Албастының пайда болуы және адамға енуі


Бисмилләһи Рахман Рахим

Мыстан бейнесіндегі албасты үнемі аңдып, айналып жүреді. Әркім сөзін аңдушы, мысалы екі адам сөзге келіспей жатса араласа кетеді, жағдайды ушықтырып өрбітуге қуана кіріседі. Бұл жерде пенде өз албастылығы қай деңгейде екендігіне байланысты сырттан енетін албастының қуатын қабылдайды. Неғұрлым қаралығы басым болса соғұрлым сырттан аңдушы оны құтырта алады. Сондықтан әр пенденің рухани деңгейі осылай байқалып көрінеді. Барлық қарғыс, жаман сөз, теріс ақпарат, ұрыс-керіс, жасалған күнә албасты бейнесін алып отырады, бір-біріне қосылып өседі, ұлғаяды, күш алады. Сол үшін жақсы сөз, жақсы іс-әрекет, сауапты амалды көбейту адамдық борышымыз. Жамандықты тарату- албастыға жәрдем беру, көбеюіне ат салысу, Құдайдан алатын несібені үзу, құдай лағнетін жүктеу. Әрбір зікірден алған ақпарат, құран бағыштау, құрбандық, құран оқыту, қайтарымсыз жақсылық т.б. сияқты амалдар сауап дәрежесіне қарай белгілі бір мөлшерде қаралықты, албастыны жойып нейтралдап күшінен айырып отырады. Сол үшін де зікірден ақпарат алушылар көбейсе әркім бірінші өзіне, әулетіне келешегіне жасап жатқан жақсылығы болмақ. Тлектес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *