Кенесары, Абылай хандар және Қабанбай батыр қорымдары туралы


Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8,
Министрліктер үйі, 1
5-кіреберіс

Көшірмесі: Tengrinews.kz редакциясына

«Ата-баба жолымен рухани жаңару»
Аумақтық қоғамдық бірлестігінен

БСН 200940038348
atazholy.kz@gmail.com
+7 707 974 0376 ( Айнұр )

Кенесары, Абылай хандар
және Қабанбай батыр қорымдары туралы.

Ұлтымыздың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары мен дүниетанымының қалыптасуында халқымыздың философиялық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің өзіндік орны бар екені белгілі. Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдіреді. Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра түсуде.

Осы орайда, «Ата-баба жолымен рухани жаңару» аумақтық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі — Бірлестік) өз жарғысы шеңберінде ұлттық құндылықтарды зерделеу, зерттеулер жүргізіп, бүгінгі ұрпаққа насихаттаумен айналысып, белсенді жұмыстар атқаруда.

Айтар болсақ, 2019 жылы Абылай Хан және Қабанбай батыр зират орны тылсымның көмегімен анықталды. Абылай Хан қорымында жерленген 17 сарбаздың және Қабанбай батыр қорымында жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды. Абылай Хан қорымы: Ақкөл ауданы, Радовка ауылының сыртында, 1,5-2 шақырым қашықтықта орналасқан, Қабанбай батыр қорымы: ШҚО, Үржар ауданы, таудың бөктері «Сары бел»- деген жерден табылып отыр. Екі қорымға да белсенді ел азаматтары атсалысып белгі қойылған.

Ұлы батыр, қолбасшы, хан бабаларымыздың зиратының дер кезінде табылуы еліміздегі билік транформациясының оңтайлы өтуіне қолдауын тигізді. Бабалар аруағының соңынан ерген жауынгерлер аруақтары сапқа тұрып, халықтың толқуын басып, арам пиғылдылардың әрекетіне тосқауыл болды, қолдауын салды.

Осы орайда, Абылай хан бабамыздың жерленген жерінен мынадай белгі, мұрағат табылады, -деген хабар-уахи түскен;

Шашақты найза, дуылға,
Аң терісі байланған,
Қара балақ майланған
Көкті жарған шашақты
Қара қылды қақ жарған
Қараның қаны Абылайхан!

Сонымен қатар, даулы, соңғы кездері қайта көтеріле бастаған Кенесары хан бабамыздың да деректері зерттеу нәтижесінде біздерге белгілі болып отыр. Тылсымнан жеткен хабар-уахи бойынша Қырғыз манаптары басын кеспей, жаназасын шығарып, 11-уәзірмен бірге (Қырғыз жерінде) жерленген екен. Басынан табылатын белгі, мұрағаттар:

  1. Жеті жарғы кітабы
  2. Өсиет сөздері
  3. Алтын таяқ
  4. Қырық буын жіп
  5. Алтын белдік
  6. 7-тостаған бар.

Және айтылмаған бір қазына бар! Барлығы жеті нәрсе (зат).

Айтылғандарды негізге алып, Бірлестік мүшелері мемлекет тарапынан тиісті зерттеулер жүргіземіз деген ниет болса өз көмегін көрсетуге әзір екенін хабарлайды. Мемлекеттік органның бұл сұраққа қатысты ұстанымынан біздерді хабардар етуіңізді сұраймыз.

Бірлестік төрағасы Т. Байтасов

2023 жылғы 27 шілде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *