Ата жолы - бабалар салған ізбенен

Ата жолы, ол – ұғым, Алланың құдыретімен, тылсым дүниемен тікелей байланысты, өзіндік тарихы бар дүние, мақсаты - рухани бағыт, бағдар беру. Ата жолы, ол – біздің тарихымыз, жүріп өткен жолымыз, алдағы көретін күніміз, келешегіміз, болашақ ұрпақ тағдыры.

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Кітаптардың алғашқылары (әліппесі) арнайы сайт бетінде жарияланған. Өту үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Ата жолы кітапханасы

АҚЫЛДЫ ӘЙЕЛ — ғибратты әңгіме


Ұзақ жылдар бойына қарамағындағы елін әділеттікпен басқарған патша қайтыс болған соң, патша тағына оның мұрагері баласы отырады. Басына патша тәжін киген жас жігіт бірнеше күннен соң сарайындағы бүкіл уәзірлерін шақырып алып:

-Ертең барлығыңыз да қыздарыңызды менің алдыма алып келесіздер. Мен алдыма келген қыздарға ойымда жүрген үш сұрағымды қоямын. Кімде-кім менің қойған сұрақтарыма дұрыс жауап берсе, мен сол қызды өзіме өмірлік жар етіп аламын, — дейді.

Патшаның аузынан шыққан жарлығы екі болмайды. Ертеңіне әдемі киінген уәзірлердің қыздары патша сарайына түгел жиналады. Көркемдігі бірінен бірі өтетін, қаздай тізіліп тұрған сұлу қыздардың алдына келіп, беттеріне ойлана қараған жас әмірші:

-Менің сіздерге қояр үш сұрағым мынадай: машриқ пен мағрибтің арасы қанша, жер мен көктің арасы қанша, өтірік пен шындықтың арасы қанша? Үш күннің ішінде менің осы сұрақтарыма дұрыс жауап берген қызды мен өзіме некелеп аламын, — деп жарлық шашады. Сарайға жиналған уәзірлердің қыздары жас әміршінің аузынан шыққан бұл сұрақтарға лайықты жауап таппай қиналады. Қыздарына жәрдем бермек болған уәзірлердің өздері де патшаның сұрауларын шеше алмай тығырыққа тіреледі. Уәзірлер мен қыздарының ақылды патшаның қойған сұрақтарына жауап бере алмай қиналып жатқаны туралы хабар ел ішіне желдей есіп кетеді. Бұл хабар сол жақын маңайда қой бағатын шопанның қызының құлағына тигенде:

Толық оқу…