бүгінгі билік Құдаймен ерегісіп береке таппайтынын түсініп, біліп отырса да, шығарған Заңдарының күшін жойып, халықты руханиятқа бет бұрғызуға белсене кірісе алмай отыр. Сол кезеңдерде қудалауға атсалысқандар бүгінде Алланың алдында сұраулы болуда, яғни Аруақтармен таңбаланған. Ол күнәларынан ақталып өтпесе ұрпақтарына салмақ болары біздерге аян… Алла шексіз мейірімді, әлі де кеш емес…

Көпке топырақ шашпаймыз. Билікте жүріп Аруақтан бата алып, ОРДА ұстап отырғандар жетерлік. Қала берді МӨР алып олардың арасында Алланның жолында аманат арқалаған ұл мен қыздар да баршылық. Білдіргісі келмейді, бірақ аманат сұрағы да ауыр…

Бұл Қазақтың бағы еді. Бағалай алмадық. Әлемнің алдында Алланың назары түскен үлгі болар ұлт едік. Керісінше, Құдайдың көрсеткен белгісін түсінбей, 20 жыл, 30 жыл немесе 100 қадам, 5 қадам деп өзі де шатасты (билік), халықты да адастырды. Бірақ Құдайдың әділдігі жоқ емес, Елбасының айтылған межесінде Алғашқы отыздыққа кірмесек те, Отыз ЕЛ соңымыздан ереді, отыз елге Қазақтың аруағының ықпалы жүрері хақ…

Сөз ұққанға:

Ата және жол ұғымдарының қосарлана аталуынан-ақ түсінікті. Ата –бабаларымыздың меңгерген ғылымы – Ілім мен Білім ортасымен байланысты екені. Салт-дәстүрдің дінмен байланыса, қабаттаса құбылуынан болған дүние. Тылсым дүниемен, Аруақ ұғымымен тікелей байланысты.

Ата жолының бүгінгі мақсаты, үкімі – өзіңді таны, түбіңді таны, тегіңді таны, тарихыңды көтер дегені. Кімнен тудың, кім боласың, кім туады (қандай ұрпақ қалады) дегенді қозғайды.

Басы мен бастауы:

Бұған дейінгі тылсым төрінен жеткен бата-ақпараттарды зерттеп, зерделесек Ата жолының тарихы – тылсымдағы Аруақтардың ұрпағы үшін шырылдап, Алладан араша сұрай біріге артындағы ұрпақтарын жетелеуге рұқсат алуы сонау 1986 жылдан бастау алады екен. Тылсымдағы Аруақтың, яғни Рухтың қозғалуы жер бетіндегі ұрпақтарына әсер етіп, сол жылғы қантөгістің орыналуының да мәнісі бар. Сол оқиғаның орын алуы Аруақтардың Алланың алдында жауапкер болып, сыни кезеңнен өтуге тура келеді…

Жер бетінда бүгінгі Ата жолының өркен жаюы Ақ Ұл — Қыдырәлі Тарыбаев Момбай ұлының атымен тікелей байланысты. Бала кезінен жетім өскен Қыдырәліні түрлі аяндармен тылсымдағы Аруақтар жетелей бастайды. Медицина таба алмайтын аурулармен ауырып, сенделтіп Әулие кезуге мәжбүрлейді. Орысша білім алған, елге сыйлы қызметі де бар Қыдырәлінің әр түні түсінде көретіні Бес ата – Түктібай, Сүйінбай, Сарыбай Жамбыл және Қайназар аталар. Олардың айтатыны: Қазақ халқының басына Бақ қонады, сол Бақ сен арқылы тарайды – Жол болады, деп бүгінгі Ата жолының келуін меңзейді. Сонымен, Ата жолының жер бетіндегі қозғалысы 1995-96 жылдардан бастау алады. Ақ Ұл атауы ағамызға осы жылдарда Аруақтармен беріледі. Бұл жөнінде арнайы зерттеулер жүргізіп, том-том кітаптар жазылар кез алда…

Бүгінгі Ата жолы:

Ата жолының бүгінгі даму кезеңі – екінші отызжылдыққа қадам басты. Бірінші отызжылдықта біздер зиярат етуді, тазарыну жолдарын, әдептерін үйреніп, қаншама халық тазарынып (теріс қуаттан), әруақтарын көтерді (тозақтан шығарды), қасиет көздері ашылды.

Ал, даму кезеңінің екінші отызжылдығында біздер Ата жолы ғылымын (ілім мен білім ортасын) меңгеруге ден қойып, оған тазалықтың жоғарғы сатысы тақуалықты меңгеру арқылы қол жеткіземіз. Осылайша, Ұлы бабалар кітаптарына жалғану арқылы бойдағы, текте тұрған қасиеттерді меңгеру шарт болмақ.

Бүкіл Әлем қазақ жері арқылы рухани бағдар алады.

Аталы жолмызда бүгінде қалам ұстап, қасиет пен аманат жүгін қатар арқалап, артына хат қалдырып жатқандар баршылық. Соның бірі – Тоқберген Кескір ұлы. Аруақ жетегіне ілесе біліп, Алланың берген қасиетін меңгере, қабылетін жетілдіре біліп, тылсым тапсырмасымен 2007 жылдан бері 33 атаулы кітапты хатқа түсірді. Бұл кітаптарда ата-бабаларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр. Жалпы аманат бойынша 49 кітап жазылып, сол кітаптармен тылсымның 1001 есігі ашылады делінген. Басқасы басқа, кітаптар қазақ тілінде жазылып жатыр, басқа тілдерге аударуға нақты рұқсат тылсымнан әлі түскен жоқ…

Бұған дейін арнайы жариялап оқымысты ғалымдарды, тарихшыларды, дінтанушалырды, теологтарды, тілшілерді Еліміздің бағы болып байланып тұрған дүниені зерттеуге арнайы шақырағанымызбен, әзірге қозғала қойған ешкім жоқ. Десек те, құр шөппен ауыз сүртуге болмайды, соңғы уақыттарда біршама жұмыстар атқарылды, ол да халықтың арқасы…

Естеліктерден:

АҚ ҰЛ БАСТАҒАН АР ЖОЛЫ

Естелікті жазған: Гүльмира аққу, Астана қаласы.

1997 жылы ұстазымыз  Ақ Ұл — Қыдырəлі Тарыбаев ағамыздың бастауымен Ата жолы өз ісін бастады. Сөзімді ауыздан ауызға жеткен  аңыз бойынша баяндайын…

Көкте Жаратқан Иеміз жер бетін, адамзатты жоймақшы болып қаһарланғанда, қазақтың Әулиелері тылсымнан шырылдап тілеу тілейді. Әулиелер Алладан жалбарынып тағы да бір рет мүмкіндік беруін, тірілерді иманға келтіріп, ақ жолға салуға мұрсат беруін тілейді. Бес алып əулиелер бастап, қалғандары қоштап, періште анамыз Айша бибі əумин деп, Жаратқан иемізден тілектері қабыл болыпты деседі.

 

Бес алып əулие-аталар: Түктібай ата, Сүйінбай ата, Сарыбай би ата, Жамбыл ата, Қайназар аталар күллі қазақ арасынан Қыдырəлі ағамызды таңдапты. Түсіне еніп, Ақ жолды бастауды бұйырыпты. Ақ Ұл ағамыздың кеңпейілділігі, жомарттығы, аққөңіл, нағыз қазақ нәсіліне тән дархан мінезі барша қазақ баласынан биік тұрса керек. Аруақтың үндеу, бұйрықтарын өзі де бірде түсінсе, бірде түсінбей жүріп, осы ауыр да, қастерлі жолды абыроймен атқарып шықты.

Бір күні Арыстан баба түсіне еніп, басыма жет деп аян береді. Соңынан ерген азғана топпен Алматыдан Түркістанға жетіпті. Арыстан баба кесенесі ішінде құран бағыштап отырса, тобынан бір əйел қатты жөтеліпті. Ақ Ұл ағамыз арқасынан оң қолымен соғып жіберсе, жаңағы əйел өздігінен сөйлей жөнеліпті. Жұрт аң-таң болып түсінбейді. Соңынан зерттей келгенде ол сөздерді Арыстан баба айтқаны белгілі болады.Сол сөзінде  Ақ Ұл ағамызға өсиет айтып, жол көрсетеді, осы ұлық істі бастайтынынан хабар алады. Сондай-ақ, оң алақанында Құдайдың құдіретімен берілген Мөрдің барын біледі. Сол Мөрмен жүректерді ашу керектігі аманатталады.

Сонымен аруақтар Ақ Ұл ағамызға өте көп тапсырма бере бастайды. Ұмыт болған қаншама Әулиелердің жатқан жерін тауып, жарыққа шығарады. Адамзат баласын ойпатты жерлерге зияраттауға шақырады. Қаншама бұлақ көздері ашылады. Қазақ жерінде, қала берді басқа мемлекеттерге шəкірттерін жіберіп қыруар жұмыстар жасалады. Жолында көптеген қиындықтар болады. Бірақ Ұстазымыз оның ешқайсына мəн бермейді.

Ата жолы бара-бара күрделене түседі. Алладан құйылып тұрған нұр таусылады, дұшпан көбейеді. Тақуалық меңгерілмейді, тазалық ұсталынбайды. Осылайша мөр мен қасиеттің қадыры қашады.

Сөйтіп жүргенде 2009 жылы Ақұл ағамыздан айрылып қалдық. Біз жүрегінде мөрі бар шəкірттері шашылып қалдық.Құдайдың қаһарына ұрына жаздадық.

Енді екінші мүмкіндікті Тоқберген ағамыз жалғастырып жатыр. Ағамызға Алла Тағала қуат берсін! Жолы əрдайым ашық болсын! Біз, шəкірттері жүзін жерге қаратпай, Ұстазымыз артқан сенімді ақтап шығайық!

Хан, Батыр, Билерден қолдау сұрап, бір-бір жүйрікке мініп шапқылай түсейік!

Алға Ата жолдықтар!

Бір майданда намысқа тырысып, еңбек етелік! Құдайдың берген мүмкіндігін пайдаланып қалайық!

Қ. Гүлмира.

 

АҚ ҰЛ АТАДАН МӨР АЛҒАНДА

Естелікті жазған: Балия әжеміз, киелі Маңғыстау өңірінен.

Ақ Ұл атадан ашылғанда адамдардың көптігі соншалық аулаға сыймады. Сыртта күтіп тұрған біз біреулердің жылап шығып жатқанын көріп қорықтық. Біреулер егер арқаңнан үш рет ұрса да үн шықпаса мөр берілмейді екен деп жатты. Бір кезде менің де кезегім келді. Ине шаншар жер жоқ. Адамдар үш қатар отыр. Алдыңғы қатарда отырған молданың арқасынан үш рет алақанымен ұрса да бір түрлі дыбыспен ыңыранғандай болып отырды. Бірақ, сөйлемеді. Солай жағалап келе жатты. Жүрегім аузымнан шыға жаздап отырғанмын, кенеттен арқамнан  бір алақанымен ұрғанда, «бісімілла» дедім де тоқтап қалдым. Сосын тағы ұрды. «Ей ұрпақтың баласы!»,- дегенім сол екен, екінші  аққу қыз: «қай ата?» дегенде «Сүйінбай ата» дедім. Маған бара бер деді. Міне, маған шын, басқаға ертегі! Құдайда қазына көп! Бұл да қарапайым қазақ баласына берген Алла Тағаламның мұғжизасы екен. Балия әже.

#atazholy

Жинақтаған: Ерлан М.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *