Құран жайлы ой толғау…
Бисмилла деп қолға алып,
Қасиетті Құран Кәрімді.
Оң жақтан бастап аударып,
Оқуға бекітіп зейінді.
Назар сал жоғарғы жағына
Белгісі Сүре санына
Әрбір бетте белгі бар
Бекіген аят соңында.
Және тұр сандар қосымша
Парасы кітап болуға
Атауы әрбір сүренің,
Мекені ұғым санында.
Ол әрбір Параның
Жалғанған кітап санына.
Отыз пара барлығы,
Қасиетті Ақ Құранда.
Ұрпағым әрбір Параның
Сүрелер мен аят сандары,
Бөлінетін жайы бар
Көрсеткен тылсым қуатын.
Аяттардың бар саны,
Сүренің әрбір шамасы.
Тақуалықпен оқырсың,
Зер салып, бұрып ынтаны.
Зейінің сенің ашылар,
Демінен нұр шашылар.
Қасиетті Ақ Құранның
Киесіне ақыл жолығар.
Көкірек көзің ашылып,
Сан сауалға жауап табылып.
Шешілмей жүрген түйіндер,
Тарқайды тұрған қарсылық.
Бір жылда 12 ай болса,
10-15 қайтара оқуға.
Шыдам, төзім, еңбегің,
Қуатын қосар ақылға.
Хикметін Алла көресің,
Кедергіден талай өтерсің.
Сандық белгі деген не?
Кітабың аян білерсің.
Сен білмейтін есептің,
Кітабын Алла хикметін.
Сұраққа жауап табылар,
Түсініп сөздің құдіретін.
Шексіз деп білерсің,
Алдынан, артынан келетін.
Жазуы Алла таза ақыл,
Уахи боп көктен түсетін.
23 жыл бойы тоқтамай,
Аяттың өлшем сандары.
Ұзын, орташа, қысқа боп,
Сүренің әрбір қуаты.
Адаспай сан қиындықтан,
Тақуалықты ұстансаң.
Жақсылыққа жетелеуші,
Жалғыз кітап- Ақ Құран.
Халифа Алтай атамыз,
Елшіліктен салған із.
Уахимен Құран аударған,
Нығметіне Алла санаңыз.
Аруағына тағзым жасаңыз,
Сәлемді құранмен арнаңыз.
Жібіне Алла жалғантар,
Мирасқа тектен қалған із.
Іздегенің алдыңнан,
Сұрамай ақ табылар.
Екі дүние қызығын,
Көріп өтер жайың бар…
Р. Гүлбақыт Көшербай қызы,
Алматы. 09.11.2019 ж.