Ата жолы және Уахабизм


Ата жолын қудалау 2006 жылдардан бері белсенді жүргізіліп келеді. Елімізде шет елдермен байланыс орнап, ақпараттық кеңістік кеңейуі себеп болса, екінші жағынан еліміздегі Дін ұстанымы еркіндігі, көптеген жастарымыздың шет елде оқып, білім алуы, олардың салтын бойларына сіңіріп, еліміз әкелуі себеп болды.

Соның бірі, бірегейі, көпшілікке таныс – Уахаббизм. Жалпы Уахабиттер мен Салафиттер Сауд Аравия жерінде 18-ғасырдың аяғында саяси, біріне бірі қарама-қарсы (оппозициялық) ұстанымдарының, діни көзқарастардың ерекшелігі нәтижесінде пайда болған. Негізін қалаушы — Мухаммад ибн Абдул Уаххаб.

Мысалы, «мұсылман бауырлар» сияқты көптеген салафиттер мемлекеттік билік тарапынан қуғын — сүргінге ұшырай бастаған кезде, олардың көпшілігі *ваххабизм-мемлекеттік дін* болып табылатын *Сауд Арабиясына* қашып кетті. Онда олар мемлекеттік діни билік жүйесіне қосылды, бұл исламның осы екі ағымының өзара әрекеттесуіне әкелді.

Уахабизмнің пайда болу себептері мен олардың мақсаттарына келер болсақ, жария болған мақсат және жасырын құпия мақсат болып екіге бөлінеді. Жария жұрт аузындағы мақсаттары – Алланың бірлігіне, серік қосуға жоламауға, бидғат атаулыдан алыс болуға үндейді. Ал шынайы негізгі мақсаттары ол мұсылман үмметінің ішінен ірткі салу, бір-біріне айдап салу, исламның атына кір келтіру, батыстың айтқанына бағындыру, оларға тәуелді ету. Өйткені, әу баста ислам жаулары мұсылмандармен бетпе-бет келіп, соғысуға шамалары келмейтін, талай жорықтарда жеңіліс тапқан болатын.

Бұл жөнінде Интернет парақшаларынан оқып алуға болады.

Біздер, бұған дейінгі жариялаған материалдарымызда Ата жолының тарихына тоқталған болатынбыз. Ата жолының Ұлы дала – Қазақ жерінен басталуы, зерттеу көрсеткендей, сонау 1986 жылдардан басталады. Ата – бабаларымыздың меңгерген ғылымы – Ілім мен Білім ортасымен байланысты екені. Салт-дәстүрдің дінмен байланыса, қабаттаса құбылуынан болған дүние. Тылсым дүниемен, Аруақ ұғымымен тікелей байланысты.

Толық: https://blogs.atazholy.kz/2020/04/14/qudajsyz-quraj-synbajdy/

Ата жолының жер бетіндегі қозғалысы 1995-96 жылдардан бастау алады. Қаншама халық Осы Ата жолының арқасында көптеген жақсылықтарға қол жеткізеді, оңын-соңын таниды. Ата жолының негізгі бағытының бірі Алланың нұры түскен Ойпатты жерлерді зияраттау болғандықтан, шет елде оқып келген және солар арқылы еліміздің ішкі саясатына араласа бастаған Уахабиттік топтарға ұнамады. Олар елімізде кеңінен қанат жая бастайды, әсіресе атақты, ақшасы бар кісілердің санасын улай отырып, билік арасында (әсіресе құқық қорғау) өз адамдарын енгізу арқылы қолдауға ие болады. Қатарына қосылған адамдарды «қолдау» арқылы қатарларын тез көбейтіп отырды. Сонымен 2015-2016жж дейін дәуірлейді, кейіннен олармен күрес басталады.

Осы уақыт аралығында Әлемге таныла бастаған Ата жолына тікелей қарсы шығады, Аруақтар қолдап, қорғап тұрғанымен жаратылыс ғылымынан-ілімнен бейхабар халықтан тұратын Ата жолдықтардың шегінісіне алып келеді. Олар Ата жолын қаралауда аяусыз қаржы жұмсап, ақпараттық шабуылды сәтті жүргізеді. «Шындық пен Сұмдық» деген дискінің тегін таратылуы көпшіліктің есінде болар…

Жер бетінде бүгінгі Ата жолының өркен жаюына себеп болған Ақ Ұл — Қыдырәлі Тарыбаев Момбайұлы 2009 жылы 26 наурыза 48 жасында қаза табады. ?… Сол уақыттарда жоғарылаған «өз адамдары» арқылы Ата жолын қудалап, Заң арқылы «Секта» деп танып, тиым салуға қол жеткізеді.

2007 жылдан бүгінгі күнге дейін тылсым тапсырмасымен 33 кітап хатқа түсірілді. Бұл кітаптарда ата-бабаларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр. Жалпы аманат бойынша 49 кітап жазылып, сол кітаптармен тылсымның 1001 есігі ашылады делінген

Елімізде Уахабиттермен Мемлекеттік деңгейде күресіп, олардың ықпалды күшін азайтқанымен, көпшілігі уланған санадан айыға алмаған. Балағын ұзартып, сақалын алып тастағанымен ол бағытты іштей дұрыс дейдіндер әлі де жетерлік (тек маскасын шешкен).

Ілім арқылы келген және жүргізілген зерттеулерге қарасақ, Уахабиттердің тек қана ақпараттық шабуыл жасап қана қоймай, адамның санасына теріс қуаттарды енгізу (қарапайым тілде айтқанда: дуалау, сиқыр, магия) арқылы әсер етуді кең қолданып отыратыны белгілі болды. Бұл жөнінде аталған кітаптарда баяндалады.

Ерлан М.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *