Қос Емер


Қазақ пен Созақ дүниеге келіп, жеті айға толғаннан кейін Анамыз Ұлсай Емер ұлдарын киелі Айыртау(қазіргі Қазығұрт) тауының баурайына алып келеді. Аттылы кісінің бойындай тастың көлеңкесіне тоқтап, қос егізін емізеді. Бірінші Қазақты емізеді, анасының төсінде сүті асып- тасып атқылайды, баласы тойдым дегендей ембей қояды.
Созақ емгенде аузын алмай тасып тұрған қос емшекті алма кезек еміп тауысады. Сүт шықпаса да еме береді, ақырында емшектен сүт орнына қан шыға бастағанда анасы тартып алады.
Жарықтық Анамыз Көк Тəңіріне бас иіп, тəубе,- деп, Киелі Айыртау(Қазығұрт) тауына қарап былай дейді:
— «Қазағыма қанаты талмас қайрат,
Ырысы таусылмас қанағат беріпсің!
Ал, Созағыма қу жанын ғана аманат беріпсің»- деп, бір күн түнеп келген ізімен кері қайтады. Сол Анамыздың тоқтаған жері қасиетті Айыртау — Қазығұрт тауының бауырын «Қос Емер» — деп атаған.
Созақ Қаһан дүниеден өтіп, артында ұрпақ қалмайды. «Бетпақ», «Созақ»- деген аты өшпей, өзі өмір сүрген далада оның мінез-құлқына лайық, ұмытылмас «Бетпақ Дала» атын қалдырады.
Қазақ өсіп-өніп ұрпақтарын осы қасиетті Қазығұрт тауының айналасына жинайды.

— «Қанаты талғанда қайрат берер
Ақылдан адасқанға жол көрсетер
Аналарыныңның төсіне келгенде
Сəбидей жыламаңдар
Қанағат ақыл — ойдың кемесі.
Ақыл — ойдың кемесін Қазығұрт қана көтерген.
Қарың талар, тұяғың таяр, арнаңа сыймастай сұрамаңдар»- деп аттылы кісінің бойындай қара тасқа ойып жазған екен.
Тағы да:
«Сауыт бұзар — сұр жебе,
Серт деп айтса — оқ тайма»!
Бұл сөздің мағынасы: «Сəби анасының құрсағында 62 тамырынан нəр алып, тоғыз ай, тоғыз күн жатады. Бір күні толғанда алпыс екі тамырын шайқап, бұзып жарып жарық дүниеге келеді.
Табаның жер тіреп таймайтын жасқа келгенде, алдарыңа қойған мақсаттарыңды жетесіне жеткізіп аяқтамай тоқтамаңдар»- дегені екен.

Ақпантай Байғұтов
Асан Тұрабаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *