Ақ Ұл бастаған ар жолы


1997 жылы ұстазымыз Қыдырəлі (Ақ Ұл) Тарыбаев ағамыздың бастауымен Ата жолы өз ісін бастады. Сөзімді ауыздан ауызға жеткен аңыз бойынша баяндайын.

Көкте Жаратқан Иеміз жер бетін, адамзатты жоймақшы болып қаһарланғанда, қазақтың əулиелері тылсымнан шырылдап тілеу тілейді. Әулиелер Алладан жалбарынып тағы да бір рет мүмкіндік беруін, тірілерді иманға келтіріп, ақ жолға салуға мұрсат беруін тілейді. Бес алып əулиелер бастап, қалғандары қоштап, періште анамыз Айша бибі əумин деп, Жаратқан иемізден тілектері қабыл болыпты деседі.

Бес алып əулие-аталар: Түктібай ата, Сүйінбай ата, Сарыбай би ата, Жамбыл ата, Қайназар аталар күллі қазақ арасынан Қыдырəлі ағамызды таңдапты. Түсіне еніп, Ақ жолды бастауды бұйырыпты. Ақ Ұл ағамыздың кеңпейілділігі, жомарттығы, аққөңіл, нағыз қазақ нәсіліне тән дархан мінезі барша қазақ баласынан биік тұрса керек. Аруақтың үндеу, бұйрықтарын өзі де бірде түсінсе, бірде түсінбей жүріп осы ауыр да қастерлі жолды абыраймен атқарып шықты.

Бір күні Арыстан баба түсіне еніп, басыма жет деп аян береді. Соңынан ерген азғана топпен Алматыдан Түркістанға жетіпті. Арыстан баба кесенесі ішінде құран бағыштап отырса, тобынан бір əйел қатты жөтеліпті. Ақ Ұл ағамыз арқасынан оң қолымен соғып жіберсе, жаңағы əйел өздігінен сөйлей жөнеліпті. Жұрт аң-таң болып түсінбейді. Соңынан зерттей келгенде ол сөздерді Арыстан баба айтқаны белгілі болады.Сол сөзінде Ақ Ұл ағамызға өсиет айтып, жол көрсетеді, осы ұлық істі бастайтынынан хабар алады. Сондай ақ оң алақанында Құдайдың құдіретімен берілген мөрдің барын біледі. Сол мөрмен жүректерді ашу керектігі аманатталады.

Сонымен аруақтар Ақ Ұл ағамызға өте көп тапсырма бере бастайды. Ұмыт болған қаншама əулиелердің жатқан жерін тауып, жарыққа шығарады. Адамзат баласын ойпатты жерлерге зияраттауға шақырады. Қаншама бұлақ көздері ашылады. Қазақ жерінде, қала берді басқа мемлекеттерге шəкірттерін жіберіп қыруар жұмыстар жасалады. Жолында көптеген қиындықтар болады. Бірақ Ұстазымыз оның ешқайсына мəн бермейді.

Ата жолы бара-бара күрделене түседі. Алладан құйылып тұрған нұр таусылады, дұшпан көбейеді. Тақуалық меңгерілмейді, тазалық ұсталынбайды. Осылайша мөр мен қасиеттің қадыры қашады.

Сөйтіп жүргенде 2009 жылы Ақ Ұл ағамыздан айрылып қалдық. Біз жүрегінде мөрі бар шəкірттері шашылып қалдық. Құдайдың қаһарына ұрына жаздадық.

Енді екінші мүмкіндікті Тоқберген ағамыз жалғастырып жатыр. Ағамызға Алла Тағала қуат берсін! Жолы əрдайым ашық болсын! Біз, шəкірттері жүзін жерге қаратпай, Ұстазымыз артқан сенімді ақтап шығайық!

Хан, Батыр, Билерден қолдау сұрап, бір-бір жүйрікке мініп шапқылай түсейік!

Алға Ата жолдықтар!

Бір майданда намысқа тырысып, еңбек етелік! Құдайдың берген мүмкіндігін пайдаланып қалайық!

Қ. Гүлмира.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *