Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелеріне


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Ішкі саясат және Стратегиялық жоспарлау бөлімдеріне

«Ата-баба жолымен рухани жаңару» Аумақтық қоғамдық бірлестігінен

Учитывая особенность казахского языка
данный текст не подлежит машинному переводу.

Так же, тем, кто не полностью владеет языком,
это будет сложно восприниматься.

Ұлтымыздың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары мен дүниетанымының қалыптасуында халқымыздың философиялық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің өзіндік орны бар екені белгілі. Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдіреді. Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра түсуде.

Осы орайда, «Ата-баба жолымен рухани жаңару» аумақтық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі — Бірлестік) өз жарғысы шеңберінде ұлттық құндылықтарды зерделеу, зерттеулер жүргізіп, бүгінгі ұрпаққа насихаттаумен айналысып, белсенді жұмыстар атқарып келеді.

Айтар болсақ, 2019 жылы Абылай Хан және Қабанбай батыр зират орны тылсымның көмегімен анықталды. Абылай Хан қорымында жерленген 17 сарбаздың және Қабанбай батыр қорымында жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды (тізімі қоса беріледі). Абылай Хан қорымы: Ақкөл ауданы, Радовка ауылының сыртында, 1,5-2 шақырым қашықтықта орналасқан, Қабанбай батыр қорымы: ШҚО, Үржар ауданы, таудың бөктері «Сары бел» деген жерден табылып отыр. Екі қорымға да белсенді ел азаматтары атсалысып белгі қойылған.

Ұлы батыр, қолбасшы, хан бабаларымыздың зиратының дер кезінде табылуы еліміздегі билік транформациясының оңтайлы өтуіне қолдауын тигізді. Бабалар аруағының соңынан ерген жауынгерлер аруақтары сапқа тұрып, халықтың толқуын басып, арам пиғылдылардың әрекетіне тосқауыл болды, қолдауын салды.

Сонымен қатар, осы жылдар аралығында Бірлестік мүшелері болып қаншама зерттеулер, тәжірибелер жүргізілді. Нәтижесінде 33 атаулы кітапқа арқау болатын зерттеу мақалалар жиынтығы жазылды. Бұл кітаптарда ата-бабаларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалды. Математикалық, астраномиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, өзге ғаламшарлықтармен байланыс, байланысу порталдарының орны туралы, т.б. бүгінгі ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр. Бұл мақаларды қағазға түсірген – Тоқберген Байтасов. Тылсымнан алынған ақпараттар Youtube желісіндегі арнайы арналарда жариялануда.

Ескерту: бұл кітаптар (ақпараттар) ашық жарияланымда болғанымен, белгілі бір үндік жилікте жазылғандықтан кез-келген көк аттыға түсінікті болмауы мүмкін.

Бұдан бөлек, Отырар кітапханасының орны Аруақтардың көрсетуімен біздерге белгілі. «Уақыты келгенде Отырар кітапханасының орнын Елбасына (елбасшысына) көрсетесің», -деген тылсымның аманаты да бар. Ол жерде бүкіл әлемді аузына қаратарлық құнды деректер, алдыңғы өркениеттен қалған ақпараттар жасырылған екен.

Бұл жөнінде 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының атына хат жолданып, Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен құзыретті органдардан жауап алынды. Олардың жауабы да жалпылама болып (отписка), халықтың жағдайына аса бас қатырмайтынын көрсетті. Бірақ «Рухани жаңғыру» бағытында қыруар қаржы бөлініп, игеріліп жатыр.

Десек те, өзіңізге белгілі, еліміздің ұстанған ашық саясаты нәтижесінде елімізге көптеген діни «ағымдар» (идеологиялардың) енгені, соның бірі «уахаббизм» – күш алып қанат жаюуы 2005-2006жж кез келіп, аталы жолымыздағы ұлттық, тарихи құндылықтарымыз бен мұраларымызды жоққа шығаруға барынша қызмет атқарды. Олардың қарқыны 2015ж. дейін жалғасып, қарулы қақтығыс нәтижесінде ғана мемлекеттік деңгейде назар аударылып, олармен күрес жүргізе бастағанымен, кешегі өткен «Қаңтар оқиғасы» бұл ағымның мемлекеттік деңгейде қызмет атқарып отырған шенділер мен шекпенділердің санасын улап, олардың белсенді қолдағанын көрсетті.

Олар дәуірлеп тұрған уақытта мүмкіндігінше «Ата жолына» барынша қара жағып, қудалады, елімізде тиым салынған «секта» деген тіркесті қосып үлгерді. Республикалық деңгейде болмаса да, қозғалған қылмыстық істерді бұрмалап, оларды халықты рухани ояту, жетілдіру мақсатында жұмыс істеген Ата жолдықтарға қарсы қолданды. Өздеріне ыңғайлы Заң жазды. Ата жолдықтарды қудалау басталғаннан кейін «Ата-бабаларымыз адасқан екен»,- деген «Уахаббизм» идеологиясын жақтаушылар саны бірден артты.

Бүгінгі күні «жыланды үш кессең де кесірткелік қауқары бар» дегендей елімізде «уахаббизм» идеологиясымен күрес қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамай, астыртын қолдау білдіретіндердің саны азаймай тұр. Олар, еліміздегі Дін саласын басқаратын (қызмет істейтін) немесе сонымен байланысы бар адамдар арасында жеткілікті. Халқымыздың рухани жаңғыруына олар өте үлкен кедергілер келтіруде.

Бұл жөнінде тылсым төрінен келіп жеткен ақпараттарды зерделейтін болсақ, елімізде аталған идеологияны таратқаны үшін шетелден астыртын қаржы алып отыратын дін саласына жақын жүрген сыбайласқан топтардың бар екені айтылады. Бұл идеологияның тарату үшін «нейролингвистикалық бағдарламалау», басқа да адам санасына әсер ететін түрлі тәсілдерді қолданылатынын ұмытпаған жөн.

Ашық деректерде «Уахаббизмнің» мақсаты — жария болған және жасырын құпия мақсат болып екіге бөлінетіні, жария жұрт аузындағы мақсаттары – Алланың бірлігіне, серік қосуға жоламауға, бидғат атаулыдан алыс болуға үндейтіні, ал шынайы негізгі мақсаттары, ол — мұсылман үмметінің ішінен ірткі салу, бір-біріне айдап салу, ел тыныштығын бұзу, экономикалық шығын, тұрақсыздық әкелу екені айтылады.

Дегенмен, қанша жерден «Уахаббизм» идеологиясы билікті шарпып алды десек те, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарыққа шығуы, Қазақ хандығының
550 жылдығы, Ұлытау даласында өткізген жүздесулері, берген сұқбаттары Ата жолын тікелей (мүмкін астыртын) қолдауы болып табылады.

Қазіргі уақытта қалың бұқара да «ақ» пен «қараны» айырып, Ата-бабаларымыздің меңгерген ілім-білімінің маңыздылығына ден қоя бастады. Халық рухани ізденіске кірісті. Ұлттық идеологияны қалыптастырып, әлемде Қазақ халқының өз орнын алатын уақыты туындады. Ұлттық идеологияның негізі осы «Ата жолымен» қаланған, бүгінде эвалюциялық даму процесінің 2-ші кезеңін өткеруде.

Ұлы далада өмір сүрген бабаларымыз жаратылыс сырын әу бастан меңгеріп, бүгінгі күнге дейін өмірлік тәжірбиесін жинақтай дәстүр етіп қалыптастырған.
Дін ұғымы қалыптаспай тұрып табиғатпен сырласа, басқара білген. Дін қазақ салт-дәстүрінің бір бөлшегіне айналған.

Атап өткендей, «Ата жолы» деген атпен танымал «дүние» туралы
өз зерттеулерімізді сіздермен бөлісеміз. Өз кезігінде ұлттық қауіпсіздік, ұлттың болашағы үшін орны орасан. Бұл «дүние» мемлекеттік деңгейде зерттеуді, зерделеуді қажет етеді.

Осы хатта айтылатын мәліметтерді еліміздің Басқару аппаратына арнайы жолдап отырмыз. Бұл хатқа жылдам жауап беруді көздемей, бұл жалғанда бәрі жалған екенін саналы түрде қабылдап, қолдағы бар мүмкіншілікті (билікті) пайдаланып, тектілікті таныта отырып, халқымыздың рухани санасының жетілуіне әсер ететін, қоғамдық психологияның, бүгінгі күні аса қажет болып отырған Ұлттық идеологияны қалыптастыру бағытында нақты шаралар жоспарын жасауды ұсынамыз. Бірлестік
өз ұсынысын алдағы уақыттарда жолдайтын болады.

2021 жылы жолданған хат негізінде Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен құзыретті органдардан тек қана «Отписка» алғанымызды атап өтеміз.

Әлем ғалымдары галактиканы, космос әлемін ғасырлар бойы зерттеп келеді. Басқа уақыт кеңістігіне жорықтар жасау, табиғат құбылыстарын басқару мүмкіндіктерін зерттеуде, іздестіруде. Адам санасынан тыс құпия ілімді зерттейтін түрлі сала мамандары пайда болуда. Оның ішінде Эзотеризм кеңінен таралуда, регрессивті гипноз әдісін қолданушылар, олардың байланысқан «объектілермен» сұқбаттар желіде көптеп кездеседі. Осы бағытқа соңғы жылдарда әлем халықтарының назары күрт ауғаны айтылып та, жазылып та жатыр.

Қазақ даласында табиғат құбылыстарын басқара білген, суды тоқтатып, өртті бір дұғамен өшірген ерекше қасиетті бабаларымыз/аналарымыз болған. Дәстүрлі мединицина дамымай тұрып-ақ түрлі аурулармен күресе білген. Табиғаттың тосын құбылыстарын «тасаттық» рәсімі арқылы алдын алып, бетін қайтара білген. Қазіргі уақытта ғылым мен техника қанша дамыды десек те табиғат құбылыстарына қарсы тұру мүмкін емес екенін уақыт көрсетіп отыр.

Алдағы уақыттарда қазақ даласында күрделі табиғи апаттардың орын алатын қаупі бар. Мезгілсіз өлім-жітімнің, аурулардың көбеюі, оқыс оқиғалардың көбейіп, экономикалық шиеліністердің орын алатыны да ескертілуде. Мұндай жайттардың алдын алу мақсатында халықтың рухани ой-санасын жетілдіріп, Европаға еліктеп тағдырынан ажыраған халқымызды қазақылығына қайтару мәселесін күн тәртібіне қою керек. Қазақ руханияты Әлем халықтарына үлгі болатын кезі келді.

Осы орайда ата-бабаларымыздың жолы, тәжірибесі, ғылымы маңызды болмақ. Өкінішке орай тарихи жылдардан көптеген жазбаша деректері, зерттеулері біздің заманымызға жетпеген. Бірақ тылсымнан келіп соны көрсетіп, білдіріп жатқан жайы бар.

Ол елімізде «Ата жолы» деген атпен белгілі болып, өте үлкен ғылыми маңызы болса да зерттеліп, халқымыздың рухани қуатын арттырып, ұлттық тәрбие мен ұрпақ сапасының артуына, еліміздің өсіп, өркен жаюуына пайдаланылмай, әлем көшінен кеш қалуы өте өкінішті. Еліміздегі туризмнің дамуына үлес қосып, экономикалық
әл-ауқатының жақсаруына да қызмет етер еді. Керісінше «уахаббизм» идеологиясын насихаттаушылар тарапынан кедергілер көптеп келтірілуде.

Біздердің өз тәжірибеміз бен зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай бұл «дүние» өз бастауын сонау 1986 жылдан алады да, белгілі бір эвалюциялық даму кезеңдерінен өтіп келеді. Тылсым дүниемен, Аруақ дүниесімен тікелей байланысты, рухани әлеммен, тарихи құндылықтармен негізделген, адамзат санасынан тыс ғылыми әлем. Осындай адамзат санасынан тыс жайттардың орын алып, әлем назарын аударатыны жайында ғасырлар бұрын өмір сүрген әлемге танымал көріпкел, философтардың шығармаларында айтылады. Әлем зерттеп, оның сырын әлі аша алмай осы күнге дейін күтіп келеді. Аталған «дүние» Ұлы қазақ даласында орын алады да, өткен уақыт аралығында қазақ тілінің ерекшелігінің арқасында әлем назарын аудара қоймайды. Бұл уақытша.

Бұл «дүниенің» Қазақ даласында орын алуы, тылсымнан жеткен ақпараттарға сүйенсек, ол былай: Адамзат баласының эвалюциялық даму кезеңдерінде біздің санамыздан тыс әлемнен (Алла ұғымы) адамзат үшін қажетті білім шекарасы белгілі бір уақыт жилігінде кезең-кезеңімен кеңейтіліп отырылады екен. Ол үшін Алла тарапынан түскен 4 кітапты негізге алады да, сол кезеңдерде ерекше қабілетке ие тұлғалар дүниеге келіп (жерге жіберіліп) ол білімнің тарауына, жариялануына үлес қосады. Адам(зат) жаратылысының (ми жұмысының) ерекшелігіне сай әрбір ұғым зат есіммен бейнеленеді, мысалы, дін, жол және т.б. Демек, «Дін» түсінгі – ғылымдардың ғылымы болып табылады да, адам(зат) тағдырымен тікелей байланысты болып, оның жер бетіндегі өмірі – Діннен тұратыны айтылады. Қазіргі уақытта әлемдік ақапараттық жүйенің қалыптасуы, технологияның дамыған уақытында бұл тақырыпта бүкіл әлем халқы сөз қозғап, өз ойларын ортаға салып жатқанын аңғаруға болады.

Бізге жеткен деректер бойынша, бұл жайттың орын алуы Алланың жоспарында ежелден болған, бірақ жер шарының уақыт жилігімен осы заманға, біздің дәуірімізге сәйкес келеді. Біздің санамыздан тыс әлемде осы сұрақ «күн тәртібіне» қойылғанда Қазақтың өз заманында өмір сүрген 5 қариясы (бес ата) – Түктібай ата, Сүйінбай ата, Сарыбай ата, Жамбыл ата және Қайназар ата аруақтары өз ұсынысын Алланың алдына тосып, Қазақ даласынан, өз ұрпақтарынан бастау керек екені айтылып, Алладан қолдау тауып рұқсат берілген деседі. Ей, ұрпақ!!! Есіңді жый!!! Өмірдің басы өлімнен бастау алады, — деген ұранмен өз ұрпақтарын жеттекке ала бастайды. Әр ұрпақты бір жетелеп алға сүйрегенімен бәрі бірдей үміттерін ақтай бермейді. Бұған жаратылыстың «жұптылық» заңы да өз әсерін тигізеді.

Қазақ халқының таңдалып алынуына екінші бір себеп, халқымыздың болмысының (генетикалық кодының) ерекшелігі, тікелей аманат арқалаған Адам атаның ұрпағы екенінде. Және олардың салт-санасының «дін»- мен біте қайнасып кетуінде, даму тарихында қилы-қилы ауыр кезеңдерден, тағдырлық сынақтардан өткен – тәжірибелі ұлт екенінде.

Сонымен, Алладан рұқсат алған бес ата, төрешісі Айша бибі ана болып тағдыры ерекше жан Қыдырәлі Тарыбаев Момбай ұлын таңдап алады да, жетелейді. Содан Ата жолының жер бетіндегі «тарихы» өз бастауын 1995-96 жылдардан бастау алады.
Ақ Ұл атауы осы жылдарда Аруақтармен беріледі.

Ол кісінің қолында ерекше белгі – «Мөр» болады, сол қолымен жүрек тұсына соғу арқылы адамның жүрегін белгілі бір жиліктегі дыбыс толқынын (сигналды) қабылдайтындай етіп «калибровка» жасалады. (Дыбыс толқыны ғаламнан (космос) келіп жермен шағылыса отырып, оң аяқ, бауыр тұстарынан өте жүрекке жетеді, жүрек, тіл және ми жұмыстарының бір ритмге келуі арқылы дыбысқа трансформацияланады) «Мөр» алған жандарды Аққу, Сұңқар аталуы тылсымнан бекітеледі. Бұған негіз осы бір тылсым сырдың «Құс жолы»-мен байланысында болып, өткен замана белгілерінің, Пайғамбарлар заманындағы «кітап түсу» кезеңінің қайталана бастауы болып табылады. (діндарлардың айтып жүрген 4 кітабының сол заманда типографиядан шықпағаны бәріне аян).

«Мөр» алған жандар Алланың Аманатын арқалаған болып есептеледі, оларға екі дүниеде де сұрауы бар екені қатаң ескертіледі. Ақталмаған амантқа артында қалар ұрпағы жауапты болады.

Бүгінде «Ата жолы» өзінің эвалюциялық даму процесінің 2-ші кезеңін өткеруде.

Ақпарат үшін жолданды.

 

Қосымша: 2 парақта (ақпарат үшін).

 

Бірлестік төрағасы                                                                         Т. Байтасов

2023 жылғы 15 ақпан

 

Қосымша

Абылай хан баба қорымындағы аруақтар тізімі:

1. Есдәулет-Жалайыр, 33 жаста. Ақын, әрі батыр;

2. Кердері –Әлім, 34 жаста. Суыр салма ақын, шешен, Жалаңтөс ұрпағы;

3. Тінәлі-Арғын, 42 жаста. Палуан;

4. Тораңғыл- Қара Керей, 39 жаста. Қылыштасу шебері. Қара күш иесі;

5. Жақия-Арғын Атығай, 27 жаста. Алысты болжап, көздегенін қалт жібермейтін мерген;

6. Досжан-Керей, 31-жаста. Жетім қалған. Бес өнердің иесі;

7. Қосжан-Тарақты, 31 жаста. Құсбегі, Құмай тазасы болған;

8. Қадиша –Найман, Арғынға келін, 26 жаста. Жүзіктің көзінен өткендей шапшаң қимылдайтын, садақшы;

9. Қамалбек-Керей, 27 жаста. Қажырлы. Ұрыс өнерін жақсы меңгерген;

10. Қазыбек-Қыпшақ, 58 жаста. Дуанбасы ұрпағы, Асау жылқыны үйретуші атбегі;

11. Байғабыл-Қыпшақ, 47 жаста. Зіл ауыр жүктерді көтеруші. Алапат күш иесі, тасты қопару қасиеті болған;

12. Бақыржан-Арғын Бәсетин, 46 жаста. Шешесі қаламақ. Мерген көздегенін қалт жібермеген;

13. Елубай-Шапырашты, 24 жаста. Нағашысы Арғынның қолында өскен Садақшы;

14. Ерсін-Қыпшақ, 14 жаста. Жасынан қасиетімен танылған жарларды емдеп таңу жазатын қасиет иесі;

15. Жарасхан-Арғын, 17 жаста. Білек күші тасыған бозбала;

16. Бердәулет –Арғын, 37 жаста. Жасақшы, барлаушы Құс тілін жетік меңгерген;

17. Гүлбаршын-Қыпшақ, Арғынға келін, 32 жаста. Мейрімді бике. Сынық салған.

Ескерту: келешекте тізім жаңа деректермен толықтырылуы мүмкін.

 

Қабанбай батыр қорымындағы аруақтар тізімі:

1.Ықтасын-Қара Керей. Палуан;

2.Қарғажан-Қаңлы. Бес қару өнер иесі;

3.Зейнел-Арғын. Асқан ақыл иесі. Құс тілін меңгерген;

4.Төбе (Шірікбай)-Арғын. Зіл қара жүк көтеруші. Бес таңба кітабын меңгерген шежіреші;

5.Қалижан-Қоңырат. Тектұрмас атамен туысқан. Білекті батыр;

6.Қырмызы-Адай қызы. Ат бегілік қасиет пен ою-өрнек шебері, инесі қолынан түспеген;

7.Өкіл-Арғын Бәсетин. Таңбаны оқушы. Жаурыншы көріпкел, сынықшы. Қара күш жындарды байлаған бақсы;

8.Торғайбек-Найман. Үкілі Ыбыраймен туысқан, домбырашы. Сөзге шешен, ділмар;

9.Сарқыт-Ескелді бимен туысқан. Мерген ат үстінен түспеген;

10.Өсержан-Қара Керей. Қабанбай батырмен аталас. Қылыш, найза, шоқпардың шебері;

11.Бейімбет-Кіші жүз Байұлы. Көз қырағылы шолғыншы, із кесуші, жеңінен кездігін тастамаған;

12.Пірназар-Дулат. Дәлет иесі. Қызыр қонған. Жаурыны жерге тимеген палуан;

13.Шілік-Сунақ. Апайтөс, бір түйені көтеріп кететін күш иесі;

14.Тоқтасын-Найман, Қара Керей. Әскери соғыс өнерінің шебері, айла тәсілі мол. Қырағы көз. Оң жұдырғы үлкен, зілді жұдырықты;

15.Құрал-Қырғыз руынан. Жүніс пайғамбарлық қасиетті. Тылсымнан хабар, шындық келтіруші;

16.Дәмежан-Қыпшақтың батыр қызы. Күш қайраты еркектерден кем түспеген жігіттерді алып соққан палуан;

17.Жаңбыршы-Найман, Қара Керей. Аттарды емдеген шипагер. Жара таңып тез сауықтыра білген;

18.Тілеген-Арғын. Киесі киік әулиелігі болған. Домбырашы;

19.Арқауат-Тобықты. Соғыс өнернің шебері. Арқасының түгі болған;

20.Бөде-Найман. Суырып салма ақын, Құмай тазыларды баптаған. Тау тастан жол тапқан ізкесуші;

21.Шынқуат-Қыпшақ.Оң-солды қаруды пайдаланауды жетік меңгерген. Бір көзінде ағы, тебілі болған;

22.Шаймерден-Арғын.Көкжал қасқыр киесі. Айтқаны дәл келетін, дуалы ауыз қасиеті бар. Құпия сырларды танушы;

23.Үкібай-Ақтөбелік Дербісалы әулиемен туыстас. Білекті батыр, Жас бозбала 15 жаста;

24.Таскескен-Арғын Атығай.Сөзге шебер шешен. Қылыштасу өнерін жетік меңгерген;

25.Дүрия-Жалайыр. Үкілі қыз. Түс жорушы. Ат үстінде қаруды жетік меңгерген;

26.Ерназар-Шапырашты.Жас жігіт. Палуан қару өнерінің шебері. Қылыштасуды жетік меңгерген;

27.Жәпек-Кіші жүз батыры (Күнгей) Жаурыны қақпақтай. Жұдырғы тигенді оңдырмаған;

28.Бибіжар-Найман. Жез таңдай әнші. Добырашы. Садақшы болған;

29.Себелек-Уақ. Соғыс өнерімен айла тәсілдерін жетік меңгерген;

30.Тұмар-Арғын. Садақшы. Бұғалық тастаудың шебері. Жауын арттан келіп аттан түсіріп отырған;

31.Марғұлан-Арғын.Қылыштасу, найзаласу шебері;

32.Тоқсаба батыр- Қабанбай батыр ұрпағы Қызай тегінен кейіннен жерленген.

 

Ескерту: келешекте тізім жаңа деректермен толықтырылуы мүмкін.

Пікірлер: 2

  1. Ассалаумағалейкум бұл бір керемет екен АЛЛАТАҒАЛАНЫҢ КЕРЕМЕТІ өмірде небір марғасқа ерекше жандар қасиет иесі АЛЛАНЫҢ таза құлдары мен өз ойымды ауызбен айтып жеткізе алмай отырмын қатты риза болып отырмын Байғабыл балуанды аздап естігенім бар ол кісімен ешкім белдесуге түскісі келмеген орасан күштің иесі болған.Батыр бабалар, балуандар, билер шешендік сөздер қорын оқуды жақсы көретін едім.Қатты таң қалып отырмын Тоқберген Байтасов ағаның жазған зерттеулерін оқығасын.Кешірерсіздер аздап өзімнің әкем жайлы айтып өтсем адам қараған емші болды жасы алпыс па әлде алпыс бірде ме екен бір қолында дөңгелек мөр пайда болды.Әжемнен өзінің шешесі нен бата алған емшілік қасиеті болды есімі Әлтай деген кісі қазір өмірден озып кетті2010 да қаитыс болды.Мен Ақтөбе облысынан боламын.

  2. Құрметті АТА-ЖОЛДЫҚТАР, ЕҢБЕКТЕРІҢІЗДІ АЛЛА қолдап өрге баса берсін! ОСЫ жасап жатқан ЕҢБЕКТЕРІҢІЗДІ ПРЕЗИДЕНТІМІЗГЕ ЖЕТІП СІЗДЕРДІ қорғасын , ҚОЛДАСЫН!Елімізге , халқымызға , жерімізге үлкен жұмыс жасап жатырсыздар деп білемін! Орталарыңыз сағат сайын толыға берсін! Сіздерге КӨП АЛҒЫС АЙТАМЫН! РАХМЕЕТ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *