Қиямет сыны-зікірден хабарлар. 15-17.07.2019ж.


15.07.2019 жыл. Қыспаққа түсіп адасқан халық безірейді, арты рухани төңкереске соқтырады. Аруақтар сапқа тұрды, ел билігінің шығарған заңдары халық наразылығын туғызып, ел басы пендешілікке салынып, өзін хан тағайындағысы келеді.

Ауыз су тапшылығы болады. Күн қаты ысиды. Елден береке кетеді. Дертіне шипа таба алмай халық дағдарысқа түседі. Ел билік ауыл аймаққа көңіл бөліп, бірақ бірлік жоқ жерде тірлік жоқ. Иманы әлсірген халықтан қайырымы жоқ, бергенің берекеті жоғалады. Ел биліктің шығарған үкімдерінде қайырым болмайды.

Бөлінген ақша қаражаттар құмға сіңген судай қайтарымы да болмайды. Халық ұйқысынан мастықтан ояна алмай, тәубеге келмей, арасына шыққан біліктісінің ісі оңға баспайды. Құдайсыз қурай сынбайды, деген қазақ даналығы осылай көрнісін табады.

15.07.2019 жыл. Сапқа тұрған аруақтар қыспаққа алып ұрпақты, жетегіне алады. Жаңа ғасырға жол ашу қазақ жеренен басталады. Қолдауымен аруақтың, қаһарынан Құдайдың ілінбей, қыспаққа түскен пендесі, тәубасына бір келеді. Ашынған халық тығырықтан шығар жол іздеп, имандылыққа жол табады.

Имандылықта үлгі болар топ шығады. Оларды бетке алып, ата салт –дәстүрді қодауымен аруақтың қанатын кеңге жаяр мына жерінде. Ойпатты жерлер ашылар, бас көтеріп әулие-әмбилер жетелер әр елден ұрпағын. Аты шығып қазақтың, әлемге шығар даңқы ата жолының.

16.07.2019 жыл. Қиналған халық, қыспаққа түсіп, ауыз судың тапшы болар күн туар. Адасқан билік жар салып, жарылқаймын дегенмен, сөзінде пәтуа жоқ, ісінде береке көрінбейді әрдайым. Үмітін үзген халық алқан жайып Құдайшылдыққа бет бұрады ата жолына келіп.

Уақыты келіп шынысы толып таситын күні туады түбінде. Арыстан баба ұран тастайды, бүкіл аруақ сапқа тұрып, қарсы шығады қаралыққа. Әйтеке би, Балпық би, Ескелді би қолдауымен қалам ұстаған зиялы қауым оянады. Сасық көкіректен іріңі ағып, сынаққа түсіп, тазаруға таласар.

Жаңа көлік пайда болады, берекетімен халыққа жайлы үнемді отынмен.

Түркістан төрінде жаңа жұлдыз жанады, ақтылық күш алып қаралық күйеді. Халық ортасында қарым-қатанас өзгереді жақсылыққа қарай.

16.07.2019 жыл. Ұшқан желмен, аққан сумен хабары жетер Алланың жабық жүрегімен, жабық көзімен қабылдай алмас пендесі. Хабар келеді, уақыт қасқарады зымырап. Сұрағы бар судың да, сұраусыз нәрсе жоқ. Жауап берер күн туар. Сапқа тұрған аруақ, шайқасып қаралықпен көзін ашып халықтың боғы ағады қаралықтың.

Ертеңгі күнінде тазарынған халық таңғалып; «Қалай соқыр болғанбыз» деп айтады. Уақыт тұрмайды, зымырайды, теріс бата, теріс құран жабалады. Масһабшылар тілі қысқарады, тарихатышылар далада қалады. Ел билігін халық керек етпей қалады.

17.07.2019 жыл. Қазақ жернің байлығына, ауыз ашып, шетелден іріткі салып, араға тыңшы жіберіп араласып, биліктің өз ыңғайларына қарай аусуына кіріседі. Тосқауыл болар, қара күшке, бас көтерген ірі жағалы аруақтар! Аруақ жоқ деме ұрпақ, құдіретке тез көз жеткізер кез келер. Құдіретімен Құдайдың қарауында қолдап тұрған аруақ жеткізер әмірін.

Хикмет толы өзгеріс келер қазақ жеріне. Ойпатты жерден бас көтерер аруақ, табиғат сөйлеп, жер ана сілкініп бір алар. Жын шайтан байланады. Әмірі жүрмей қаралықтың Алла қолы-аруақ билікті қолға ұстап жер бетенде тазару басталды. Айтылған сөз, атылған оқ, ақпарат күшейеді. Мылтықсыз майдан басталды!

(Р.Т)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *